Топқа бөлінген оқушылар «бит», «байт» «кило», «мега», «гига», «тера» жұрнақтарының арақатынастарын кесте түрінде жазады. Оқушылар индивидуалды ақпараттың өлшем бірліктерін үлкеннен/кішіге қарай орналастырады. 1 гБ 1 кБ 1025 Б 1 мБ Оқушылар индивидуалды практикалық тапсырманы орындайды: 16,75 байтта қанша бит бар? 173,25 килобайтта қанша бит бар? 6363 гигабайтта қанша терабайт бар? 27,5 гигабайтта қанша мегабайт бар? 568328 байтта қанша мегабайт бар? 4,25 мегабайтта қанша байт бар? Көлемі 232 биттен тұратын хабарламада қанша мегабайт ақпарат бар? Көлемі 256 мегабайттан тұратын хабарламада қанша бит ақпарат бар? Егер оқушылар тапсырманы ерте орындап қойса, мұғалім келесі жаттығуларды береді. Оқушылар http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16305 сілтемесі бойынша өтіп, 1 және 3 жаттығуларды орындайды. Мұғалім тапсырманы тексереді. Үй жұмысы: Кестені толтырыңыз Ақпарат саны | Битте көрінісі | 10 кБ | | 5 мБ | | 20 тБ | | 15 гБ | | |