СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алматы облысы Сарқан ауданы Екіаша ауылы «Балдәурен бөбекжай бақшасы» тәрбиешісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Максаты балаларга коршаган орта жайлы акпарат беру

Просмотр содержимого документа
«Алматы облысы Сарқан ауданы Екіаша ауылы «Балдәурен бөбекжай бақшасы» тәрбиешісі»

Технологиялық карта

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыпша: Қысқы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу-қызметі:Аппликация

Мақсаты:Балаларға қоршаған орта жайында түсінік беру,жыл мезгілдері жайлы айтып,қыс ерекшелігі туралы түсініктерін толықтыру.

2)Күрделі заттармен бейнелерді құрастырып,оларды жапсыруға үйрету,ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

3)Ағаштарды күтіп баптауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Лэпбук құралы,қыс суреттері,слайд,Киндер сюрприз қорапшасы, кейіпкер Қыс ханшайымы.

Қолданған құралдар:Фетр матасынан, қағаздан жасалған үлестірмелі материалдар мақта лэпбук құралы.

Блингвальды компонент:Ағаш-дерево,қар-снег,қысқы орман-зимний лес.

Қолданған әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен жұмыс арқылы тақпақ құру,жұлмалау әдісі.

Ұйымдастырушылық оятушылық:

Шаттық шеңбері:

-Сәлем күн,

-Сәлем жел.

-Сәлем жер,

-Сәлем саған Туған ел.

Тосын сәт

-Балалар,тыңдаңдаршы алыстан желдің дауысы естілетін сияқты.

Осы кезде Қыс ханшайымы келеді.Қолында қорапшасы мен лэпбук құралы бар.

Қар ханшайымы: Салеметсіңдерме балалар мен Қыс ханшайымын сендерге қонаққа келдім,босқа келмей тапсырма ала келдім. Қысқы желдді боран менің бағымды ұшырып кетті сендерден көмек сұрап келдім маған көмектесесіңдер ма?

Балалар: Сәлеметсізбе қыс ханшайымы сізге көмектесеміз.

Қыс ханшайымы: Олай болса менің қолымда лэпбук құралымен қорапшаның ішінде тапсырмалар бар соны орындап берсеңдер сендерге риза боламын. Ал балалар мен кетейін сендердің топтарың жылы екен әйтпесе еріп кетермін сау болыңдар балалар.

Балалар: Сау болыңыз.

Ұйымдастырушылық ізденушілік.

Тәрбиеші: Олай болса балалар қыс ханшайымының тапсырмасын орындауға кірісейік.

.1-тапсырма:

Жұмбақ:Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап,ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?!

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілінде бізді қоршаған ортамызда қандай өзгерістер болады?

Балалар:Қар жауады,суық жел соғады,күннің көзі аз қыздырады,ағаштарды, жерді,үйдің шатырын қар басады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Енді бізге берілген қыс ханшайымының

2-ші тапсырмасын орындайық.

«Дүрбі ойыны» Шарты: Саусақтарын біріктіріп тақтадағы суретке қараймыз,суретте кімдер жүр, олар не жасап жатқанын әңгімелеп айтып береміз.

Тәрбиеші: Балалар суретші суреттегі адамдардың көңіл-күйін қалай суреттеген екен?

Балалар: Суреттен көргендерін толық,мұқият жауап береді.

Сергіту сәті: Жел улейді у-у-у-у

Боран соқты зу-зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу-гу

Шыдай алмай атырап ах-ах-ах

Билеп кетті қалтырап пах-пах-пах.

Балалар: Қимылмен жасайды.

Тәрбиеші:Қыс ханшайымының 3-ші тапсырмасын көрейік.

«Ойланып көр ойыны» трек сызба суреттен некөріп тұрсыңдар?

Балалар: Пішінен жасалған адамдар,тау,ағаш,аққала,мұрын ,көз.

Тәрбиеші: Ал енді осы сызбаға қарап өлең құрастырып көрейік.

Балалар: Бір топ бала далада,

Соқты қардан аққала.

Мұрны қызыл,үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,өте жақсы қыс ханшайымы сіздерге өте риза болып отыр. Олай болса келесі тапсырмасын орындап көрейік.

4-ші тапсырма «Ұйқасын тап» ойыны (миға шабуыл). Мен оқимын сіздер жалғастырасыздар.

Қарды ұстап тоңбадым

Қолымда бар (Қолғабым)

Аппақ екен мақтадан,

Сәбіз мұрын (аққалам)

Ауа таза,дала кең,

Сырғанаймыз (шанамен)


Араладым тауды мен,

Зырлап жүріп (шаңғымен)

-Жарайсыңдар балалар сендер мүдірмей жауап бердіңдер.

Ханшайымның 5-ші тапсырмасы бар екен соны орындап берсек қалай қарайсыңдар?

Балалар: Біз дайынбыз.

Тәрбиеші: Балалар бұл ханшайымның соңғы тапсырмасы екен.

Боран соғып ханшайымның қысқы орманын ұшырып кеткен екен бізден көмек сұрап келіпті біз ханшайымға қол ұшын беріп көмектесуіміз керек.

Балалар: алдыларына үлестіріп берілген заттарды атай отырып,оны фетр матасына бірлесіп орналастырып жапсырады (ұжымдық жұмыс) жасайды.

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар енді ханшайымға сендердің жасаған қысқы ормандарыңды апарып табыстайық.

Балалар: жасаған жұмыстарын қонақтарға көрсетеді.

Қортынды: Балаларға сұрақ қою,жауап алу. Мақтау,мадақтау,ханшайымның силығын таратып беру.


МКҚК «Балдәурен бөбекжай бақшасы»
















«Көлік түрлері»

(Ашық қарау)




Тәрбиеші: С.Атекеева
















2019ж


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!