СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритмді ұсыну тәсілдері

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок - схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру, алгоритм ұғымын тануда білімдерін, ой - өрістерін дамыту, оқушыларды тәрбиелей отырып білім беру.

Просмотр содержимого документа
«Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритмді ұсыну тәсілдері»

Күні:


9 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері.

Алгоритмді ұсыну тәсілдері

Сілтеме

электрондық оқулық, презентация

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок - схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру, алгоритм ұғымын тануда білімдерін, ой - өрістерін дамыту, оқушыларды тәрбиелей отырып білім беру.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар алгоритм типтерін біледі және блок - схема құра отырып, есептер шығарады. Алгоритмді жазу формасын, алгоритмді блок-схема түрінде жаза алады.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», «Мағынаны тану», «Топтастыру»

Жалпы

Білу

Үй тапсырмасы.

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Талдау

Практикалық жұмыс

Жинақтау

Корытынды

Бағалау

Топ басшысы бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут

Психологиялық дайындық





2 минут



7 минут






















12 минут
























































2 минут



5 минут




5 минут











3 минут










5 минут

1 минут

Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)

Оқушыларды сызықтық, тармақталған, циклдік деп кеспе қағаздарға жазып таңдау арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

«Білу»

1.Сабаққа келу реттілін сұрау.

2. Бір күн тәртібі

«Түсіну»

Мағынаны тану ( электрондық оқулық)

Алгоритмнің типтерімен таныса отырып: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдердің блок - схемалары әртүрлі болатындығын есептер шығару арқылы түсіндіру

Алгоритмді жазу тәсілдері:
1. Табиғи тілде
2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
3. Блок - схема түрінде.
4. Программалау тілінде жазу.
Алгоритмді блок - схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл - алгоритмді блок - схема түрінде жазу.

Алгоритм схемасын блок - схема деп атайды.

- Алгоритмнің басы және соңы
- Алгоритмнің мәндерін енгізу және нәтижесін шығару
- Алгоритмнің математикалық өрнектерін есептеу.
- Алгоритмнің шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау
- Циклдің басы (қайталау)

«Қолдану»

Мыс: у=a+b есебін шығару
1) Алгоритмдік тілінде 2) Блок - схема түрінде
Алг мыс1
Арг a, b
Басы
У= a+b
Нәт у
Соңы.

№1 тапсырма Берілген суреттер бойынша аққала жасау алгоритмін оқушылармен бірге талдап, қарапайым алгоритм құру керек. Сұрақ-жауаптар арқылы алгоритм ұғымына, оның қасиеттеріне оқушыларды өз бетімен жетелеу керек.

  1. Аққала жасау үшін ең бірінші қандай әрекет орындау керек?

  2. Одан кейін қандай әрекеттер жасаған болар едіңіз, тізбектей ретімен ата?

  3. Осы атаған әрекеттеріңізден кейін сізде аққала жасалады ма?

  4. Егер сіз атаған әрекеттің біреуін тастап кетсек не болар еді?

  5. Егер сіз атаған әрекеттердің орнын ауыстырсақ не болар еді?

  6. Аққала жасау әрекеті әлемнің барлық балалары үшін ортақ па?












1-мысал. Үй тапсырмасын орындау алгоритмін жазайық.

алг Үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу

тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

2-мысал. Сыйымдылығы 3 және 8 литр екі құмыра бар. Орындау барысында өзеннен 7л су алуға мүмкіндік беретін алгоритм жазыңыз.

алг Өзеннен 7 л су алу

басы

3л құмыраны үш рет толтырып, 8л құмыраға құю, сонда

3л құмырада 1л су сыймай қалады

8л құмырадағы суды төгіп тастау

құмырадағы 1 л суды 8 л құмыраға құю

3л құмыраны екі рет толтырып, 8л құмыраға құю

соңы

Сергіту сәті. ПЕРНЕТАҚТА сөзiнің әріптерінен жаңа сөздер құрастыр. Арна, ақпан, ата, қант, парта, ет және т.б.


ІV. «Талдау» Практикалық жұмыс

Блок – сызбаны дәптерге орында. Математикалық есептер.

Берілгені: 53+12=65

65*2=130

V. «Жинақтау»

Қорытынды.

Білімдерін тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
3. Алгоритм қасиеттері қанша?
4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?
5. Алгоритмге мысал келтір?
6. Алгоритмді жазудың неше тәсілі бар?
7. Блок - схема дегеніміз не?


Рефлексия.

Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын. (Бір ауыз сөзбен)
Ол үшін төмендегі сөйлемдерді пайдаланыңыздар:
- Менің білгенім…
- Менің сезгенім…
- Менің көргенім…
- Мен басында қорықтым, сосын…
- Менің байқағаным …
- Мені ойландырған…
Бағалау: өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма. у=( a+b)( a - b). 2 әдіске салып шығару,








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!