СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аквариум ішіндегі балық."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек топ тәрбиеленушілеріне арнлаған технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
«"Аквариум ішіндегі балық."»

Ересек «Көбелек» тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Тақырыбы: Аквариум ішіндегі балық.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Жапсыру.

Мақсаты: Балықтар жайлы түсінік бере отырып, олардың өмірі мен қорегі туралы үйрету. Қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дидактикалық құралдар: суреттер

Билингвальдық компоненті: балық- рыба, өзен-река.


Іс -әрекеті кезені

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

І кезең мотивациялық-қозғаушы

Кәдімгі аквариумды балаларға көрсете отырып, әңгімелесу. Балықтар туралы жұмбақтар жасыру. Балалар біз бүгін аралға саяхатқа шығамыз.Ондағы балық түрлерімен толығырақ танысып қайтамыз.Ол аралдың адамдары сондай мейірімді екен дейді.Келеген қонақтарды үнемі құшақ жая қарсы алады екен. Соынмен қатар бүгін халықаралық құшақтасу күні екен.Сол аралаға барып адамдармен танысып, балық түрлерін зерттеп қайтайық.

Эмоциялық сезім жұмбақтардың шешулерін табады.

Саяхатқа шығуға қызығушылықпен дайындалады.


Балалар жаңа ақпаратты қабылдайды.Құшақтасу күні екенін естеріне сақтайды.

ІІ кезең проблемалық ізденушілік


Балалар қыс мезгілінде балықтар қалай өмір сүретіні жайлы айту. Олар құрғақта өмір сүре алмайды. Үйдегі балықтардың өзен балықтарынан айырмашылықтары, адам өміріне балықтардың пайдасы жайлы айтыптүсіндіру.

Балалар бақылайды,тыңдайды ,сұрақтарға жауап береді.



Жаңа сөздерді еске сақтап, мағынасын түсінеді.



ІІІ Рефлексивтік-түзетуші.


Д/О: «Шортан мен балықтар» ойынын балалармен ойнау. Өздеріне ұнаған түсті қағаздардан балықтың суретін қиып жапсырады.

Балалар өз араларында көрме ұйымдастырады. Жұмыстарды бағалап,мадақтайды.


Күтілетін нәтиже :

Ұғынады: Балықтардың өмірі, құшақтасу күні туарлы

Түсінеді: Адам өміріне балықтардың пайдасы

Қолданады: Жапсыру ережелерін дұрыс қолдану, қайшыны ұстай білу.