СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Алтын киімді адам"

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы, мәдениеті, саяси тарихы және т.б.  деректермен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын киімді адам"»

Сабақ жоспары


Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сынып: 5 А, Ә, Б,

Күні:


Тақырыбы: «Алтын киімді адам».

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Оқытушылық – Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы, мәдениеті, саяси тарихы және т.б. деректермен таныстыру.

Тәрбиелік – Сақтарды ер жүрек халық ретінде сипаттай отырып, сақтардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық – Сақтардың кәсібі және шаруашылық жағдайымен танысу, қола дәуірі тайпаларымен салыстыра отырып, ортақ белгілерін, айырмашылығын тани білуге, картамен жұмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас дәстүрлі

Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, сұрақ-жауап, баяндау (әңгіме, диалог).

Көрнекілік: қосымша мәліметтер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.

V. Қорытындылау.

ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.