СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алкиндер. Алкиндердің қасиеттері.

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

          Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы

Cn H2n-2    болатын қанықпаған көмірсутектер.   

Алкиндердің бірінші мүшесі –ацетилен C2H2  (Н ─ C ≡ C ─ H )

Просмотр содержимого документа
«Алкиндер. Алкиндердің қасиеттері.»

МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

Оқу сабағының жоспары

(теориялық немесе өндірістік оқыту)

Сабақ тақырыбы:_ Алкиндер. Алкиндердің қасиеттері.

Модуль /пән атауы Химия

Педагог Халдыбаева А.С. дайындады

20_ жылғы « »

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ І

Сабақтың түрі : теориялық

  1. Мақсаты, міндеттері

Оқыту мақсаттары: 10.4.2.26 алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, алкиндердің химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын зерделеу;

Сабақ мақсаты:

1. Алкиндердің құрылымын, қасиеттерін айтады.

2. Алкиндердің қасиеттерін олардың құрылымы негізінде анықтайды.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

Бағалау өлшемдері:

  • алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, алкиндердің химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын зерделейді;

Қажетті ресурстар: презентация, бейнефильмдер

І. Сабақтың басы(5-7 минут)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Алкиндер

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

  • алкиндер жайлы түсінік;

  • алкиндердің гомологтық қатарын;

Сенің меңгеретінің:

  • алкиндердің химиялық қасиеттерін

қарастырамыз;

  • алкиндердің алыну жолын қарастырамыз;

«Миға шабуыл»

Cұрақтар:

1) Алкиндердің жалпы формуласы қалай өрнектеледі

2) Алкадиендерде көміртек пен көміртек арасында қандай байланыс болады?

3) Алкендердің бірінші өкілін атаңдар және ол қандай жалынмен жанады?

4) Ол байланыс қалай аталады?

5) Қанықпаған көмірсутектерге тән гибридизация түрі қандай?

ІІ. Сабақтың ортасы (..28-32 минут)

Т. «Джигсо» әдісі. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Топта сабақ мазмұны талқыланып, сыныпқа ұсынылады.

І топ – Алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы

ІІ топ- номенклатурасы,изомериясы, екі еселі байланыстың ерекшеліктері

ІІІ топ – алкиндердің қасиеттері

Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы

Cn H2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

Алкиндердің бірінші мүшесі –ацетилен C2H2 (Н ─ C ≡ C ─ H )


Жүйелік номенклатура бойынша ацетилен көмірсутектерін атау үшін сәйкес

алкандардағы – ан, жұрнағының орнына – ин жұрнағымен ауыстырады.

Мыс: этан-этин, пропан-пропин және т.б.

Алкиндердің атауы

Формуласы

1

2

Этин (ацетилен)

С2Н2

Пропин (аллилен)

С3Н4

Бутин (крокотилен)

С4Н6

Пентин

С5Н8

Гексин

С6Н10

Гептин

С7Н12

Октин

С8Н14

Нонин

С9Н16

Децин

С10Н18

Алкиндерде көміртек тізбегін нөмірлеуді үш байланыс жақын тұрған шетінен бастайды.

Үш байланыстың орны бойынша изомерлену

СН ≡ С – СН2 - СН3 (бутин-1)

СН3- С ≡ С - СН3 (бутин-2)

Көміртек тізбегінің қаңқасы бойынша изомерлену

СН3 ─ СН2 – СН2 – С ≡СН (пентин-1)


СН3 – СН – С ≡СН

СН3 (3-метилбутин-1)


1.Үш байланыс кіретін көміртектің ұзын тізбегін тауып, үш байланыс жақын

жақтан көміртек атомдарын нөмірлейміз:

1 2 3 4 5

CH ≡ C ‒ CH ‒ CH2 ‒ CH3

׀

CH3

3- метил пентин-1

1. Өнеркіәсіпте ацетилен табиғи газды жоғары температурада ыдырату әдісімен өндіріледі.

1500C0

2CH4 C2H2 + 2H2

2. Техникада ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады:

CаС2 + 2H2O⟶Ca(OH)2 + C2H2

  1. Қосылу реакциялары. (Гидрлену):

CH ≡ CH + Н2 → CH2  = CH2

CH2 = CH2 + Н2 → CH3  — CH3

2) Галогендеу реакциясы:

CH ≡ CH + Вг2 → СНВг = СНВr

(1 саты) 1,2 дибромэтен

СHBr = CHBr + Вг2 → СHВг2 – СHВг2

(2 саты) 1,1,2,2 тетрабромэтан

Бұл реакцияда бром суының түссізденуі қанықпаған көмірсутектерге сапалық реакция болады.

3)Гидрогалагендеу реакциясы:

CH ≡ CH + НCl → CH2 = СНCl

CH2 = СНCl + НCl → CH2Cl ─ СН2Cl

хлорэтен (винилхлорид) 1,2- дихлорэтан

4. Гидратация: CH ≡ CH + Н2O → CH3COH

Бұл М.Г. Кучеров реакциясы деп аталады.

5. Полимерлену реакциясы: 3CH ≡ CH → С6Н6

бензол

6. Тотығу реакциясы:

CH ≡ CH + 4[O]⟶ COOH─COOH

қымыздық қышқылы

7. Жануы: 2CH ≡ CH + 5О2 = 4СО2 + 2Н2О + Q

Тапсырма №1. Көмірсутектерді үш топқа : алкандар, алкендер және алкиндер деп жіктеңдер.

C2H6, C6H12, C3H8, C4H6, C4H10, C4H8, C5H10, C5H12, C5H8, C3H6, C6H14, C3H4.


Дұрыс жауабы:

Алкандар

Алкендер

Алкиндер

C2H6,C3H8, C4H10, C5H12, C6H14

C6H12, C4H8, C5H10, C3H6,

C4H6, C5H8, C3H4.


Дескриптор:

Білім алушы

  • Көмірсутектерді бөле алады

  • заттардың аттарын атайды.

Тапсырма №2

Әдіс: «Еркін жазу» әдісі. Топтық жұмыс

Алдарына слайдта тапсырмалар беріледі.

а) Үш еселі байланыс қалай түзіледі ?

Әдіс: «Бір минут»

ә) Қосылыстың атын атаңыз.

1) СН3 – С ≡ С - СН3 2 ) СН3 - СН - С ≡ С– СН3

|

СН3

3) СН ≡ С - СН – СН2 – СН2 – СН3

|

СН3

CH3

|

4) СН3 - СН – СН - СН2 – С ≡ С - СН3

|

СН3

Дескриптор:

Білім алушы

  • алкиндерді атайды

  • заттардың аттарын атайды.

Тапсырма №2. Мына көмірсутектердің формуласын жазу керек: а) бутин-2; б) пентин-2;

в) 3-метил-бутин-1; г) 4,4,5-гексин-2; Қайсылары өзара изомер болады?

Дескриптор:

Білім алушы

  • алкиндердің формуласын құрастырады және атайды

  • изомерлерді атайды.

Тапсырма № 3.

Әдіс: «Құрастыр және жауап бер» Жеке жұмыс.

Оқушылар смартфондарынан https://molview.org/ сілтемесі арқылы өтіп тапсырманы орындайды.

а) Мына төменде берілген қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің модельдерін құрастыр, салыстыр, молекуласында кездесетін байланыстарды ата, ерекшеліктерін түсіндіріңдер және молекулалық формуласын жазыңдар:Бутан, пропин , гексан, пентин-2, гексин -3, бутен-2.

Дескриптор:

Білім алушы

- модельдерді құрастырады және салыстырады;

- молекулалық формулаларын жазады және атайды;

- алкиндердің құрылымдық формулаларын жазады.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.

ІІІ. Сабақтың соңы (..5-6 минут)

Сабағымызды қорытындылайық.

Оқу тапсырмасы:

  1. Формуласы берілген көмірсутек үшін

CH ≡ C ‒ CH2 ‒ CH2 ‒ CH2 ‒ CH3

екі гомолог және екі изомердің формулаларын құрастырыңдар. Заттарды жүйелік номенклатура бойынша атаңдар.



Рефлексия

- не білдім, нені үйрендім

- не түсініксіз болды

- қандай қателіктермен жұмыс істеуім керек

Үйге тапсырма:[1] 2 бөлім § 74-77, 97-109 бет

Үй жұмысы: [1] 2 бөлім §76-77. 105 бет. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.