Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова
Күні: 03.03.2017 жыл
Тақырыбы: «Ана-асыл әнім!»
Түрі: Мерекелік концерт
Жүру барысы:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.
Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Аналар мерекесіне тұспа –тұс келіп отырған мерекелік концертке қош келдіңіздер!!!
Ән: «Анаға сый»
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
(жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, тақпақтарын айтып сахнадан шығып кетеді).
2-жүргізуші: Құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.. Әрдайым гүлдей құлпырып біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Бүгінгі «Ана-асыл әнім!» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіз Серікбекова Жанардың орындауындағы «Жан Ана» атты әнін қош еметтеп қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып 9-сынып оқушысы Дүйсенбекова Толқынның жүрекжарды тілегін ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілердің орындауындағы «Бибі» биі
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті Қанатұлы Дәулетпен
Манапов Әділдің орындауындағы «Ана-Әке» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, 7-сынып оқушысы Кенжебекова Ақнұрдың орындауында «Анаға арнау» көркем сөзі.
1-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі өзбек биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер.
2-жүргізуші:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.- деп 8- сынып оқушысы Тұрсынғалиева Айгерімнің орындауындағы «Бақытты әйел» әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
2-жүргізуші:
Бишілер бар бізде ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті «Адай » биіне берсек.
1-жүргізуші:
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.- дей келе Төлегенов Темірланның орындауындағы «Тәтті ару» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді дүниеге әкелетін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас ие отырып Тоқтауова Айназдың орындауындағы «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Хор «Атамекен».
2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен кешіміз аяқталды, - дей келе сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөнігдегі орынбасары Бақытгүл Назарбекқызына құттықтау сөз береміз.
Бірге: Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз мерекесі құтты болсын!
«Көктүбек орта мектебі» КММ

Мерекелік концерт
Тәлімгер: А.Тәкібаева
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Г.Нугыманова
Музыка пәнінің мұғалімі: Е.Шоланов
2016-2017 оқу жылы