СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ақымақ қасқырдың аш қалуы "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: "Ақымақ қасқырдың аш қалуы"  Мақсаты:Балаларға ертегіні тыңдата отырып мазмұнын түсіндіру. Ертегіні тыңдай білуге, өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу. Ертегідегі жағымсыз кейіпкердің бейнесін сурет арқылы көрсете отырып, қасқырды-ақымақ, ал қой, ешкінің үй жануары екенін айтып дүниетанымын кеңейту. Ойын арқылы ойлау, зейінін дамыту. Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.  Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі мазмұнына сай суреттер, мультимедио тақтасы, үнтаспа.   

Просмотр содержимого документа
«"Ақымақ қасқырдың аш қалуы "»



Тақырыбы: "Ақымақ қасқырдың аш қалуы" 
Мақсаты:Балаларға ертегіні тыңдата отырып мазмұнын түсіндіру. Ертегіні тыңдай білуге, өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу. Ертегідегі жағымсыз кейіпкердің бейнесін сурет арқылы көрсете отырып, қасқырды-ақымақ, ал қой, ешкінің үй жануары екенін айтып дүниетанымын кеңейту. Ойын арқылы ойлау, зейінін дамыту. Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі мазмұнына сай суреттер, мультимедио тақтасы, үнтаспа. 
Әдіс -тәсілдер: Д/ойын, топтастыру әдісі,венн диограммасы, жұмбақ, тірек сызба. 
Оқу іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті 
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері. 
Біздің топта ұл-қыздар, 
Тату-тәтті ойнаймыз. 
Әлемдегі бар адамға, 
Тек жақсылық сыйлаймыз. Балалар шеңбер бойымен тұрып барлығына жақсылықтар сыйлайды. 
Ұйымдастырушы- ізденістік -Балалар қазір қандай мезгіл? 
-Қыс деген атайдың неше ұлы бар? 
(Тосын сәт: Топқа Дымбілмес келеді) 
Дымбілмес:- Балалар мен мынадай сандықша тауып алдым ішінде не бар екенің білмеймін. Ашайын десем ашылмайды. 
-Дымбілмес алдымен барлығымен амандасайық. 
-Амандасу... аааа ия Саламатсыздарма! 
-Балалар сандықты ашу үшін біз қыс мезгілі туралы тақтақтар айтуымыз керек. 
Тақпақтар: 
Айым: 
Қыс дегенің аймақ па? 
Қатып жатқан қаймақ па? 
Құлдыраймыз шанамен 
Қыс басынан сай жаққа. 
Нұрайым: 
Шана шаңғы тебетін 
Сырғанақта ойнайтын 
Аққала саған далада 
Қыс мезгілі тамаша. 
-Балалар сандықша ашылды, ішінде керемет суреттер мен тәттілер бар екен. Ендеше қандай суреттер бар екенің табу үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын. 
Жұмбақ: 
Жол бойында жортқан, 
Сыбызғысын тартқан.(қасқыр) 
Кішкене ғана бойы бар, 
Айналдырып киген тоны бар(қой) 
-Балалар қасқыр туралы ертегі тыңдағыларын келеме? 
-Ендеше мені мұқият тыңдандар. 
"Ақымақ қасқыр" ертегісі айтылады. 
Сұрақ-жауап арқылы талқыланады. 
-Ертегі не туралы? 
-Қасқыр нені жемек болды? 
-Қой қасқырдан қалай құтылмақ болады? 
-Қасқыр қой келмеген соң неге бас салады? 
-Қасқырды кім қуады? 
Ойын: "Үй жануары мен жабайы жануарды айыр" 
Сергіту сәті: 
"Көлбең, көлбең, көлеңке" 
Ойын: "Ертегіні жалғастыр..." 
Балалар тірек сызба арқылы ертегіні мазмұндап жалғастырып айтады. 
Венн диограммасы: 
Қасқыр мен қойдың айырмашылықтарын сараптайды. 
-Қыс мезгілі. 
-Үш ұлы бар. 1Желтоқса,2 Қаңтар,3Ақпан. 

Балалар тақпақтар айтады. 

Таңғалады. 

Жұмбақтың шешімін табады. 
-Иә. 
Экранға назар аударады. 
-Қасқыр, қой, ешкі тарулы. 
-өрістін ішінен қозы алып келемін деп құтылады. 

-қойшы. 

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды айырады. 
Сурет арқылы ертегіні жалғастырады. 
-Қасқыр жыртқыш аң, ол үй жануарларын жеуге әуес. -Қой момын үй жануары. т,б. 

Рефлексиялық- түзетушілік "Ақымақ қасқыр" ертегісін конус театыры арқылы айтып беру. 
Балалар ертегіні конус театыры арқылы мазмұндап айтып береді. 
Күтілетін нәтиже: 
Біледі: ертегінің мазмұнын. 
Игереді: Жабайы жануар мен үй жануарларының қылықтарын. 
Меңгереді: Көркем әдеби тілде сөйлеуді.