Графика және жобалау | Мектеп: №201 Әл Фараби атындағы мектеп-лицей |
Күні: . | Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: |
Бөлім: | Бөлім1: Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру |
Сабақтың тақырыбы: | Аксонометриялық проекциялар |
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 11.2.2.1Тегіс геометриялық денелер мен көлемді бұйымдарды құру тәсілдерін білу және түсіну (аксонометрия) 11.2.2.2 Заттың (дененің) берілген көріністері бойынша, құрылымдау ережелерін білетіндігін көрсете отыра аксонометриялық проекцияны орындау 11.7.1.1Қызық есептер (мысалы: пропедевтикалық, эвристикалық) шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну |
Сабақтың мақсаты: | Геометриялық (айналмалы) денелердің аксонометриялық проекцияларда салыну жолдарын, оларды сызбада дұрыс орналасуын үйрену. |
Құндылықтарды дарыту | Басқалардың көзқарастарын құрметтеу және бағалай білу. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру. «Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Оқушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды. Мыcaлы : Ceн бүгін өтe әдіміcің... Ceн мeйірімдіcің... Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет. | Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген графикалық суреттер |
Ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сұрақтар: Оқушылармен бірге өткен сабақта геометриялық денелердің диметрия мен изометриялық проекциялау жолдарын қарастырған болатынбыз. Бүгінгі сабақта геометриялық денелердің ішіндегі айналмалы денелердің аксонометриялық проекцияларын қарастыратын боламыз. Тапсырма. Берілген өлшемдерге сүйене отырып, аксонометриялық проекцияда салу. Мысалы: d=40мм. h = 70мм. Тапсырманы бағалау критерийлері: Проекциялаудың әдістері мен тәсілдерін біледі. Сызбада бірнеше проекция жазықтығына проекциялауды және қажетті көріністерді анықтай біледі. Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. | Дискриптор Проекциялаудың әдістері мен тәсілдерін біледі. Сызбада бірнеше проекция жазықтығына проекциялауды және қажетті көріністерді анықтай біледі. Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды. | https://www.youtube.com/watch?v=Q1brTpeGkGs шеңберді изометрияда салу жолдары |
Аяқталуы | Кері байланыс Оқушылар рефлекциясы : Мен не білдім ? Не үйрендім ? Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ? | Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | |
|