«Ана тілі –құламайтын бәйтерек » атты 21 ақпан халықаралық Ана тілі мерекесіне арналған кештің сценарийі
1 - жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2 - жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
21 ақпан халықаралық Ана тілі мерекесіне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
1.Қазақ күйі орындалады
1- жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев »Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»мақаласында :»Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»,-деп атап көрсеткен.
2 – жүргізуші:
Иә,сонымен қатар Елбасымыздың: «Кеше болмағанның бүгіні болуы мүмкін, бүгіні болмағанның ертеңі болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз», -деген сөзін де жадымызда ұстауға тиіспіз.
1– жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
2 – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.
2.Сахналық көрініс « Ата-бабадан жеткен асыл мұра»
1 – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
2 – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
1– жүргізуші:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
2 – жүргізуші:
Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама?Біздің мектебімізде де әр алуан ұлттың өкілдері білім алуда,ендеше келесі кезекте сол өнерпаздарымыздың өз ана тіліндегі өнерлерін тамашалайық!
3.Мектебіміздегі оқушылардың орындауында әр түрлі ұлттардың өнері
Өзбек биі- 5»А»,5»Б» сынып оқушылары
6»Г» сынып оқушылары Бердикулова Жансая,Заитова Озода-қырғыз тілінде ән
6»В»сынып оқушысыОрунбаева Аделина-қырғыз тілінде өлең оқиды
7»Г» сынып оқушысы Пулатова Ширина-өзбек тілінде өлең оқиды
8»Г» сынып оқушысы Янбулатова Камилла-татар тілінде оқиды
Орыс халқының әні орындайтындар:Оңғарова Фариза,5»Б» сынып оқушылары Манап Балауса,Мырзахан Бірғаным
Ағылшын тілінен көрсетілетін номерлер: “ Британия мен Солтүстік Ирландиядағы Біріккен Ағылшын карольдігі”
Қатысатын оқушылар 5 «Ә» сынып оқушылары: Абзел Аружан мен Сұлтан Алтынай.
Тіл туралы тақпақтың аты: «The English language is known world wide»
«Ағылшын тілі бүкіл әлемге әйгілі»
Оқитын 5 «В» сынып оқушысы: Орахат Аяулым
«Қазақ биі» орындайтындар 2-сынып оқушылары
Бұдан әрі қарай әр ұлт өздерінің ұлттық тағамымен таныстырады.
1 – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
2-жүргізуші:
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
4.Ән «Жаса,қазақ» орындайтын 8 «Б» сынып оқушысы Мавланберді Дәуірхан
5.Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
1-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз. Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
2 – жүргізуші:Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Сөзіміздің соңғы түйінін :»Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз!.Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!!-деген Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтаймыз.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!