СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сценарий утренника «Аналар -асыл қазынам» для средней группы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аяулы  аналар ! Ардақты әжелер!  Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Аналар мерекесімен шын жүректен құтықтаймын.Ана - ең аяулы жан. Ол нәресте іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап, өмір бойы өз ғұмырын балаға арнайды. Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан –ол қасиетті Аналарымыз.

Ана деген –арайлап атар таң емес пе,

Ана деген –ардақты , асыл жан емес пе ?!

Балаларын әсем гүлдей жайнатқан,

Ана деген –бақытыңның бағы емес пе?-деп балаларыңыздың мерекелік бағдарламасын тамашалауға қош келдіңіздер.

(Балалар залға қолдарына жүрек шарлар ұстап билеп кіреді.)

Просмотр содержимого документа
«Сценарий утренника «Аналар -асыл қазынам» для средней группы»

«Аналар -асыл қазынам» ертеңгілік

Жүргізуші: Аяулы аналар ! Ардақты әжелер! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Аналар мерекесімен шын жүректен құтықтаймын.Ана - ең аяулы жан. Ол нәресте іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап, өмір бойы өз ғұмырын балаға арнайды. Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан –ол қасиетті Аналарымыз.

Ана деген –арайлап атар таң емес пе,

Ана деген –ардақты , асыл жан емес пе ?!

Балаларын әсем гүлдей жайнатқан,

Ана деген –бақытыңның бағы емес пе?-деп балаларыңыздың мерекелік бағдарламасын тамашалауға қош келдіңіздер.

(Балалар залға қолдарына жүрек шарлар ұстап билеп кіреді.)

Ана туралы Тақпақтар

Ән: «Ақ мамам»

(балалар орындарына отырады)

Музыка ойналып ортаға Көктем аруы кіреді.

Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған билерін қабыл ал.

Би: «Қазақ» биі қыздар

Ән: « Көктем келді» хор



Көктем: Қандай тамаша әндер, билер көп-көп рахмет балалар.

Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз.

(музыка әуенімен Шапокляк кіреді)

Шапокляк:      Осы керемет мерекеге мені шақырмайсыңдар ма?

Жүргізуші:  Кешір бізді Шапокляк, біз сенің мекен-жайыңды білген жоқпыз.

Шапокляк: Менде қызбын меніңде мерекем! Сендер мені құттықтауға тиіссіңдер!

Жүргізуші: Жарайды Шапокляк, ашуыңызды басыңыз. Біздің балалар сізге ән салып би билеп береді.

Би: « Морячка»

Шапокляк: Менің ішім пысып кетті. Менде бір қызық ойын бар,қәне бәріміз ойнап көрейік.

Жургізуші: Ал қәнекей тұрмайық, қызықты ойын бастайық.

Ойын:

Шапокляк: Ой балалар мен қазір жақсы көңіл күйдемің. Мені кешіріңдерші. Мен енді қатаң болмаймын. Рахмет балалар. Сау болыңдар!

Музыка залына әуенмен Карлсон келеді.

Жүргізуші: Балалар, мен бір дыбыс естіп тұрмын бұл не болды екен ? Кәнеки, ыңғайлап отырып, кім келе жатқанын көрейік.

(көңілді әуен жүргізіледі)

(Карлсон ұшып келе жатады)
Карлсон: Сәлем,балалариктар!Қыз бен ұлдариктар ! Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә!
Карлсон: Сендерге көңілді Карлсон келді. Тамақ ішуге, шай ішуге келдім. 
Ал, сендердің тәтті бәліштерін, кәмпиттерін, балмұздақ пен мармеладтарын қайда?Мен көңілді Карлсонмын, сондықтан мен балалар мен үлкендерге ұнаймын!

Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон! Әрине, біз сені мерекемізде көруге өте қуаныштымыз, бірақ неге сен тек қана балалармен амандастың? Қарашы , залымызда қаншама әдемі киінген қонақтар отыр.

Карлсон: Ой, расында да қонақтар отыр екен. 
Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер! Мен Карлсонмын! Әлемдегі ең әдемі, ақылды, тәртіпті және тамақты көп жейтін жігітпін! Көөп күш-қуаты бар, өте қызықты жігітпін!

(бір анаға, екінші анаға жақындайды да, қолдарынан алып амандасады, сөмкелеріне қарайды)

Ой, сіздің сөмкеңізде не бар?! Зефир, шоколад?! Ой, а сізде ше? Тәтті иристар ма? Біреуден сағыздың иісі шығады! Мм, тәттіні жегім келіп тұр. Көздеріңіздің алдыңызда жүдеп жатырмын.

Жүргізуші: Тоқтай тұр, тоқтай тұр, Карлсон!Асықпа! Сен бізде қонақта көп уақыт болған жоқсын ғой.

Карлсон: Енді не қылайын. Жұмыс..Қаншама үйлерге ұштым, қаншама балақайлармен таныстым! Ал, тәттілерді қанша жедім десейші!

Жүргізуші: Иә, Карлсон! Сен әлі де тәттіні жақсы көретін жыбыр-жыбыр екенсің! Бірақ біз балалармен бірге саған өте қуаныштымыз. Солай ма,балалар!

Карлсон: Ой, мен қалай қуаныштымын, десеңдерші! Өйткені мен қазіргі уақытта сендердің бақшаларыңның төбесінде тұрамын ғой. Және бір кезде терезелеріңіздің алдынан өтіп балалардың бір мерекеге дайындалып жатқанын көрдім. Бірақ қандай мерекеге екенін түсінбедім! Қандай мереке?
Жүргізуші: Қандай мерекені тойлап жатырмыз, балалар, айтайықшы? 
Балалар: 8 Наурыз!
Карлсон: Ух, ты!

Жүргізуші: Карлсон сенің әжен барма?

Карлсон: Иә, мен оны өте жақсы көремін, бірақ ол алыста,ауылда тұрады, мен оны қатты сағынамын! .ал сендер әжелерінді жақсы көресіңдерма?

Балалар: Иәә

Карлсон: Ендеше әжелерімізге арнап ән салып берейік.

Ән: «Менің әжем»

Карлсон : Өте жақсы,балалар! Әжелерің көңілденіп біраз жасарып қалды.

Жүргізуші: Карлсон саған біздің бүлдіршіндеріміз би дайындап келді, неге би билеп бермеске?

Би: «Қазақ биі» ұлдар орындайды

Ойын:

Жүргізуші: біздің балалардың ішінде арнайы би сабағына баратын балаларда бар оларда да өз өнерлерін көрсетсің.

Хореография

Карлсон: Рахмет балалар өте жақсы! Ал менің де сендерге тосын сыйым бар! (қорабты ашады) Ай-ай –ай ,

Жүргізуші: саған не болды?

Карлсон : Кәмпиттерді байқаусызда жеп қойыппын , міне тек кәмпит қағаздары ғана қалыпты. (қағаздарды шашады)

Жүргізуші: Ал енді не істейміз?

Карлсон: Білмеймін , кәмпиттерді қайдан алсам екен?

Жүргізуші: Балалар, Карлсонға көмектесіп, барлығымыз сыйқырлайық!

Сыйқырламас бұрын , мына қағаздарды жинау керек!

Ойын: «Кәмпит қағаздарын қорабқа сал»

Карлсон: Рахмет , үйде де мамаларына осылай көмектесесіңдер ме? Қандай жақсы керемет балалар!

Жүргізуші: Сыйқырлаймыз енді біз

Қолдарынызбен шапалақтаймыз

Аяқтарымызды тарсылдатамыз

Қорапты қағамыз,

Көзімізді жұмамыз

Ал енді көзді ашамыз .

Қорапты не барын қараймыз!

Ой балалар қараңдар ! Кәмпит қағаздарының орнына кәмпиттер пайда болды. Сендер қандай сыйқыршысыңдар. Карлсон: Барлығынды көктем мерексісен құттықтаймын. Бақыт қуаныш сыйлаймын , сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Ал құрметті аналар біздің балаларымыздың өздеріңізге дайындаған сыйлықтары бар. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау болыңдар!!!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!