СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақпараттық технологияларды арнайы пәндерде қолдану

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ақпараттық технологияларды арнайы пәндерде қолдану»

Ақпараттық технологияларды арнайы пәндерде қолдану

Уразгалиева Аягоз Ербулатовна

Абдрахманова Индира Тельмановна

«Жоғары агралық-техникалық колледжі» Орал қаласы


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” барша отандастарымызға арнаған Жолдауында:  Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн, – деп атап көрсеткеніндей, жиырма бірінші ғасырда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру үшін оқыту бағдарламасын сыни ойлау, өз бетімен іздену дағдыларын  дамытуға және қашықтықтан да  білім алуға бағыттау қажет.

Қазіргі заман талабы — оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі — интерактивті техника және технология. Интерактивті техника және технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарды даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттаңдыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Оқытушының цифрлы-креативті құзыреттілігі оқытушының креативті ойлау қабілеті, әдіснамалық рефлексия, жаңалыққа деген талпынысы, инновациялық технологияларды шығармашылықпен пайдалану, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатындағы ұдайы ізденістері, педагогикалық  инновацияларды өз іс-тәжірибесінде жүйелі пайдалану, ақпаратты өз бетінше іздеп, таба алуы; алынған мәліметті өңдей алуы, жинақтауы, сұрыптауы және тағы да басқа шығармашылық іс-әрекеттерінен көрініс табады. Оқытушының креативті құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды арнайы пәндерде қолданудың орны ерекше.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл білім алушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында білім алушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл оқытушыдан шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Ақпараттық технологияны қолдану білім алушының белсенділігін дамытудың негізі. Мен өз іс-тәжірибемде кеңінен қолданылып жүрген әдісіммен бөлісейін.

Plickers — статистикалық  жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және топтың жауабын лезде бағалап беретін қосымша . Біз жарнамалардағы  QR-кодтарды көргенде, ол кодтар нақты бір сайтқа қосымша ақпарат алу үшін сілтеме жасайтынын білеміз. Бірақ, бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы емес. Plickers оқытушының ұялы телефонын немесе планшетын оқушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланады. Әр оқушыда жеке карточка болады. Карточканың төрт қабырғасы жауаптың төрт нұсқасын білдіреді, оларды бұру арқылы білім алушы дұрыс нұсқасын таңдайды. Алдын ала бағдарламаға топтың тізімі ендіріледі, сол арқылы әр білім алушының сұраққа қалай жауап бергенін білуге болады. Plickers қосымшасы арқылы тақырып соңында тест өткізуге  болады. Ол үшін алдын ала топтың тізімі мен тест сұрақтарды енгізіп қою қажет. Білім алушылар карточкаларын дұрыс жауабына бұрып бір уақытта көтереді, ал сіз планшетке немесе ұялы телефонға түсіріп аласыз, бағдарлама жауаптарды сканерлеп, нәтижесін көрсетеді. Plickers-те жауаптарды диаграмма арқылы да көруге болады. Plickers-ты білім алушылардың сабаққа кім қатысып отырғанын білу үшін де қолдануға болады. Бұл бүкіл топты тізім бойынша тексергеннен карточкаларды көтеріп тұрған білім алушылардың суретке түсіріп алған тиімдірек деп ойлаймын. Көбінесе оқытушылар, әсіресе аға буындағы, білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларға әзер дағдыланады. Plickers–тің тиімділігі осында – ол оқу үрдісін өзгертпейді. Ол қосымшаны қолдану үшін компьютерлік аудитория және басқа да техника қажет емес, тек қана оқытушының планшеты керек. Сонымен қатар, білім алушылардың өзіне де қызықты, себебі сабақта ойын элементы пайда болады.

Арнайы пәндерді ақпараттық технологияларды қолдану білім алушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

  2. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы.

  3. Р. Көбенғалиева Білім беруде ақпараттық технологияны насихаттау //Информатика негіздері. - 2012- №5. - Б. 9-10.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!