СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақша қаражаттарының аудиті

Категория: Экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-Тақырып. «Ақша қаражаттарының аудиті»

 

ҚР Ұлттық банкі бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға кызмет көрсететін банктердің мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары Ұлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың кассасында сақталуға тиісті. Яғни, ақша каражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.

Просмотр содержимого документа
«Ақша қаражаттарының аудиті»

9-Тақырып. «Ақша қаражаттарының аудиті»


ҚР Ұлттық банкі бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға кызмет көрсететін банктердің мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары Ұлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың кассасында сақталуға тиісті. Яғни, ақша каражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.

Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін ҚР-ның және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шоттарын анықтауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.

Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.

Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады. Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мынандай іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін:

  • баланстың қөрсеткішінің, Бас кітаптың және есеп регистрларының, машинажазбалардың мәліметтерімен салыстырып тексеруді;

  • ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалык есеп мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;

  • кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;

  • есеп айырысу валюталық шоттардың ашылу тәртіптерінің сақталғандығын тексеруді;

  • банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген операцияларының заңдылығын тексеруді;

  • есеп айырысу тәртібін бұзуға жол бергені үшін қолданылған шараларды тексеруді;

  • шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражаттың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;

  • шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексеруді.

Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілген түгендеу.

Аудитор түгендеудіңматериалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып, тексеру барысында қайталануынбақылауға алады. Түгендеу ақша қаражаттарына және басқа да,бетінде ақшалай бағаланып номиналды құндылығы жазылған құндылықтарға (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдербасқадай ақша құжаттарға, жол жүру билеттеріұшақ билеттері, демалыс үйлеріне және санаторийлеріне жолдама ж.т.б.)жүргізіліп, түгендеу актісінде көрсетілген нақты қолда бар ақша қаражаттарды, құндылықтарды, ақша құжаттарын солтүгендеужүргізілгенкүнібергенесепмәліметтеріменсалыстырылып нәтижесінің шығарылғандығын тексереді. Жол үстіндегі ақша құжаттарын түгендеу жүргізгенде, сол түгендеужүргізген күні жол үстінде екенін растайтын құжаттарының көшірмелерінің тіркелгендігінанықтайды.

Банктердегі есеп айырысу (ағымдағы) валюталық және арнайы шоттардағы ақша құжаттарына жүргізілген түгендеудің банктен алынған көшірмелердегі мәліметтерімен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылғандығын анықтайды. Шаруашылықтың басшысының түгендеудің нәтижесінде жасалған актіні мамандарды қатыстырып талқылап бекіткендігін анықтап, кеткен кемшіліктербойынша қаралған шараларды растайтын хаттамамен танысып, кассалық операциялардың есебін тексерумен ұштастырып жалғастырады. Шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында ақша қаражаттарының ақпараттарын жинақтап, қозғалысын таратып отыру үшін 1000 «Ақша қаражаттары» бөлімшесінің:1010-1090 синтетикалық шоттары қаралған.

 

Кесте-1. Кәсіпорындағы ақша қаражаттары аудитінің негізгі ақпарат көздері

Ақпарат көздері

Қаржылықесеп беру

Есепсаясаты

Бас кітап, бухгалтерлікесепрегистрлері

Есепайырысу-кассалыққызметкөрсетугебанктерменжасалынғанкелісім-шарттар

Банк көшірмелері, төлемтапсырмасы, чек, вексель, талап-төлемтапсырмасы, аккредитив, инкассалықөкім

Касса операцияларынжүргізуЕрежелері

Толықматериалдықжауапкершіліктуралыкелісім-шарт

Бақылаужәнеақшаесептегіштердіңкөрсетулерін (кассалықмашиналардыжөндеугежіберукезінде) шығарыпалутуралы Акт

Пайдаланылмаған касса чектерібойыншасатыпалушыларғаақшасомаларынқайтарутуралы Акт

“Ақшаны түгендеуАктісі”

“Кассалықкірісордері”

“Кассалықшығысордері”

“Кассалықкірісжәнешығысқұжаттарынтіркеу журналы”

“Касса кітабы”

“Кассирдіңқабылдағанжәнебергенақшаларынесепкеалукітабы”

Аванстықесеп, іс-сапарғашыққан жұмыскерлердіесепкеалу журналы

Ақпарат көздері қаржылық қорытынды есеп баптары дұрыстығының белгіленген категориялары бойынша аудиторлық дәлелдеулер алу мақсатында зерттелуге тиісті.

Касса операцияларына аудиторлық тексеруді объектіге қатысты төмендегі реттілікпен жүргізуге болады:

❖ кассаға түгендеу жүргізу және ақша қаражаттарының сақталу жағдайын тексеру;

❖ операциялардың құжаттық рәсімделуінің дұрыстығын тексеру;

❖ ақшаның толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеру;

❖ ақшаның шығысқа есептен шығарылуының (жұмсалуының) дұрыстығына аудиторлық тексеру жүргізу;

❖ операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.

Тексеру жүргізу жоспарын құру кезінде ақша қаражаттарының және кәсіпорын кассасындағы басқа құндылықтардың қозғалысы мен сақталуына ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау керек.

 

Кесте-1. Касса операцияларының аудиті бойынша ішкі бақылау құралдарының тиімділігін сипаттаушы тест сұрақтары

Тест сұрақтарыныңмазмұны

Иә

Жоқ

Ескерту

1.

Кәсіпорында жасалынған және басшылар бекіткен касса операцияларын жүргізу Ережесі бар ма?

 

 

 

2.

Кассирмен жасалынған толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт бар ма?

 

 

 

3.

Касса операцияларын жүргізу Ережелерімен кассир таныстырылғанба?

 

 

 

4.

Кассирлерді ауыстыру кезінде түгендеу жүргізілеме?

 

 

 

5.

Тұрақтыжұмысістейтінтүгендеукомиссиясынтағайындаутуралыкәсіпорынбасшысыныңбұйрығышыққан ба?

 

 

 

6.

Кассаға күтпеген жерден ревизия жиі жургізілеме?

 

 

Тоқсан сайын бір рет

7.

Кассада ақшаның кем шығуы анықталған жағдайда кассирден жазбаша түсініктеме алына ма?

 

 

 

8.

Касса бөлмесі күзеттік сигнал беру жүйесімен жабдықталған ба?

 

 

 

9.

Кәсіпорында қанша бақылау-кассалық машиналар бар?

 

 

Екі бақылау-кассалық машина бар

10.

Бақылау-кассалық машиналар салық органдарында тіркелгенбе?

 

 

 

11.

Кассалық кіріс және шығыс ордерлерін бухгалтер осы мақсаттар үшін пайдаланылатын журналда тіркеп отырама?

 

 

 

12.

Нақты ақшаны алуға арналған чек кітапшасы тиісті орында сақтала ма?

 

 

Бас бухгалтердесақталады

13.

Касса кітабын толтыру оған қойылатын талаптарға сәйкескелеме?

 

 

 

14.

Кәсіпорында ақшаны ұрлау және жұмсап қою жағдайлары болдыма?

 

 

 

15.

Шығыс құжаттарында өшіру іздері немесе түзету жоқ па?

 

 

 

16.

Бухгалтер депонеттелген сомалардың тізімдемесін (реестрін) жасайма?

 

 

Депоненттердіесепкеалу журналы бар

17.

Депонеттелген сома банке өз уақытында өткізілеме?

 

 

 

18.

Айдың аяғында бухгалтер касса кітабындағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп регистрлерімен салыстырама?

 

 

 

19.

Кассирдіңе себі өз уақытында өткізілеме?

 

 

 

20.

Касса құжаттарында реквизиттер дұрыс толтырыла ма?

 

 

 

21.

Кассаға түгендеу жүргізу нәтижелері бухгалтерлік есепте өз уақытында көрсетіле ме?

 

 

 



Бақылау сұрақтары:

  • Ақша қаражаттары дегеніміз не?

  • Ақша қаражаттары тексеру кезінде аудиторлардың алдында тұрған негізгі міндеттер?

  • Ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасы?

  • Кәсіпорындағы ақша қаражаттары аудитінің негізгі ақпарат көздері

  • Касса операцияларының аудиті?

  • Касса операцияларының аудиті тексеру рәсімдері қандай?


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!