СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Алкандар. Құрылысы, гомологтық қатары, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.»

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алкандар- молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара (σ-) сигма байланыстары арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер

Алкандардың қарапайым өкілі - метан. Метан - табиғатта көп тараған көмірсутек. Табиғи газ негізінен метаннан тұрады (80-97%).

Просмотр содержимого документа
««Алкандар. Құрылысы, гомологтық қатары, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.»»

Тақырыбы: «Алкандар. Құрылысы, гомологтық қатары, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.»

Құзыреттілік:

А) ақпараттық: Алкандардың гомолог қатары, құрылысы, қасиеттері туралы ақпарат беру арқылы білімдерін бекіту және жүйелеп тереңдету. Ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, кайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және акпараттарды тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыру.

Ә) коммуникативтік: Көмірсутектердің қоршаған ортадағы қарым-қатынас бірлігін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Б) проблеманы шешу: Алкандардың гомолог қатары мен құрылысында туындайтын әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесіне бағыттау.

Сабақ типі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс, оқулықпен

жұмыс, сұрақ-жауап, салыстыру.

Технологиясы: Сатылы-кешенді талдау технологиясы.

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, МПП, кестелер, Д.И.Менделеевтің периодтық

жүйесінің кестесі, оқулық.

Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Оқыту үрдісін техникалық қамтамасыз ету: АРМ класс, слайдтар, тест тапсырмалары, бейнефильмдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Түгендеу.

Кабинеттің тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Органикалық химия нені зерттейді?

Қосымша сұрақ: Органикалық заттарға не жатады?

2.Органикалық қосылыстардағы көміртегі атомдары қалай орналасады?

(Тақтаға жазып көрсетеді)

3. Тізбектегі көміртек атомдары өзара қалай байланысады?

(Тақтаға жазып көрсетеді)

4. Органикалық заттарға қандай қасиеттер тән?

5. Органикалық заттардың шығу көздеріне не жатады?

6. А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы.

7. Изомерлену құбылысы туралы айт, қалай жіктеледі, мысал келтір?

8. Органикалық қосылыстар құрылысы бойынша қалай жіктеледі?

9. Көмірсутектер қалай жіктеледі?

10.Органикалық зат, органикалық химия терминін ұсынған кім?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тақырыбы: Алкандар. Құрылысы, гомологтық қатары, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Көмірсутектер туралы түсінік.

2. Алкандардың гомологтық қатары және олардың атауын құрастыру.

3. Алкандардың кеңістіктік құрылысының ерекшелігі

4. Алкандардың алынуы.

5. Химиялық қасиеттері.

6. Физикалық қасиеттері.

7. Қолданылуы.

Біз органикалық қосылыстарды оқып үйренуді құрамында тек екі химиялық элемент – көміртегі мен сутегі ғана болатын орасан заттарды қамтитын көмірсутектер класынан бастаймыз. Барлық көмірсутектер құрамын жалпы формуласы түрінде өрнектеуге болады. Көмірсутектердің бірнеше топтары (қатарлары) бар. Ең алдымен қаныққан көмірсутетектермен танысамыз.

Алкандар молекуласындағы әрбір көміртегі атомының барлық төрт валенттігі толықтай, яғни шегіне дейін сутегі және көміртегі атомдарымен қаныққан. Осыдан көмірсутектердің қаныққан немесе шекті көмірсутектер деген басқа атаулары шығады.(слайд)

Алкандар- молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара (σ-) сигма байланыстары арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер

Алкандардың қарапайым өкілі - метан. Метан - табиғатта көп тараған көмірсутек. Табиғи газ негізінен метаннан тұрады (80-97%).

Алкандардың алғашқы мүшесі метан СН4 мен келесі мүшесі этанның С2Н6 молекулалық құрамын салыстырсақ, бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар. Осы сияқты этан С2Н6 мен пропанның С3Н8, пропан С3Н8 мен бутанның С4Н10, яғни әр келесі көмірсутектің молекулалық құрамы өзінің алдындағы көмірсутектен СН2 тобына өзгеретіндігін байқауға болады.

Алғашқы төрт заттың тарихи қалыптасқан атауы бар. Ал бесінші мүшесінен бастап яғни, пентаннан бастап көмірсутектердің атаулары көбінесе грекше сан атауларынан түзілген. Барлық қаныққан көмірсутектер атауының соңына -ан деген жұрнақ жалғанады.

Көмірсутектердің номенклатурасы:

Изомерия құбылысымен кездескенде, осы уақытқа дейін пайдаланып келген көмірсутектер атаулары жеткіліксіз екенін аңғарамыз. Органикалық қосылыстар номенклатурасының әр түрлі жүйелері бар.

Химиктердің халықаралық кеңесінде халықаралық жүйелеу номенклатурасы қабылданды. Бұл номенклатура қалыпты құрылысты (тармақталған) көмірсутектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, т.б. атауларына негізделді. Тармақталған тізбекті көмірсутекке ат беру үшін, оны қалыпты көмірсутектеі сутек атомарының орнын көмірсутекті радикалдар басқан өнім деп қарайды.


Метанның гомологтық қатары (электрондық оқулықтан көрсетемін)

Гомологтар – құрылысы мен қасиеті ұқсас, бір немесе бірнеше СH2 тобына айырмасы бар жалпы формуласы бірдей заттар

  • СН4 метан

  • С2H6 этан

  • C3H8 пропан

  • C4H10 бутан

  • C5H12 пентан

  • C6H14 гексан

  • C7H16 гептан

  • C8H18 октан

  • C9H20 нонан

  • C10H22 декан

Алкан молекуласынан 1 Н2 атомы үзілгенде, сутегі саны кеміп, бір валентті бөлшектер көмірсутек радикалдары түзіледі. Бір валентті радикалдардың атаулары оларға сәйкес көмірсутек атаулары соңындағы «ан» жұрнағы «ил» жұрнағымен алмастырылады.

Метил

СН3

Гексил

С6Н13

Этил

С2Н5

Гептил

С7Н15

Пропил

С3Н7

Oктил

С8Н17

Бутил

С4Н9

Нонил

С9Н19

Пентил (амил)

С5Н11

Децил

С10Н21


Алкандардың изомериясы және номенклатурасы

Мұндағы әрекет реті мынадай болуы мүмкін:

  1. құрылыс формулада көміртегі атомдарының ең ұзын тізбегін бөліп алады да, тізбек ең жақын тұрған шеттен нөмірлейді.

  2. Заттың атына байланысты қайсы көміртегінде орын басатын топ (радикал) бар екенін цифрмен көрсетеді.

  3. Егер орнын басатын топ бірнешеу болса ода олардың әрқайсысын цифрмен көрсетеді.

  4. Тармақталу негізгі тізбек шетінен бірдей қашықтықтағы көміртегі атомдарынан басталған жағдайда, құрылысы ең қарапайым радикал орналасқан шеттен нөмірлеуді бастайды.

Құрылысы нормаль көмірсутектерді белгілеу үшін оның атауының алдына н әріпін қояды: н -бутан, н - гексан, т.б.

Құрылымдық:


CH3 – CH - CH2 - CH3

│

CH3

  1. Негізгі тізбекті таңдап алу:

CH3 – CH - CH2 - CH3

│

CH3

2. Негізгі тізбектегі атомдарды нөмірлеу және радикалдың орнын анықтау

1 2 3 4

CH3 – CH - CH2 - CH3

│

CH3

3. атау:

1 2 3 4

CH3 – CH - CH2 - CH3

│

CH3 2 - метилбутан


атау: 1 2 3 4 5

CH3 – CH - CH2 – CH – CH3

│ │

CH3 CH3

2,4 – диметил пентан


СH3

1 2 |3 4 5

СH3 – CН2 – С – СН2 – CН3 3,3 диметил пентан

|

СН3

СH3 – CН – СН – СН2 – CН3 2 метил, 3 этил пентан

| |

СH3 С2H5




Метанның электрондық құрылысы

Метан молекуласының кеңістіктік пішіні.

Метан СН4 – түссіз, иіссіз, ауадан екі есе дерлік жеңіл газ. Ол табиғатта өсімдік және жануарлар организмі қалдығының ауасыз жерде ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Сондықтан ол батпақты суларда тас көмір шахталарында кездеседі. Электрондық құрылыс бұлтын былай көрсетуге болады:

H H

: |

H : C : H немесе H – C – H

: |

H H


метанның метанның

электрондық формуласы құрылымдық формуласы


С атомы 4 валенттік электроны бар, олардың екеуі жұптасқан s электроны, олар Н2 атомымен химиялық байланыс түзе алмайды. Химиялық байланыс тек жұптаспаған 2Р электрон есебінен болады. С атомы Н2 атомымен өзара әрекеттескен кезде сыртқы қабатының s электроны ажырап, олардың біреуі 3-ші Р электронының (орнын басады) бос орнын алады және өзінің қозғалысы кезінде көлемдік сегіздік түрінде бұлт түзіп, ол басқа екі Р электрон бұлтына перпендикуляр болады.

Метанның құрылысы (Метан молекуласының шарөзекті модельін құрастыру)

  • алкандарға sp³-гибридтену тән;

  • байланыс ұзындығы С-С = 0,154 нм

  • орбитальдар арасындағы бұрыш= 109° 28´

  • С-Н арақашықтығы бірдей

  • байланыс тұсынан еркін айналады


4. Алынуы:

1. Өнеркәсіпте алкандарды мұнайды фракциялап айдап және жоғары алкандарды крекингілеп алады:

С16H34 →C8H18 + C8H16

2. Вюрц реакциясы бойынша алкандардың галогентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады:





3. Зертханада метанды натрий ацетатына натрон ізбестімен әсер ету арқылы аламыз (бейнефильм көрсетіледі)

5. Химиялық қасиеттері:

1. а) Галогендеу:















ә) нитрлеу реакциясы:

С2H6 + HNO3 → C2H5NO2 + H2O

  1. Айырылу реакциясы. Алкандардың термиялық ыдырауы:

а) метанды жоғары температурада (10000C шамасынада) ауа қатыстырмай қыздырғанда, жай заттарға айырылады:

ә) метанды бұдан да жоғарырақ температурада қыздырғанда , реакция қанықпаған көмірсутек ацетилен және сутек түзе жүреді:

б) Сутек бөле жүретін ыдырау реакциялары дегидрлену реакциясы деп аталады: С2H6 → CН2 = СH2 + H2

3 Тотығу: жану реакциясы

а) алкандар су мен көміртек (ІV) оксиді және жылу бөле жанады :

б) оттегі жеткіліксіз жағдайда алкандар күйе және иісті газ бөліп жанады:

  1. Изомерлену:



5. Ароматтану

Алкандар риформинг реакциялары нәтижесінде ароматты көмірсутектерге айналады:


6. Қолданылуы:






















Жаңа материалды бекіту

Химиялық диктант

  1. Органикалық химия пәні зерттейді

  2. Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым

  3. Молекулалық құрамы бірдей, бірдей химиялық құрылысы әртүрлі,

сондықтан қасиеттері де өзгеше заттар.

  1. Құрылыстары мен химиялық қасиеттері ұқсас, ал құрамы жағынан СН2 тобына айырымы бар заттар

  2. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы

  3. Алкандарға тән гибридтену

7. С4Н9 аталуы

8. Алкан молекуласынан 1 сутегі атомы үзілгенде, сутегі саны кемігенде

жұптаспаған электрондары бар бөлшектер

  1. Молекулаларындағы көміртегі атомдары, өзара қарапайым (жалғыз) байланыспен қосылған, ал қалған валенттіктері сутегі атомымен қаныққан көмірсутектер

  2. Алкандардың алтыншы мүшесі.


Оқушыларды төрт топқа бөліп тапсырма беріледі.

Алкандардың шарөзекті модельдерін құрастыру

  • І топ: Пропан молекуласының

  • ІІ топ: Бутан молекуласының

  • ІІІ топ: Этан молекуласының


  • ІҮ топ: Пентан молекуласының





Үйге тапсырма:
ІІ- тарау. ξ 2.1-2.4, 49-69 беттер. 12 -жаттығу