| Сабақ мақсаты: оқушыларға ананың қоғамдағы,өмірдегі,ұрпақ тәрбиесін- дегі орны туралы түсінік беру Міндеттері: - оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру; -балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік,қадір-құрмет сезімдерін дамыту; -адамзат баласының алдындағы үлкен парыз-ананы сүюге,ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу. | Ресурстар: буклет,газет,жүрекшелер ,даналық сөздер |
| Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті: нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Бес Т-ны еске түсіру Жағымды күйге келу Үй тапсырмасын тексеру №29сабақ 115 бет «Ана – өмір тірегі» Ж.Дәулетбек Сұрақтар: Ана – өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер? Ананың қоғамдағы, отбасындағы өмірі туралы не айтар едіңдер? | Үнтаспа Оқулық  |
Жаңа ақпарат: Адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттердің бәрі анадан… Ананың тілі, ананың мейірбандығы, ананың махаббат сезімі, ізгілігімен ізеттілігі, ақ көңілі мен адал ниеті – бәрі – бәрі адамға ана құрсағында жаттқанда – ақ түйіндеп, ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңеді. Батыр да, бағылан да, көсем де, шешен де, данышпан да – бәрі анадан. Сондықтан да болар – ау, атам қазақ ана парызын әке парызынан әлдеқайда жоғары қояды. «Анады көтеріп, меккеге үш рет апарсан да, анаға мәңгі бақи қарызсың» деген сөз соны анғартпайма? Әркім өз анасымен мақтанады, оны мақтайды, мадақтайды. Мен де, ел сияқты, анаммен мақтанамын, тұла бойымда титімдей ізгі қасиет болса, оны сол анамнан ауысқан деп білемін… |  |
Дәйексөз «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.» Н. Назарбаев | |
Бейне-көрініс көрсету. | Бейне материал |
Топпен ән айту: Шет журсем - сагынарым, Жабыксам – шагынарым. Анашым бір озінсін – Табынарым. Кайырмасы: Анашым, шалкып келсен, Алдымда узак журсен – Журегім жыр толгайды, Конілім ортаймайды. Анасы бар адамдар Ешкашан картаймайды. Ушырган сункарынмын, Кияга шыркарынмын. Байгеге озін коскан – Тулпарынмын. Кайырмасы: Анашым, шалкып келсен, Алдымда узак журсен – Журегім жыр толгайды, Конілім ортаймайды. Анасы бар адамдар Ешкашан картаймайды. | Караоке  |
Рефлексия «Әлемді тербеткен мейірім, оның иесі менің АНАМ, себебі ол... сөйлемін аяқтау | |
Үй тапсырмасы. «Менің ана тілімде» Ә. Нарымбетов 121 бет оқу, мазмұндау. | Оқулық, дәптер |
Соңғы тыныштық сәті. №3 (Орманға саяхат ) Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, оның табиғатпен байланысын сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылуы мүмкін. (Баяу музыка ойнап тұрады) - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. | Баяу музыка |