СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ана тілім ардағым

Нажмите, чтобы узнать подробности

тақырыбы:  ана тілім ардағым. мақсаты: балаларды өз ана тілін қастерлей білуге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілім ардағым»

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ана тілім-Ардағым

Мақсаты: Ана тіліміз туралы түсінік беру.

Білімділік:Балаларға өз ана тіліміз туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Балаларға өз анатілдерін жетік менгеріп, ұшқыр да, шешен сөйлеуге баулу.

Тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге, тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар:Тіл туралы нақыл сөздер, суреттер.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері:

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қуатымсың, күшімсің.

Ана тілім!

Тіл бар ма екен

Саған жетер әлемде?

Егер сендер көрсеңдер,

Ана тілдің данасын,

Иіліп бір сәлемдес.


Жарайсыңдар балалар!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


Күз мезгілінде неше ай бар?


Үш айды кім айтып береді?


Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?







Бір аптада неше күн бар?


Маған аптаның жеті күнін кім айтап береді?








Балалар көңілді кұүйде шаттық шеңберін орындайды.








-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінде үш ай бар.


-Қыркүйек, Қазан,Қараша.

-Күз мезгілінде ауа-райы салқындай бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге туседі.



-Бір аптада жеті күн бар.

-Дүйсенбі

-Сейсенбі

-Сәрсенбі

-Бейсенбі

-Жұма

-Сенбі

-Жексенбі


Ұйымдастырушы-лық ізденістік

Негізгі бөлім:

Әңгімелесу.

Қазіргі таңда елімізде ана тілімізге деген көп көңіл бөлінуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз қазақ тілі мемілекеттік тіл тіл болып бекітілді. Ана тілімізсіз іс өрге баспайды.

Ана тілімізді құрметтейік!

Адал перзент ана сүтін ақтаған,

Ана Отанын жаудан қорғап сақтаған.

Өзге тілден оңдырады не тауып.

Өз тіліңнен інжу-маржан таппаған,-деп айтқан екен дана халқымыз.


Балалар сендер Ана тілдерің туралы тақпақтар білесіңдерма?



Жарайсыңдар балалар!

Сендер Ана тіліміз турулы мақал-мәтелдер білесіңдерма?








Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ.

Жақсы серігіп қаламыз.





Балалар мұқиат тыңдайды












Балалар Ана тілі туралы тақпақтарын айтады.



Балалар өздерінің білетін мақал-мәтелдерін айтады.

*Ақыл көркі-тіл,

Тілдің көркі-сөз.

*Көңіл-гүл,

Тіл-бұлбұл.

*Ана сүті-бой өсіреді,

Ана тілі-ой өсіреді


Балалар сергіту сәтін қимылдармен орындайды.



Жарайсыңдар балалар!

Балалар біздің неше байлығымыз бар кім айтады?

«Төрт байлық» бар екен, кім аттарын атап береді.




«Төрт байлық» туралы тақпақ кім айтады?












Ойын: Ойлан тап.

Шарты: Әр түрлі суреттер ілінеді соларға қарап сөйлем құрастырады.







-Төрт байлығымыз!


-Денсаулық

-Еркіндік

-Тіліміз

-Күш-қайрат.


Балалардың тақпағы

*Денсаулық-бірінші,

Сол жаныңда жүрсінші


*Екінші –еркіндік,

Құсша самғап желпіндік!


*Үшіншісі-тіліміз,

Онсыз жоқ ау күніміз!


*Төртіншісі-күш-қайрат,

Арманыңа ұш жайлап!



Балалар ойынды қызыушылықпен ойнайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Балалар бүгін біз не туралы өттік?

Балалр сендерге ұнадыма?

Балалар біз ана тілімізді Қастерлеп құрметтеуіміз керек екен .

Жарайсыңдар балалар сендер оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

Балдарды мақтау, мадақтау.


-Ана тіліміз туралы.

-Иа

-балалар бір бірімен оқу іс-әрекетінде алған әсерлерімен бөліседі.









Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Өз ана тілдері туралы білулері керек.

Нені игеру керек:«Төрт байлық» тың мағынасын игеру керек.

Нені біледі: Сұрақтарға толық жауап беруді біледі, тақпақтарды мәнерлеп айуды біледі.