СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ана тілім-айбыным!

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ана тілім айбыным"  ашық тәрбие сағаты Тілдер мерекесінде өтті.  Бұл ашық тәрбие сағатында тілге байланысты өлең жолдары бар. Балалар өте белсенділік танытты.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілім-айбыным!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды туған ана тіліміздің қасиетін,қадірін біліп, құрметтуге,сүюге тәрбиелеу. Отанға,туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу. Барлық баланы бір-бірімен ана тілімізде сө»леуге ой бөлу.

Жүргізуші: Қымбатты бүлдіршіндер, қонақтар! Сіздер «Қарлығаш» балабақша балаларының «Ана тілім-айбыным» атты ашық тәрбие сағатына

Қош келдіңіздер! Бүгінгі шарада біз туған тілдің мәртебесін асқақтатып, өзге халық өкілдерінің қазақ тілін меңгеруін сөз етеміз.

Туған тілім- айбыным,

Туған тілім- ай,күнім

Туған тілде айтылар,

Жүректен шыққан ән-жырым.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.

Жүргізуші: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымызға өзге ұлт өкілдері де келіп отыр... Орыс,қырғыз,белорус,грузин т.б. ұлттар.

Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдерші? Біздің Отанымыз қалай аталады? Сендер бір-біріңмен қандай тілде сөйлесесіңдер?

Асылжан: Ана тілім-елім,

Қажыр,қайрат,күшім

Ана тілім демім

Ана тілім дінім.

Нурислам: Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Туған тілде айтылар сыр ойдағы.

Дінмұхаммед: Ана тілім анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Бойға біткен қаным.

Аңсар: Ана тілім менің,

Әлдилеген әнім

Ана тілім елім

Бабам артқан сенім.

Медина:Туған тілім айбыным,

Туған тілім ай,күнім

Туған тілде айтылар

Жүректен шыққан ән-жырым.



Ернияз: Жанымнан да қымбат

Ана тілім маған.

Ана сөзін тыңдап

Үлгі,өнеге алған.

Жүргізуші: Балалар, кім тіл турлы мақал-мәтелдер біледі!?

Медина: «Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады»

Аружан: «Тіл-қылыштан да өткір»

Асылжан: «Тіл-халықтың жаны»

Дінмұхаммед: «Өнер алды,қызыл тіл»

Нурислам: «Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі-ой өсіреді»

Закир: «Ана тілің анаң,

Қалдырған оны бабаң»

Ернияз: «Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ

Тілден терең теңіз жоқ»

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Сендер бүгін тілдің қадір-қасиеті туралы түсініп, білдіңдер. Ана тілімізді құрметтеу керек екендігін ұғынып,білдіңдер.

Закир: Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте...

Ән: «Ана тілім-ардағым»,орындаған:хор

Сабақ соңында өзге ұлт өкілдері өздері дайындаған ұлттық тағамдарын ұсынады.