Тақырыбы: Жомарт Күз
Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін «Жомарт Күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық! - Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
- Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Күзгі жапырақтар»
Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.
1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)
2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.
1-бала: (Қыркүйек) 2-бала: (Қазан)
Бірінші қыркүйек Жаңартқан ғаламды
Білімге бастады. Жаңбырлы ғажап ай
Мал мен аң жүр билеп, Осынау заманды
Құс шарлап аспанды. Орнатқан қазан ай.
3-бала: (Қараша)
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға,
Тиеді көп пайдамыз?
4-бала: (Бұршақ)
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
5-бала: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
6-бала: (Орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
7-бала: (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
8-бала: (Шалқан)
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.
9-бала: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
10-бала: (Асқабақ)
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
11-бала: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
12-бала: (Пияз)
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
13-бала: (Картоп)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер (Өлең: «Күз келгенде»)
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды. (Ойын: «Кім жылдам?»)
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.
2-тапсырма:
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Бұл не? (Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)
4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты да шеше аласыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық. Ойын: «Ұйқасын тап»
Пісетін кезі дәл Күзде 2. Кіп-кішкене болса да,
Мезгілсіз оны үзбе. Ағаштың басын иеді.
Аузыңнан кетпес бал дәмі Жемістерін айырып,
Оның аты-(шабдалы) Танисың ба...?(шиені)
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты....(таңқұрай) (Ырғақ биі)
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
14-бала: (Алмұрт) 15-бала: (Алма)
Мен алмұртпын, алмұртпын, Мен алмамын, алмамын,
Аузындамын бар жұрттын. Таңдай жұлар бар дәмім.
16-бала: (Анар) 17-бала: (Жүзім)
Бұтақтан үзілген Мен жүзіммін, жүзіммін
Жарылса анармын Моншақ болып тізілдім.
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
18-бала: (Өрік) 19-бала: (Шие)
Өрікпін, мен өрікпін, Мен шиемін, шиемін,
Бау-бақшаға көрікпін Күннің көзін сүйемін.
Баптап мені күткен соң, Қышқыл шырын менде бар,
Талды бойлап өріппін. Төмен бас иемін.
Ән: «Күз жомарт»
Күз ханшайымы:
-Өте тамаша,балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады. Көздеріңді жұмып, жемісті жеп, қай жеміс екенін айтасыңдар. (Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)
Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө.Тұрманжанов
Тәрбиеші:-Енді, Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық. «Мақал- мәтелді жалғастыр»
1.Еңбек түбі--------------------
2.Еңбек етсең ерінбей--------------------
3.Адам жерге нәр береді, Жер адамға---------------- Ән: «Жау,жау жаңбыр»
Тәрбиеші:
Бидай, арпа, тары бар,
Сұлы, күріш бәрі бар.
Әне жырлап барады,
Әнге құлақ салыңдар. (Ортаға әуенмен дақылдар шығады.)
20-бала: (Бидай)
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
21-бала: (Арпа)
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.
22-бала: (Тары)
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарызын.
23-бала: (Сұлы)
Мен сұлымын, ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.
24-бала: (Күріш)
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Тәрбиеші: Дақылдар, сендерге көп рахмет! Қолшатыр биі.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол, Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. (Тақтадағы мақал-мәтелдерге назар аудару) Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің балабақшадан қалмау. Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.