«Ана өмірдің шуағы»
Музыка әуенімен үш бала залға кіреді.
1-бала. Мереке де келіп қалды,
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді,
Залды қылдырайық әдемі.
2-бала. Айттым ғой мен сендерге,
Үлгермей қаламыз деп!
Бәріне кінәлі өзіміз
Өлең айтсақ болғаны!
3-бала. Ұлдар, ұлдар, ұрыспаңдар,
Әне, өздері де келіп тұр!
Көңілдірек жымияйық,
Біздің қыздар келіп тұр!
/Музыка ырғағымен балалар залға кіреді./
Бәріне бүгін не болды?
Қыздар неге әдемі?
Мен түсіндім бұл күнді,
Наурыздың сегізі.
Жүргізуші: Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, сымбатты қыздар!
-Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8- наурыз халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын сәулесі.
Өмірге ана - бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер, ана ғана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанды да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Жүргізуші: Ана десем, сезім билеп тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық дей келе, - «Інжугүл» тобының балаларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ана өмірдің шуағы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән жырменен ашайық!
Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Тақпақтар: 1.2.3.4.5.6.7.
Жүргізуші: Наурыз - көктемнің алғашқы айы. Жерде қар әлі бар, бірақ күн оны ерітуде.
/Музыка ойнайды, Күн залға кіреді./
Күн: Армысыздар, балақайлар! Мен сендерді кездестіргеніме өте қуаныштымын! Мүмкін байқаған шығарсыңдар.
Кетті менің жоғалып сәулелерім,
Күні бойы іздедім әурелендім.
Көрдіңдер ме балалар жолдарыңда?
Маған деген болсыншы бір көмегің.
Жүргізуші: Бұл жағдайда сені еш тастамаймыз,
Мүмкіндікше бәрін де біз дұрыстаймыз.
Қанекей балақайлар іздейікші,
Қиындықта бос қарап тұра алмаймыз.
Ойын: «Күн сәулелерін тауып құрастырады»
Жүргізуші: Мың бұралып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Күміс көмей қыздарға,
Кімдер басын имеген.
Би: «Күн»
Күн: Балалар мен сендерге қызығып тұрмын.
Көмектестіңдер, балалар!
Рахмет сендерге,
Сәулелерді таптыңдар іздеп түзде.
Сары жолақ жолдарда мен келемін,
Әр кезде сәуле шашып түрленемін.
/Күн балалармен қоштасып кетеді/
Жүргізуші: Көктем мезгілі аналардың мейрамын алып келді. Балалар, көктем мезгілінің басқа қандай ерекшеліктері бар?
Балалар: Күн жылына бастайды, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік атады, гүлдер көп болып өседі.
Жүргізуші: Балалар, міне көктемнің де жылы күндері келіп қалды. Бір әдемі дыбысты естіп тұрсыңдар ма? Ол көктемнің әні емес пе?
/Залға көктем кіреді/
Көктем: Гүлге толып құшағым,
Құлпырады кең далам.
Тіршіліктің бастауы,
Гүл көктемің мен болам!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Жүргізуші: Көгеріпті төбешік,
Өңіріне шөп өсіп.
Бастап думан сауықты.
Алақай - ау, ақ бұлақ.
Көктем келіп қалыпты!
-Қош, келдің көктем!
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Тақпақ айтып, би- билеп
Жалғастырар ойды -ой.
Тақпақтар: 1.2.3.4.5.6.7.
Жүргізуші: Бишілердің аяғы,
Би дегенде тұра алмас,
Мың бұралып билеп берсе,
Қандай қонақ қуанбас.
Би: «Гүлдер»
Жүргізуші: Ойнайықшы бәріміз сауық құрып,
Ойнайықшы ойынды, балақайлар!
Кел балақан, қосыл бізге алақайлап.
Ойын: «Жалауша»
Жүргізуші: Қатемді дұрыстайтын әже,
Айғайлап ұрыспайтын әже.
Алысқа кетсең сағынамын,
Дейтін әже.
Ән: «Әжетайым»
\Музыка әуенімен Карлығаш кіреді.\
Сәлеметсіздер ме балалар! Мен жылы жақтан келдім, достарымды іздеп жүрмін.
Ой, менің достарым мында екен ғой, мен қатты қатты қуанып тұрмын. Қуанышымда шек жоқ.
Би: «Қарлығаш»
Жүргізуші: Жігіттер қыздарға дайындаған сыйлықтарың қайда?
Жүргізуші: Көктем күні ерекше,
Толы қуаныш күндерге,
Соның бірі бүгінгі,
Аналардың күнінде,
Мың бұралып би билейді,
Біздің топтың ұлдары.
Би: «Шетел би»
Жүргізуші: Ата аналардың жарысы,
Дәл осылай басталсын,
Ойын ойнап бір сәтке,
Жастық шағын еске алсын.
Ойын: «Өз жұбыңды тап»
Жүргізуші: Той тойлап дала мен қалаларың,
Мереке құтты болсын аналарым.
Аналарға арналған сыйлықтарын,
Сыйлауға келе жатыр балаларың.
/Балалар сыйлықтарын ұстап шеңберге тұрады/
Жүргізуші: Рахмет, рахмет.
Осымен ертеңгілікті аяқтайық,
Аналарды тағы бір құттықтайық.
Егеменді еліміз аман болсын,
Аман болсын барлық бала, бүкіл халық!
Жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер! Тағы да сіздерді құттықтаймыз.
Осымен, біздің ертеңгілігіміз аяқталды.
Бала үшін отқа, суға түсетін,
Бала күлсе ол да бірге күлетін,
Сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Ескалиева А.Е. берейік,
Баласының амандығын тілейтін.