Просмотр содержимого документа
«"Антивирустық бағдарламалар классификациясы" тақырыбында презентация»
Антивирустық бағдарламалар классификациясы
КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРМЕН күресу үшін арнайы аппаратты – программалық құрылғылар ойлап табылады. Олардың жалпы кемшілігі – қазіргі таңға дейін мәлім «ауруларды» емдеуге арналған, бұл уақытта вирус программаларын жасайтындар одан да күрделі вирустарды өндіреді. Антивирустық құрылғыларды екі топқа бөлуге болады: аппаратты және программалық . 1. Аппараттық құрылғылар көбінесе әр түрлі криптографикалық кестелерді өндіреді және қадағалау және КВ-дан қорғау арнайы программалық жабдықтаумен бірге өндіріледі. Бірақ бұл құрылғылар жоғарғы тұрақтылығы бар АЕЖ өндірісін төмендетеді. 2. Қазіргі кезде ең көп таралған программалық жабдықтар – КВ-дан қорғау жабдықтары.
ВИРУСТАРДЫды табу, оларды жою және компьютерді вирустардан қорғау үшін бірнеше арнайы программалар түрлері ойлап шығарылды. Олар вирустарды табады және жоя алады. Бұл программалар – антивирустық программалар деп аталады. Антивирустық программалардың келесі түрлері болады: · детектор-программалары; · доктор немесе фаг-программалары; · ревизор-программалар; · фильтр-программалар; · вакцина және иммунизатор-программалары;
Детектор-программалары белгілі бір вирусқа сай жедел жады мен файлдарда сигнатураны іздеумен айналысады және оны тапқан соң керекті хабарламаны шығарады.бұл вирустардың кемшілігі- осы прогаммаларды жасайтын программалаушыларға мәлім вирустарды ғана табады. Доктор-программмалар немесе фаг және вакцина-программалары вирустарды жұқтырған файлдарды тауып қана қоймай сонымен бірге оларды «емдейді», яғни файлдан вирус-программасының денесін алып тастап файлдарды бастапқы қалпына келтіреді. Фагтар өз жұмысының басында жедел жадыда вирустарды іздеп оларды жояды, одан кейін ғана файлдарды емдеумен айналысады. Фагтардың арасында поли-фагтар деген доктор-программалары кездеседі, олар саны өте көп вирустарды табу және жою үшін жаралған. Солардың арасынан ең мәлім: Aidstest, Scan, Norton AntiVirus, Doctor Web. Күн сайын жаңа вирустар пайда болатындықтан, детектор-программаларымен доктор программалары тез өз тиімділігін жоғалтады, сондықтан әрқашан вирсиялардың жаңартуын талап етеді.
Ревизор-программалары вирустардан қорғануында ең тиімдісі болып есептелінеді. Ревизорлар программалар, каталогтар және дисктегі жүйелі аумақтарының бастапқы қалпындағы, компьютер вирусты жұқтырмаған, жағдайларын есте сақтайды, одан кейін белгілі уақыт сайын немесе қолданушының калауы бойынша қазіргі жағдайын бастапқы жағдайымен салыстырып отырады. Табылатын өзгертулер экранға шығарылады. Ереже бойынша жағдайларды салыстыру операциялық жүйені жүктегеннен кейін жүзеге асырылады. Салыстыру барысында файлдың ұзындығы, циклді қадағалауының коды (файлдың қадағалаушы қосындысы), модификацияның күні мен уақыты, басқа да параметрлері. Ревизор-программаларында өте дамыған алгоритмдері бар. Сонымен қатар олар стелс-вирустарын табады және тексерілетін прграмманың версиясын вирус енгізген өзгертулерден тазарта алады. Ревизор-программалар құрамына Ресейде кең таралған Adinf программасын жатқызуға болады.
Фильтр-программасы немесе «күзетші» үлкен емес резиденттік программаларды құрайды, олар компьтердің жұмысы барысындағы вирустарға сәйкес күмән келтіретін іс-әрекеттерді табу үшін құрылған. Осындай әрекеттерге төмендегілерді жатқызуға болады: · СОМ, ЕХЕ кеңейтулері бар файлдарды қысқартуға ұмтылу; · Файл атрибуттарының өзгеруі; · Абсолютті адрес бойынша дискіге тура жазылу; · Дисктіңжүктеушісекторларынажазылу; · Резиденттікпрограмманыжүктеу;
Вакцина немесе иммунизаторлар - бұл файлдарды жұқтыруды алдын алу үшін қолданылатын резиденттік программалар. Вирусты «емдейтін» доктор-программасы жоқ болатын болса вакциналарды пайдаланады. Вакцина программа немесе дискті олардың жұмысына әсерін тигізбей модификациялайды, ал вирус болса оларды жұқтырылған деп санайды да енгізілмейді. Қазіргі уақытта вакцина –программаларының қолданысы шектеулі. Вирустарды жұқтырған файлдар мен дисктерді уақытында табу, әр компьютерде табылған вирустарды толығымен жою басқа компьютерлерге вирустік эпидемиясын болдырмау үшін қажет.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!