Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бөкейордасы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Орындаған: Мусагалиева Б. И
Байғуатова Ж. М.
Сайқын 2018ж
Сайыстың тақырбы: « Ақпараттанған әлем »
Сайыстың мақсаты:
Білімділігі: Студенттердің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру,
арқылы ізденпаздыққа, тапқырлыққа, топтық жұмыс, істеуге өз ойын
ашық айтуға және мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Студентерді ұқыптылыққа, ұжымдасып жұмыс жасай білуге баулу
Дамытушылы: Студенттердің компьютерлік сауаттылығын арттыру, ойлау
қабілеттерін, шыңдау, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Сайыстың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, топшамалар,
Ұйымдастыру бөлімі:
Сайыстың барысы
1- Жүргізуші : -Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған құрметті көрермендер.
2- Жүргізуші : - Армысыңдар сайысқа қатысушы студенттер
1-Жүргізуші: - Бүгін біздің « Ақпараттанған әлем » сайыс атты кешімізді ашық
деп жариялаймыз.
1 - жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, студенттер, көрермендер және сайысқа қатысушы сайыскерлер, сіздермен бірлесе отырып, сайысқа қатысушы таланты да дарынды студенттерімізді ортаға шақырайық
1.2 курс Аспазшы тобының студенті
2. 2.курс Аспазшы тобының студенті
3.2 курс Аспазшы тобының студенті
4.3 курс ЭЕМ тобының студенті
5.3 курс ЭЕМ тобының студенті
6.3 курс ЭЕМ тобының студенті
- Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Сайыстың кезеңдері: 6 - турдан тұрады.
1. « Таныстыру» (топтың аты, топтың ұранымен таныстыру)
2. «Қатені анықтау» (диктант жазу)
3. «Адасқан әріптер » (Ауысып кеткен әріптен сөз құрау)
4. «Мақал – сөз мәйегі » (бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған
мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, яғни мақалын айту)
5. « Кім жылдам » (Таңдалған әріп бойынша сөз құрастыру 6. «Түсін мені» (Бір сөзді таңдап мимика арқылы қарсыластарына түсіндіру)
Жеребе анықтау - Топтардың кім бірінші екеніні анықтау үшін сіздер 1 және 2 санын суыру арқылы анықтау.
- Топ басшысы жеребе арқылы кім бірінші екенін анықтайды.
1.Cайысымыздың 1 туры «Таныстыру».
- Ендеше Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді - дей отырып, таныстыруға береміз. Мұнда әр топ өздерін таныстырады.
1. топ Компьютер тобы
1.Сәлемдесу:
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз, компьютерсіз түсіну
Есебіңіз, программаңыз дүние кілті әліде.
2.Топтың аты: Компьютер
3.Топтың ұраны: Компьютер - сенің көмекшің,
Қаламың, әрі қағазың!
Ақпараттану күнбе – күн
Өрге басып келеді
Таппай іздеп жүргенін
Компьютерге енеді
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
2. топ Интернет тобы.
1. Сәлемдесу: Интернет әлімі
Неткен ғажап әсерлі
Шыққан сонау ертеден
Әр қилы интернет өнері.
2.Топтың аты: Интернет
3.Топтың ұран: Интернет – бүкіл әлемдік өрмек
Интернет арқылы берілген ақпарат бір компьютерден екінші компьютерге ең қысқа жолмен өтеді. Интернеттің арқасында біз санаулы секундарда ең алыс нүктелерге хат жібере аламыз. Қазақстанда болсақ та АҚШ- пен Германиямен және де басқа елдермен сөйлесуге болады.
Информатика
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Қатені анықтау
Бір студент компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, неше қате жібергенін анықтаңдар
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді (жүйелік блок) іске қосамын. Тышқанмен (пернетақта) әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді (Point ) пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті (сканерді) қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге (принтер) қағаз саламын. Принтер (калонка) арқылы әндерді тыңда, калонкаға (принтерге) құжаттарымды сақтаймын.
Жауабы: 7 қате
Қатені анықтау
Менің түсінігім бойынша операциялық жүйе компьютерлерді сөндіргенде (қосқанда) барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. Windows-ты мен үй (терезе) деп аудардым. UNIX программасы бойынша тек (бірнеше адам) мен өзім ғана жұмыс істеймін. Ал енді күнді (дата) және уақытты (времия) немесе экран бетін өзгертейін десем, қандай батырмалардың көмегі қажетін немесе қандай басқанда жолдары барын білмей отырмын.
Жауабы: 5 қате
2 тур “Адасқан әріптер”
- бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру.
1- топ 2-топ
Нимотор - Монитор Перринт - Принтер Пьюромтек - Компьютер
Красен - Сканер Россецорп - Процессор Штаынк - тышқан
Енрепатқат – Пернетақта Мемдо - Модем Таксиед - Дискета
Лайф - Файл Рокурс - Курсор Атқсуа -Сақтау
Рльоукятакл - Калькулятор Дерайрв - драйвер Терчесвин - вингестер
3 тур “Мақал – сөз мәйегі ”
- бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалды табу.
Информатика Қазақ тілі
1.Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
2.Байт биттен құралады. (Тенге тиыннан құралады)
3.Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім ( Аттың сыры, иесіне мәлім )
4.Веб – дизайыншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан
шығарса)
5.Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды )
6.Білмесен, анықтама – дан сұра (Білмесен білгенен сұра)
7.Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8.Күлсен ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)
9.Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
10.Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
4- тур «Кім жылдам »
- Таңдалған әріп бойынша сөз құрастыру
П - Пернетақта, программа, принтер, процессор, программис, пробел, правка, печать.
М - Монитор, маус, модем, модуль, микрафон, маркер, мәтін, меңзер, маштаб
К - курсор, компьютер, калькулятор, кактус, кодттау, календарь, колонка, кабель, кесте.
Б - бағдар, бума, бит, байт, блокнот, бағыттаушы, басу, батырма.
5- тур «Түсін мені »
- Бір сөзді таңдап мимика арқылы қарсыластарына түсіндіру.
. Пернетақта Принтер Жүйелік блок
Қорытындылау.
Топтарға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықтау үшін. Сөз әділқазыларға беріледі.
Бүгінгі көріп тамашалаған « « Ақпараттанған әлем » » атты кешіміз аяқталды.