Просмотр содержимого документа
«Алтынемел Ұлттық паркі»
Алтынемел Ұлттық табиғи паркі
- Алтынемел — Жоңғар Алатауы оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи парк. Жер көлемі — 520 мың гектар. Парк аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды
Ол Алматы облысы Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан. Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы,Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» («Айғай құм») кіреді.
Әнші құм сиқыры
Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.
Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқыт орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтатын аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні – ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені.
Бесшатыр қорғаны Алтынемелдің көрнекті орындарының ішіндегі ең танымалы – Бесшатыр хан қорғандары. Сыртынан қарағанда, биіктігі жиырма метр болатын қарапайым төбелерге ұқсайды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде біздің заманымызға дейінгі VII-III ғасырларда өмір сүрген сақ көсемдері жерленген. Қорғандарды бойлай, бетінде жануарлар бейнесі қашалған 45 кесек тас тізіліп тұр.
Сонымен қатар, осы жерде белгілі Тамғалы тас – тастарға салынған ежелгі суреттер ескерткіші орналасқан. Бұл суреттер екі мың жылдан астам уақыт бұрын, шамамен біздің заманымызға дейінгі XVI-XIV ғасырларда салынған еді. Негізінен бұл суреттер –Үндістан мәдениеті білгірлерінің арасында танымал буддистік жазбалар мен құдайлар бейнесі. Тамғалы таста VIII-IX ғасырлардан қалған түркі сына жазуы да сақталған. Бұл жазу қыпшақтардан қалған болуы мүмкін.
Алтынемелдің флорасы
- Алтынемел өсімдік пен жануарлардың ерекше түрлеріне бай. Паркте өсімдіктердің 634 түрі өседі, олардың 41 сирек кездесетін, ал 27-уі эндемик өсімдіктер, яғни сол жерде ғана кездесетін өсімдіктер қатарына жатады. Сондай-ақ бұл жерде алып шегіршін ағашы 700 жылдан астам уақыт бойы өсіп келеді. Оның алыптығы сонша, сегіз адам бірігіп қана оны қапсыра құшақтай алады. Бұл шегіршіннің жанындағы бұлақтан Шыңғысхан жауынгерлері шөлін қандырған деседі. Бұл жерде қабығы өте қатты ағаш та бар, бұл ағаштан ежелгі адамдар садақтарына жебе дайандаған. Бұл ағашты «тас ағаш» деп те атайды.
Алтынемелдің фаунасы
Паркте тіршілік ететін жануарлардың ішіндегі 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың ішінде ілбісін, жабайы сабаншы, Орта Азиялық өзен кәмшаты, тағы басқалары бар. Осы жерде тіршілік ететін құстардың қырық түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда мекен ететін жорғалаушылардың жартысынан артығы Алтынемел сулардында тіршілік етеді. Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы сазан, жайын, ақтабан, көксерке, ақбалық т.б. балықтарға бай.
Алтынемелдегі демалыс
Іле өзенінің құмды жағалауында дем алып, күнге күйіп, жылы суында шомылуға болады. Осы жерде тұрып, өзеннің ар жағынан көрінетін, 100 метрлік қызыл тасты жартас көрінісін тамашалауға болады. Алтынемелдегі бір көрнекті орыннан екіншісіне барар жолда қымыз бен шұбаттан дәм татуға болады. Не бомаса, біраз аялдап, жылқы немесе түйеге мінуге болады.