СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ана тілі. ?аза?стан - Республикам мені?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?стан - Республикам мені?. 72, 73 - жатты?у. Саба?ты? ма?саты: Білімділік: ?аза?стан Республикасы туралы айтып ?ту, т?сіндіру. Тасымал туралы т?сінік беру, білімдерін ке?ейту. Дамытушылы?: С?здік ?орларын молайту, танымды?, ізденімпазды? ?асиеттерін ?алыптастыру, шы?армашылы??а баулу, ?з ойын еркін жеткізуге да?дыландыру.

Т?рбиелік: О?ушыларды Отан с?йгіштікке, адамгершілікке, еліні? Туын, Елта?басын; ?н?ранын ?астерлеуге, хал?ыны? тарихын білуге т?рбиелеу. Саба?ты? к?рнекілігі: ?аза?стан Республикасыны? картасы, р?міздері,Абай ??нанбаевты?, С?кен Сейфуллинні? портреті,  Т?леген  То?таров, М?нш?к Маметованы? портреттері,  тапсырмалар. Саба?ты? т?рі: аралас саба? Саба?ты? ?діс - т?сілдері:т?сіндіру, с?ра? - жауап, шы?армашылы? ж?мыс, СТО технологиясы. П?наралы? байланыс: д?ниетану, музыка.  

Просмотр содержимого документа
«Ана тілі. ?аза?стан - Республикам мені?.»

Ана тілі Мерзімі:________


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - Республикам менің. 72, 73 - жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасы туралы айтып өту, түсіндіру. Тасымал туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын; Әнұранын қастерлеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, Абай Құнанбаевтың, Сәкен Сейфуллиннің портреті, Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Маметованың портреттері, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, СТО технологиясы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін, ынта-жігерлерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) «Отан» өлеңін жатқа сұрау.
2) Сұрақ:
- Балалар Отан деген не?
- Отан дегеніміз біздің еліміз, туып өскен жеріміз, ата - ана, ауылымыз. т. б.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі 

      Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің 

      Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

      Даңқың атсын егеменді елім менің ,

      Серігіне айналшы мәңгіліктің.

      Айтыңдаршы өрендер тез ойланып,

      Аталады қалай деп, туған елің?

М: Оқушылар біздің Республикамыз қалай аталады ?

О: Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.

Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.

Қазақстан – Тәуелсіз көп ұлтты Мемлекет. Біздің Елордамыз - Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - Қазақ тілі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.

(Слайд арқылы түсіндірме жасау)

2. Оқулықпен жұмыс 85 - бет.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.
3. Сөздік жұмысын жүргізу

айқас –  атыс, қақтығыс, соғыс, шайқас.

алқым сыққан – жауды жеңген.

ажалға – өлімге

намысты – өжет

қамба – астық құятын, сақтайтын жер

4.Өлеңді оқушыларға шумақтармен оқыту

5.Өлеңге талдау жұмыстарын жүргізу. (Слайд арқылы түсіндірме жасау)
6. Сұрақтарға жауап алу

1) «Айқаста жаудың алқымын сыққан» - дегенді қалай түсінесіңдер?

2) Осы өлеңде қандай есімдер аталған?
Төлеген, Мәншүк – Отанымызды жаулардан қорғаған Батыр жауынгер ұлы мен қызы.
Абай Құнанбаев - ұлы ақын, данышпан, дана, дара тұлға.

Сәкен Сейфуллин - жазушы, сұлулықты жырлаған асқақ ақын.

7. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру

8.Өлеңнің авторы Д.Әбілов туралы айту.


Сергіту сәті


Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.


Шығармашылық тапсырма.

«Қызықты ұйқастар» шешейік.



1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/

2. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
3. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/



3. Дәптермен жұмыс.

-Тасымал дегеніміз не?- Мысалдар ойлап айтқызу

Тасымал ережесін сұрау, мысал келтіру.

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис) қойылады. Мысалы: ұс-таз, те-ре-зе, мек-теп.


72 - жаттығу.

1.Оқыңдар. Сөздердің буын санын анықтаңдар.

2.Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.
Үлгі: Құ - ры - лыс - шы - лар
1) құ - рылысшылар
2) құры - лысшылар
3) құрылыс - шылар
4) құрылысшы – лар

Те-мір-жол-шы-лар

1) темір-жолшылар

2) теміржол-шылар

3) те-міржолшылар

4) теміржолшы-лар

Кі-тап-та-ры-мыз

  1. кі-таптарымыз

  2. кітап-тарымыз

  3. кітапта-рымыз

  4. кітаптары-мыз

Дәп-тер-ле-рі-міз

  1. дәп-терлеріміз

  2. дәптер-леріміз

  3. дәптерле-ріміз

  4. дәптерлері-міз


IV. Қорытынды:
- Балалар сендер елімізге, жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
- Еліміз бай болсын!
- Халқымыз аман болсын!
- Жеріміз тыныш болсын!

Бағалау, мадақтау. Үйге: 85 – бет «Қазақстан - Респуликам менің» өлеңін жаттау.73 - жаттығу.



 


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!