Білім беру саласы: Таным Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Жер – Ана» Тақырыбы: «Анаға сыйлық»
Мақсаты: Тәрбиелеу:Тиянақты жұмыс жсасауға ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамыту: Анасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, қиялдарын дамыту
Оқыту:Балалардың мереке туралы түсініктерін кеңейту. Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, сандар Билингвалдық компонент: сыйлық-подарок
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де!
Қуанайық достарым
Жарқыраған күнге!
-Балалар, бізді өмірге әкелген,мына жарық дүниені сыйлаған кім?
-Ол-Ана!
-Аналарымызды бәріміз жақсы көреміз.
-Балалар,сендердің аналарың қандай?
« Менің анам.....» ойынын ойнайық.
Шарты: балалар аналары туралы мақтау сөздер айтып, күннің шуағын жапсырады.
Ана туралы тақпаққа кезек берейік.
-Балалар, наурызда қандай мейрам болады?
-Аналарыңа сыйлық сыйлағыларың келе ме?
ІІ. Негізгі бөлім.
Осы кезде қонаққа Қуыршақ Аружан келеді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Көңіл күйлерің қалай?
-Балалар, мен анама 8-наурыға қандай сыйлық сыйласам деп сендерден көмек сұрай келдім. --Маған көмектесесіңдер ме?
-Балалар, сендерге жұмбақ жасырсам шешуін табасыңдар ма?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған!
Ол кім, балалар?
Ол-Ана!Олай болса, балалар, анамызға арнап барлығымыз бірігіп сыйлық жасайық.
Балаларға үлгі көрнекілікті көрсетіп аналар мерекесі қарсаңында аналарына әдемі сыйлық жасап үйренетіндерін айтады. «Мынадай сыйлық жасауға келісесіңдер ме?» - деп үлгіні көрсетіп, талдау жасайды. Қағаз түстеріне балалардың назарын аударады.Педагог әр балаға қос бүктелген қатты қағазды таратады, оған әдемі гүлдер жасау үшін мені мұқият тыңдаңдар деп түсіндіреді. Алдымен гүлдің сабақтарын және жапырақтарын жасыл түсті қағаздан қиып аламыз, оны ораймыз (немесе бұраймыз), сабақтары дайын болған соң, гүлдерін жасау үшін әр түсті қағазды алып, алақан арасына салып умаждап, оны жұмсартамыз, бірнеше рет ашып, қайта умаждаймыз. Көк, сары, қызыл түсті қағаздарды умаждау арқылы гүлдерді жасап, оны гүлдің сабағына орнатамыз.
Сергіту сәті:
Домбырамды тартамын,
Күйді де шертемін.
Бұрала би билеп
Сурет те саламын.
Балалардың қағазды қалай умаждағанын және ол гүлге ұқсағанын педагог қадағалайды, жеке көмек көрсетіледі.
Билингвальды компонент: сыйлық-подарок
ІІІ. Қорытынды.
Балалардың жасаған сыйлықтарын тақтаға іліп, көре ұйымдастыру.
Мадақтау
Жүрекше тарату