СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алғыр алтау.кластан тыс сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кластан тыс сабақ .Алғыр алтау. 2-3 кластар аралығында ұйымдастырылған шара

Просмотр содержимого документа
«Алғыр алтау.кластан тыс сабақ»

Кластан тыс: Алғыр алтау

Дайындағандар: Қосаева А,Жәшібай Г,Лаукенова Л

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

 

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі «Алғыр алтау» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!Сайысымызда 2 «А»,2 «Ә», 3 «А»,3 «Ә» кластар аралығында оқушылар қатысады.

Ойынға әр кластан 6 оқушы  қатысады. Ойын ІV айналымнан тұрады.

1. Бәйге

2. Белес

3. Тіл - өнер

4. Көп сөйлеген сөз арзан

 

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Болашақтағы  ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді әділ бағалап отыратын әділқазылармен танысып отырайық:

1.Тәрбие ісінің меңгерушісі:Гүлнар апай

2.Еңбек пәнінің мұғалімі:Жұлдыз апай

3.Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі:Шынар апай



Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Бәйге »

Әр оқушыға  ғылым салалары бойынша  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. 





ІІ айналым «Белес»

Бұл айналымда 5 сұрақ қойылады алдарыңыздағы текшелер қойылған.Соның көк түсі дұрысты ал қызыл түсі бұрысты білдіреді.Осы текше арқылы сұраққа жауап беріп отырасыздар.1 ұпай беріледі.

Осы айналымнан кейін І топпен қоштасамыз



 



ІІІ айналым «Тіл - өнер»

Бұл кезеңде әр түрлі логикалық тапсырмалар беріледі әр топқа екі тапсырма жауабын жылдам табу керек. 

Бқл айналымнан кейін ұпай аз топпен қоштасамыз





 

IV айналымды бастаймыз «Көп сөйлеген сөз арзан»

Бұл айналымда топ басшысы шығып тобына берілген жасырынды сөздерді іс-қимылмен көрсету керек тобы ол не екенін шешу керек.



 

 

Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Алғыр алтау» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.