Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 10.12.2019 ж
Тәрбиеші: Испаева Б.К.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:Қарапайым математикалық ұғымдармен таңыстыру
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы:Алыс-жақын
Мақсаты:
Тәрбиелеу:
Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық:
Логикалық ойлауын , есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқыту:
Өзінің айналасындағы заттарды орналасуын (жақын-алыс, биік, аласа, жоғары-төмен, алда, артта) анықтауға үйретуді жалғастыру.
Педагогикалық технологиялар: дамыту, оқыту
Ресурстармен қамтамасыз ету: қуыршақ театрының кейіпкерлері
Билингвалдық компонент: үш – три, төрт – четыре, ағаш – дерево, қоян – заяц.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Жыл мезгілерін атайықшы?-Кыс мезгілінеде неше ай болады?– Балалар, үстелдеріңде сандар жатыр. Сандарды ретімен орналастырамыз.
ІІ.Негізгі бөлім.
1-тапсырма. Қуыршақ театрының кейіпкерлері – қоян, түлкі және қасқыр балаларға қонаққа келеді. Олар бір нәрсеге келісе алмай қалыпты. Сөйтсе, достар кімнің қайда және қалай баратынын шеше алмай отыр екен. Тәрбиеші қонақтарға басу айтады және балалардан көмек сұрап көрелікдеген ұсыныс жасайды.
Тәрбиеші балалардан сұрайды: –
Суреттегі көліктердің аты қандай және неше дөңгелегі бар?:
– Бағыт сызығымен кімнің ойыншығы қайда екенін көрсетіңдер.
Машине кімдікі?
– Самокат кімдікі? Педагог балалардан: – Велосипед кімдікі? – деп сұрайды.
Аңдар балаларға алғыс айтып, кетіп қалады. Қоян балалармен бірге қалады.
2-тапсырма. Суретте неше қоян болса, сонша дөңгелек салуға тапсырма береді.
Сергіту сәті:
3-тапсырма. Қоян айтады: – Менің үйім тиін мен кірпінің үйлерінің арасында. Кәне, балалар, айтыңдаршы, біздің қайсымыз тиіннен алыс тұрамыз: мен бе, әлде кірпі ме? Кәне, жауабын тауып көріңдер.
Қоян бәріне рақмет айтып, кетіп қалады.
4-тапсырма. Тәрбиеші екі суретті мұқият қарап шығып, олардың айырмашылығын табуды сұрайды. – Неше айырмашылық тапсаңдар, сонша дөңгелекті бояңдар. Жұмысты аяқтағаннан кейін тәрбиешібалалардан сұрайды:
– Неше дөңгелек боядыңдар? – Қандай айырмашылық таптыңдар?
Қорытынды: Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды оқу қызметінде белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. Балалардан қорытынды шығаруды сұрайды: 4 артық па, 5 артық па?
Балалардың жауаптары
Ересек«Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18.12.2019 ж.
Тәрбиеші: Испаева Б.К.
Білім беру саласы: «Коммуникация» «Таным»
Пән: Сөйлеуді дамыту.Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Жаңа жылдық сыйлықтар»
Тақырыбы: «Ж», «Ш»дыбыстары. Шырша ойыншықтарын құрастыру.
Мақсаттары:
-Тәрбиелік: Балаларға халық шығармашылығын , мақал-мәтел , жаңылтпаштарды ұғындыру арқылы тәрбие беру. Ойыншықтарды қағаздан жасау арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету
-Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын ,сөздік қорларын , «Ж» мен «Ш» дыбыстарды таза , анық айту дағдыларын дамыту. Ойыншықтарды дұрыс сала білуге жаттықтыру.
-Оқыту: Балаларға мақал-мәтел , жаңылтпаш туралы түсінік беру. Шырша ойыншықтарын жасатып үйрету
Педагогикалық технологиялар:ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер
Билингвалдық компонент:қыс зима,жел ветер,шана санки
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?(балалардың жауабы)
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?және ай аттарын сұрау.(қыс мезгілі,желтоқсан,қаңтар, ақпан)
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?(қар жауады,аяз болады,боран соғады)
II. Негізгі бөлім:
Кәне балалар гуілдеп жел болайықшы.Жел болған кезде гуілдеген дыбыстар шығады.Жел қатты болған кезде боран болады,сол кезде жол көрінбейді.
Балалар біз не болдық?(жел)
«Жел» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?(ж)
Сосын біз жол деген сөзді айттық.
Балалар бәріміз «ж,ж,ж,»деп қайталайықшы.
«Ж»дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталау.
Жа,жа,жа,жаңа
Жа,жа,жа жалау
Жо,жо,жо жол
Же,же,же жер
Балалар қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?(қар ату,сырғанақ тебу,шанамен ойнау)
Шана сөзін айтқанда қай дыбыстан басталып тұр?(ш)
«Ш»дыбысын дұрыс етіп ажыратуға арналған жаттығулар орындау:
Ша,ша,ша шана
Шы,шы,шы шыны
Ше,ше,ше шелек
Ойын: «Кім жақсы тыңдайды»
Жаңылтпаш жаттау:
Жақсы қайшы,
Қайсы қайшы
Шыңылтыр
Көкше мұз
Жып,жылтыр
Балалар,қандай мереке бізге жақындап келе жатыр?
Осы мерекеде бізде шырша болады,біз оны немен безендіреміз?
Балалардың жауаптары.
-Дұрыс айтасындар,ал енді біз сендермен осы парақтардан шыршаға арналған ойыншықтар құрастырамыз.
Балалар тәрбиешімен бірге ойыншықтар құрастырады.
Қорытынды:Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.Балалардың жұмыстарың қабылдап мадақтау.