Просмотр содержимого документа
««АКТ технологияларын МДМ жұмыстарының оқыту және тәрбиелеуде қолдану жүйесі»»
«АКТ технологияларын МДМ жұмыстарының оқыту және тәрбиелеуде қолдану жүйесі»
Педагогтің білім беру жұмысындағы АКТ –ды пайдаланудағы негізгі міндеті: адамды ақпараттық қоғамдағы өмір сүруге бейімдеу болып табылады.
Адам тек қана кәсіби қызметте емес, сонымен бірге күнделікті өмірде пайдаланатын АКТ негізгі құралы болатыны шексіз анық.
АКТ – ол жәй компьютерлер мен оларды бағдарламалық қамтамасыз етуі ғана емес. АКТ- компьютер, интернет, теледидар, видео, DVD, CD, аудио құралдарын пайдалану болып тұспалданады. Яғни коммуникация үшін кең мүмкіндік беретіндердің барлығы, өз жұмысымда келесі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құралдарын пайдаланамын:
•Компьютер
•Мультимедиялық проектор
•Принтер
•Бейнемагнитофон, DVD плейер
•Теледидар
•Магнитофон
•Фотоаппарат
•Бейнекамера (қолымнан түсіріп, оларға бейнероликтер жасаймын)
•Электрондық тақта
Осыған мынадай интерактивті материалдар жатады:
суреттер ; бейнероликтер; бейнефрагмент (фильмнің, ертегілердің, мультфильмдердің; презентациялар) (электрондық кітап, электрондықкөрмелер);
балалар дамытатын компьютерлік ойындар.
Осы мағынада АКТ көмек береді:
Пассивті балалардың көңілін активті белсенді қызметке тартуға;
Білім беру қызметін аса көрнекі және қарқынды жасау;
Ойлағыштық жүйесін жандандыруға ықпал етеді;
Балалардың ақпараттық –мәдениетін қалыптастырады;
Танымдық қызығушылықтарын жандандырады;
Оқытуда жеке бағдарлау және саралау көзқарасын жүзеге асыруға көмек береді;
Сондай-ақ тәрбиешінің өзін жұмысына деген қызығушылығын қалыптастыруға тәртіпке салады;
Интерактивті құрал-жабдықтың кең мүмкіндіктері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қызықты және үдемелі жасауға мүмкіндік береді, әдеттегі ҰОІӘ қызықты және еліктіргіш ойынға айналады. АКТ-ны оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану балалардың әр-түрлі дағдыларын: назары, жадын, сөйлеуін, ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Оның көмегімен баланың зияткерлік зейіндері ғана емес, жігерлі сапасы: жинақылық, топтық, шыдамдылық, орнықтылығы тәрбиеленеді, сондай-ақ батырлардың ойындары қоршаған әлемге оның көзқарасын байытады.
Балабақшада тәрбиелеу білім беру процесінде АКТ-ны еңгізудің көп артықшылықтары бар, соларға тоқталып өтейік:
Оның көмегеімен ақпарат дәстүрлі құралдарды пайдалануға қарағанда тез беріледі (сурет);
Иллюстрациялық материялдар санының артуына байланысты, материялды қабылдауды қамтамасыз етеді;
ҰОІӘ уақыты кезінде түзету жасауға, өзара қызмет кезінде балалардың ортақ жұмысын орындауға, бала-педагог интерактивті өзара байланысын іске асыруға мүмкіндік туғызады;
Егер мультимедиялық презентациялар қолданылатын болса, онда олар материялды қабылдау және есте сақтауынан мүмкіндік туғызатын, көрнекіліктерді қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі жастағы балалардың көрнекі-бейнелі ойлауын есепке алу өте маңызды;
Компьютердің көмегімен күнделікті өмірде көруге немесе сабақта көрсетуге қиын немесе болмайтын өмірлік жағдайлардың үлгісін жасауға болады; (мысалы: көлік жұмысын, жануарлардың дыбысын жаңғырту және т.б.)
Осы мақсатпен мен өз жұмысымда Power point және Prezi технологиясын қолданамын. Prezi технологиясы презентация құруға арналған бағдарлама болып табылады. Бағдарлама қарапайым және түсінікті навигациямен біртұтас үлкен слайд жасауға мүмкіндік береді. Слайдтар әр- түрлі қашықтықта көше алады. Анимациялардың қараңғыдан шығуы слайдтың элементтерін кезек бойынша ашуға көмектеседі, алдымен олар көзден алшақ жасырын. Prezi технологиясының желілік құрылымы жоқ. Барлық презинтацияны бір сурет сияқты ауыстыруға, одан кейін әр элементті детальді қарастыру арқылы көңілін аудару үшін үлкейтуге болады, сол үшін де ыңғайлы. Бұл презентация өзінің ерекше функциясы күшімен ұшатын болып аталады. Осы презентацияның артықшылығы арнайы бағдарламаны жүктеуді қажет етпейді. «Prezi.com» сайтына кіріп және оны интернетте жасау жеткілікті, содан кейін өз компьютеріне жүктеуге болады. Тек қана осы презентацияның бір ғана кемшілігі бар ол орыс тіліндегі нұсқасы жоқ.
Қорытынды:
АКТ пайдалану МДМ (Мектепке дейінгі мекеме) қызметін жаңа сапалы деңгейге шығаруға, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартуға, білім беру үдерісінің қазіргі заманғы мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес тәрбиеленушінің, біліктілігін сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.