Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 30.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Алтын күз»
Подтема: «Күз сыйы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Күз бізге не әкеледі?»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Дауыс күшімен жаттықтырып үйрету айту екпінін дамыту.Бақылау ықыласын және көрген әсерімен бөлісу.
2.Дамытушылық – развивающая:Зат есімдер мен етістіктерді түрге, санға, септікке сай үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Дыбыстық сөйлеу мәдениеті ызың дыбыстарды айтуды үйрету. (С)- (Ш) Граматикалық сөйлеу тәртібін қалыптастыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Көкөністер-овощи (картоп-картофель, пияз-лук, сәбіз-морковь). Жемістер-фрукты (алма-яблоко, алмұрт-груша).
Жабдықтар мен материалдар: Суреттер ,жемістер, көкөністер.
Әдіс-тәсілі: Көрсету,әңгімелеу, ойнату, сұрақ-жауап.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Күндей жайнап ,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілімен,
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауап:
-Балалар қазір қай мезгілі.
-Ия ,қазір күз мезгілі
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады ?
-Балалар жеміс жидектер бақта өседі ма, әлде бақшада өседі ма?
-Дұрыс айтасыңдар,балалар жеміс жидектер бақта өседі.Бақта ағаштардан жылда жеміс жидектер жеп тұрамыз.
Суретпен жұмыс:
Мына суретке зер салып қараңдаршы .Балалар ағаштан алма теріп жүр.Ал көкөністер бақшада өседі. Көкөністерді адамдар көктемде егеді де , күзде жинап алады.
Дидактикалық ойын: «Бау-бақшада »
Мақсаты: Енді балалар мен сендерге «бау-бақшада» ойнауды ұсынамын суреттеріне бағдарлай көкөніс және жеміс-жидектерді бөлек қою.
Шаршаған болсаңдар, бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Жемістері көп екен .
Теріп ,теріп алайық,
Қалтамызға салайқ .
Ал енді балар мына менің қолымдағы көкөністің дәмін көріп атайсыңдар.
Игравизормен жұмыс:
Әр балаға жеке жемістер мен көкөністердің суреттері беріледі.Ол суреттерді топтастырып сипаттап беру қажет.Түр түсі, пішіні,дәмі, қайда өседі т.б.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар сендер бақ пен бақшаны ажырата білдіңдер. Кәне айтындаршы , бақта не өседі?Бақшада не өседі?Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.Осымен сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 30.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Алтын күз»
Подтема: «Күз сыйы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Балабақшаға арналған жол»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Талаптану, ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:Қолдың ұсақ қимылдарын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Кірпіштің жіңішке, қысқа қырлары мен бұрыштарын түйістіре отырып жол салуды үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
ойыншық-игрушка,жол -дорога
Жабдықтар мен материалдар:
Әдіс-тәсілі: Көрсету,әңгімелеу, ойнату, сұрақ-жауап.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Сұрақ – жауап:
Балалар біз күнде таңертен қайда келеміз ?
Кіммен келеміз?
Балабақша сендерге ұнайма?
Балалар қарандарды балабақшада нелер көп?
Біз балабақшада нелеремен ойнаймыз?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Суретпен жұмыс
Балабақшаға немен келеміз ?
Балабақшаға келе жатқанда нелерді байқайсындар ?
Қызыл көзін ашқанда -жолға бір қадам баспа алға
Сары көзін ашқанда-қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда- өте бер жасқанба.
(көліктер түрі)
Сергіту сәті:
Саусақ жаттығуы.
Бала бала балақан
Кане саусақ алақан
Саусақтарым әйбат
Былай былай ойнат
Ал енді балалар конструктордан балабақашаға баратын жол жасайық . Мен сендерге үлгісін көрсетем соған қарап бәріміз жасаймыз құрастырамыз.
Жеке жұмыс:
Айсұлтан біз бүгін не жасадық?
Сезім жолды неден құрастырдық?
Тақпақ жаттау
Балабақша есігін
екіге тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
Бір туғанбыз бәріміз.
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Мақсаты: Балаларга бірнеше сурет беріледі .Әр бала жерде шашылып жатқан суреттерді алып өз ойымен әңгіме құрастырып береді.Келесі бала суреттегі бейнені толықтырып айтып береді.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар біз бүгін немен таныстық?
Қайда баратын жол жасадық?
Неден құрастыдық?Балалардың жасаған жолдарынан көрме ұйымдастыру.Әр бала өз қиялымен жасаған жолдарын әңгімелеп берді.Балаларды мадақтау!
Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 30.10.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Алтын күз»
Подтема: «Күз сыйы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Жемістер»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Батыңқы қысуды, домалақтауды , жаймалап жазуды және созуды.Шыдамдылық пен зейінін дамыту.
2.Дамытушылық – развивающая:Балаларға алмағ алмұрт мүсіндеуді үйрету, ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, мүсіндеу тәсілін үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Ермексазды қолдануды үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
жемістер – фрукты, алма – яблока, алмұрт - груша
Жабдықтар мен материалдар: жемістер, жеміс муляждары, \«Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик, ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Сұрақ – жауап:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік! ( Ө.Тұрманжанов )
Педагог бейнероликті қолдана отырып балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.
-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?
- Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?
-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіріп, қолында жеміс толы себеті бар.
- Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.
«Күз аруының» тапсырмасы:
Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.
- Мынау қандай жеміс?
- Мынау ше?
- Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?
- Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.
Жеке жұмыс:- Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алқанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз.Енді, жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, алқанға салып домалақтаймыз, тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз.Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз.
Жапырақты алдымен сабағына орналастырамыз.Алмамыз дайын болды.
Сергіту сәті:
Кәне, кімнің бойы ұзын?
Паровоз ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық. ( 2рет)
( Ж.Смақов )
Жеке жұмыс:
-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексаздыалып, алқанға салып жұмсартамыз.
Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғары жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.
Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.
Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналасыратмыз.
«Күз аруы» мен педагог балалардың жасаған жұмыстарын аралап көріп, мадақтайды.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Жылу берген күнге рақмет,
Тіршілік берген жерге рақмет,
Өсім берген суға рақмет.
Бізге жеміс әкелген,
«Күз аруына» рақмет.
Балалар жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі , түрі, түсі, пішіні туралы айтады. «Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.
Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 1.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: Өмір қауіпсіздік негіздері
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Алтын күз»
Подтема: «Күз сыйы»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Күн, ауа және су біздің жақын досымыз»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Қоршаған орта мен табиғатқа қамқоршы болуға, бірін – бірі тыңдауға, өз пікірін білдіруге баулу.
2.Дамытушылық – развивающая:Тіршілік үшін таза ауаның, судың, күннің қажет екендігін түсіндіру.
3.Оқыту – обучающая: Күн, ауа және су барлық жерде бар екенін анықтау үшін тәжірибе жасауды үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Су – вода, ауа – воздух,күн - солнце
Жабдықтар мен материалдар: өлі және тірі табиғат суреттері, мақал-мәтелдер жұмбақтар, Венн диаграмасы стақандар су,сүт.
Әдіс-тәсілі: түсіндірме, сұрақ жауап, әңгімелесу, шыны ыдыстар, мөлдір таза су.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
1. Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
Шеңбер құрып тұрады, іс-қимыл арқылы көрсетеді.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Сұрақ – жауап:
Балалар, табиғат дегеніміз не?
Табиғат бізді қоршаған әлем.
Сурет көріністерінен байқағанымыз, ағашта, бұтада, шөпте, гүлде, өзен-көлде, тау мен тас та бұлардың бәрі сені қоршаған дүние, немесе табиғат деп аталады.
Осы дүниенің ішінде сен де барсың.
Табиғат нешеге бөлінеді және оны қалай айтаймыз?
Су, тау,тас, құм, топырақ - өлі табиғат. Өйткені олар қоректенбейді, өспейді, көбеймейді, және өлмейді.
Жұмбақ
Өмірде одан мол ештеңе болмайды
Құшақтасаң құшағын тек толмайды.
Аспанда алып доп
Жарқырайды жарық боп,
Бар ма, жоқ па , оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың.
Таңмен көзін ашады ,
Әлемге нұрын шашады.
Аяқсыз –ақ жорғалайды, жүреді,
Ауызыда жоқ, сыңғырлайды күледі,
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы оны кім біледі?
Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар яғни біздің табиғаттағы ең жақын достарымыз: су, ауа, күн .
Сұрақ – жауап:
Бірінші досымыз – ауа
Ауа бізге не үшін қажет деп ойлайсыңдар ?
Ауа көзге көзге көрінбейді қолға ілінбейді.
Ауаны таза ұстау-бүкіл халықтың іс
Табиғаттың баға жетпес байлығы, біздің ең жақын досымыз –су .
-Су не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
« Су мен сүтті» салыстыру арқылы тәжірибе жүргізу.
Екі стақан аламызда, біреуіне су , екіншісіне сүт құямыз. Екеуін салыстырып , сүт ақ , ал су – түссіз екенін анықтаймыз ( қасық салып көреміз).
Балалар табиғатта сендердің тағы бір достарың бар? Оны өздерің табыңдаршы
Күннің пішіні қандай?
Дәрігер Салауат қандай кеңес айтады?
Суретке қарап әңгіме құрастыру.
-Ауаны не ластайды?
Уланса ауа,
Уланамыз бәріміз.
Уланса су,
Уланатын тағы біз.
Табиғатты сүю парыз
Табиғатсыз күнің жоқ.
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ!
Сергіту сәті:
Тербеледі ағашатар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар.
Үлкен болып өседі.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Табиғат деген -Жер ана
Балалар оны бағала
Табиғат деген –туған жер
Қорғайды оны барлық ел.
Дем алу ұшін.
Ауаны жұтамыз.
Ауа болмаса тұншығамыз.
Жер шары – ұлы әлем
Қоршаулы ауамен
Ауадан тыныс ап
Өседі ырыс бақ
Денсаулық дауада
Демге күш ауада.
Ауа жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да
Білінбейді жер бетінде жүрсе- дағы
Пайдалы адам заттың баласына.
Су-адамға қажет тағам
Сусыз тазалық болмайды
Сусыз тіршілік жок
Сусыз тамақ піспейді.
Су арқылы үйді жылытады.
Су отты өшіре алады.
Суды адам барлық тіршілікке пайдаланады.
Су өмірдің тірегі
Денсаулықтың жүрегі.
Әр бала сабақта түйген білгендерін әңгімелеп өз пікірлерін айтып береді.
Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 11.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Денсаулық»
Бөлімі: Өзін – өзі тану
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Дұрыс тамақтану»
Подтема: «Дәрумендер»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Отбасылық мереке»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Отбасына деген махаббатқа және құрметке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:Жақсы көңіл күй жасауғаұмтылуды дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Балалардың отбасы мерекелері туралы білімдерін толықтыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Жабдықтар мен материалдар: дәптер, ватман, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, шарлар.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Балаларды шеңберге жинап, бір-біріне шар ұсынып, жылы сөздер айтады.
-Сәлеметсің бе Абай! Саған қуаныш тілеймін!
-Сәлеметсің бе, Айлана! Саған бақыт тілеймін!
Тіледім ақ тілек сіздерге
шаттық,достық мереке
Құтты болсын, құтты болсын
Бүгінгі күн мереке
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Әңгімелесу.
-Қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?
-Сол мерекелерді қалай тойлайсыңдар?
Сұрақ – жауап:
-Сендерге қоннаққа кімдер келеді?
Мерекені тойлау сендерге ұнады ма?
Өзіммен-өзім
Үнтаспадан әдемі әуен естіледі. Балалар жайғасып отырып, көздерін жұмады. Не армандап отырғандарын айтады.
Сергіту сәті:
Ұшты-ұшты қаңбақ ұшты,
Қармақ ұшты, қаңбақ ұшты,
Үйрек ұшты,үлек ұшты,
Бүркіт ұшты, бір кит ұшты.
Аққу ұшты. /құстар болып қимылау/
Дәйек сөз
«Көңілді үйде мейрам»
Ойын. «Шыршаны безендірейік».
Балалар Жаңа Жылға тілегін айтып, шыршаға ойыншықтарын іледі.
Дәптермен жұмыс
-Суретті бояп, отбасындағы Жаңа Жыл мерекесі туралы әңгімелеп беріңдер.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұтақтары тәрізді екен. Барлығымыздың да туған-туысымыз бар. Бүгін сабақта туыстармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйрендік.
Қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?
Сол мерекелерді қалай тойлайсыңдар?
Сендерге қоннаққа кімдер келеді?
Мерекені тойлау сендерге ұнады ма?
Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 13.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Салауатты болып өсеміз»
Подтема: «Дұрыс тамақтану, дәрумендер»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Азық түлік»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Шыдамдылыққа, мейрімділікке,қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая:Өз ойын нық және дәйекті түрде жеткізе білу, сөйлемді дұрыс құрастыра білу.Жұрнақтар арқылы сөздің кішірейту еркелету үлгілерін құрастыруға үйрету.
3.Оқыту – обучающая: Балалардың сөздік қоржынына ыдыстар және азық түліктер атауын білдіретін сөздермен толықтыру және бекіту.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
сүт-молоко, ет-мясо, ұн-мука.
Жабдықтар мен материалдар:
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату әдістері қорытындылау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
-Балалар, бізге электронды поштамен хат келді.
-Кімнен екен?
Балалар, әмбибап сатушысынан екен.
(1.Слайд).
Балалар назар аударып қарап отырады.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Балалар, бізге тапсырмалар берген екен сатушы.
Жұмбақтар.
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы,
Қуат берер күші бар.
(Нан).
Жармадан оны жасайды,
Тұз қосады , қант қосады,
Қайда менің қасығым!
Біздің дәмді .......
(Ботқа)
Өзі сүттен жасалған,
Әрі жанжағы қаттылау,
Тесіктері көп екен,
Айтыңдаршы не екен...? (ірімшік)
-Жеке -жеке атап кету.
-Мынау не?
-Енді бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
-Дұрыс айтасыңдар.
Балалар, сатушының тағы бір тапсырмасы бар екен.
Әңгімелесу.
Азық-түліктер әртүрлі болады, неден дайындалғанын анықтаймыз.
-Сүттен жасалған тағамды қалай атаймыз?
-Еттен жасалған тағамды қалай атаймыз?
-Ұннан жасалған тағамдарды қалай атайды?
Жарайсыңдар балалара!
Енді, «Ұн тағамдары» тақырыбына шығармашылық әңгіме құрастырайық.
Сатушы азық-түлік туралы білімдеріңді тексерді.
Азық-түлік туралы көп біледі екенсіңдер.
Енді сатушы өзінің әмбибабына шақырады.
-Барамыз ба, балалар?
Көмектесеміз бе, сатушыға?
Ендеше, балалар, сатушыға немен барамыз?
Балалар, автобуспен барамыз ба?
-Міне, қараңдаршы балалар, қандай үлкен әмбибап.
-Қандай әдемі?
-Қараңдар, сатушы бізді қарсы алып тұр.
-Амандасайық балалар.
-Сатушыға қандай көмек керек екенін сұрайықшы.
Балалар, азық-түліктерді өзінің бөлімдеріне дұрыс қойып шығуларыңды сұрайды.
-Ал енді, балалар, сендер білесіңдер ме, әмбибапта қандай бөлімдер бар екенін?
Ендеше тексеріп көрейік.
Д\о: «Сиқырлы дорба» дәміне қарай ажырату.
Міне, балалар, сатушы сендерге сиқырлы дорба дайындап қойыпты, кәнеки көрейік.
Балалар, мен сендерге азық-түлік туралы ертегі айтып берейін «Не дәмді?
Түскі тамақ кезінде азық-түліктер дауласыпты олардың ішінен қайсысы пайдалы әрі дәмдірек екен деп.
Сорпа айтты: Мен бәрінен де дәмдірекпін, өйткені мен көкөністерден жасалғанмын.
Кампот шықты:
Мен дәмдімін, өйткені мен жемістерден жасалғанмын. Алихан мен Тимур азық-түліктердің дауын естіп:
-Дауласпаңдар, бәрің де дәмдісіңдер, біз бәрін де жеп қоямыз депті.
Балалар, тағамдардың барлығын да пайдалы әрі дәмді. Сондықтан тауысып жеу керек.
Сатушы сендерге көмектерің үшін рахмет айтады. Сендерге тәтті сый берді.
Ал сатушымен қоштасайық.
Автобусқа отырайық, балабақшаға қайтайық.
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Жарайсындар балалар!
-Азық-түліктеріңді қай бөлімге және не үшін апарғандарыңды айтыңдар?
Жарайсыңдар, біледі екенсіңдер.
-Балалар, сендер бүгін қайда бардыңдар?
-Кімге көмектестіңдер?
-Қандай тағамдар дәмді екен?
Балаларды жақсы қатысқан үшін мадақтайды. Сатушының сыйын балаларға береді.
Әмбибапқа бардық. Сатушыға көмектестік. Тағамның бәрі де дәмді және пайдалы.
Балалар автобусқа отырады.
Балабақшаға қайтады.
Сау болыңыз!
Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 13.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Салауатты болып өсеміз»
Подтема: «Дұрыс тамақтану, дәрумендер»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «2 саны және цифры»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная:Математикаға қызығушылықтарын дамыту.
2.Дамытушылық – развивающая:0 және 1 санына реттік және тура санын бекіту.
3.Оқыту – обучающая: 2 санымен таныстыру (=), (+) таңбасы туралы түсінік беру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Екі - два
Жабдықтар мен материалдар: интерактифті тақта,үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Психологиялық дайындық
-Балалар, бүгін ерекше күн
Жылулық шеңбері
-Біздің жүрегіміз қандай?
Олай болса, жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық.
(алақандарын үрлеу)
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдаршы
- Күз мезгілінің ерекшелігін айт
-Өткен оқу іс-әрекетімізде қандай санмен таныстық?
-1 саны неге ұқсайды?
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Суретпен жұмыс
1-тапсырма
Жұмбақ
Далада жүрген түйенің
Іші пысты жалықты.
Төлі келіп қасына
Қатары оның толықты.
-Далада неше түйе жайылып жүр?
-2 саны неге ұқсайды?
-Онымен қандай цифр көрші тұрады?
Өлең оқу
Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі,
Толқып қанша жүзсе де,
Тұрады екінші үнемі.
2-тапсырма
Көп цифрлардың арасынан тек 2 цифрын ғана қоршап сызуды тапсыру
Игравизормен жеке жұмыс
Сергіту сәті.
Жаратқанның бергені,
Екі көзім бар менің.
Екі құлақ қалқиып,
Айтқан сөзді ал құйып.
Жоқ ешкімнің ортағы
Екі бүйрек бар тағы
Жүгің болса кет үйіп,
Көтереді екі иық
Жүру қандай оңай ақ
Бар болғаны екі аяқ.
Екі қолың қос қару
Керек дұрыс басқару.
«Кім бірінші?» ойын
Екі баланы тақтаға шығарып, оларға бір-бірден лентадан ұстатып, лентаны қолдарына орауын сұрау.
Бір баланың лентасы қысқа, екіншісінікі ұзын екендігін көрсету.
-Лентаның бірі неліктен тез оралды?
-Қай түсті лента ұзын?
-Қайсысы қысқа?
3-тапсырма
Жолақшамен жұмыс
-Балалар мынау қандай фигура?
-Көлемдері бірдей ме?
Енді мына үлкенінкөк жолаққа, кішісін қызыл жолаққа орналастырайық.
-Үстіңгі жолақта қандай сопақшаны қойдық?
-Төменгі жолаққа ше?
«Қандай заттар сопаққа ұқсас» дидактикалық ойыны
4-тапсырма
Шөл даланың серкесі,
Өзіңің бар өркеші.
Анда-санда шөлдейтін,
Ботаға жол көрсетші.
Балалар ұзын жолды сары қарындашпен, ал қысқасын жасыл түспен бояуды тапсыру.
-Сары түсті жолдың ұзындығы қандай?
-Жасыл түсті жолдың ұзындығы қандай?
-Бота қайсы жолмен жүрсе баратын жеріне тезірек жетеді?
3.Қорытынды/ итоговая часть:
-Менде 2 алма бар оны қандай санмен белгілесем болады?
2 саны неге ұқсайтын еді?
Балалар , сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?
-Бүгін қандай санмен таныстыңдар?
Қандай тапсырмалар орындадыңдар.
Қайсы тапсырма сендерге қиындау болды? Не себептен қиындау болды?Балаларды мақтап, мадақтау.
Мектепалды тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Конспект организованной учебной деятельности в предшкола
Өткізу күні/ Дата проведения: 13.11.2019ж
Ф.И.О.педагога:
Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.
Білім беру саласы/ Образовательная область: «ығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Салауатты болып өсеміз»
Подтема: «Дұрыс тамақтану, дәрумендер»
ОУД:
Тақырыбы/ Тема : «Қоянға сәбіз бен қызылша»
Негізгі дене қимылдары:
Міндеттері/ задачи:
1.Тәрбиелік – воспитательная:
2.Дамытушылық – развивающая:Болмысына сәйкес сипатты белгілерінің ерекшеліктерін жеткізе бере отырып, көкөністерді мүсіндеп үйрету.Мүсіндеу тәсілін бекіту.
3.Оқыту – обучающая: Сәбіз бен қызылшаны мүсіндеуді үйрету.Бейнелік қабылдауды үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обес печение:
Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)
Сәбіз- морковь, қоян- заяц.
Жабдықтар мен материалдар: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған сәбіздің үлгісі,қояндардың суреті, тақтайша,ермексаз, сулық.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар,көрсету,әңгімелесу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД
Ұйымдастырушылық кезеңі/ организационный момент:
Қояндардың суретін көрнекілік етіп алу.
Қоян қандай аң?
Балалар, қояндар бізге қонаққа келіпті. Олар үшеуі дауласып отыр.
- не үшін дауласып отыр екен? Кәне, кім біледі?
Олардың сәбізге дауласып отыр екен?
Қоян ол жүйрік, құлағы ұзын, қорқақ аң.
Сәбізді жейді.
2.Негізгі бөлім/ основня часть:
Педагог қоян туралы өзі білетін шағын ертегіні немесе әңгімені қысқаша баяндап береді. Қонақтардың қысқы азықтарын жинап үлгермегенін айтады.
Балалар, қояндарға қыстық азықтарын жинауға, сәбіз жасауға көмектесеміз бе?
Сәбіздің пішіні қандай?
Сәбіздің түсі қандай?
Сәбіз көкөніс па жеміспе?
Сергіту сәті:
Секірейік, секірейік,
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды кетірейік,
Болар сонда тамаша.
Жеке жұмыс:
Қызғылт сары түсті ермексазды жұмырлап, сопақша пішінге келтіріп, бір жағынан үшкірлеп, сәбіз пішінің жасау.
3.Қорытынды/ итоговая часть:
Балалар, бүгін не мүсіндедік?
Сәбіздерді нелерге береміз?
Балаларға суреттегі үш қоянның көңіл күйлерін байқатып, ұнатқан қоянына сәбізді сыйлауын ұсыну, мадақтау.
Бала жасаған сәбізін қалаған қоянға беріп, ойнайды.