СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аппликация шыршаны безендіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аппликация

Тақырыбы: шыршаны безендіру

Просмотр содержимого документа
«Аппликация шыршаны безендіру»

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Білім беру саласы/Образовательная область:Шығармашылық

Пән/Предмет: Аппликация

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жаңа жылдық сыйлықтар»

Тақырыбы/Тема: "Шыршаны безендіру"

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Бейнені қабылдауын дамыту,түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу.

3.Оқыту – обучающая: Мереке ерекшелігін сезіне білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үлестірмелі материалдар, жаңа жылдық шырша және қысқы орманның суреті, магнитті тақта, түрлі түсті дөңгелек пішіндер.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Шырша-ёлка, Жаңа жыл-Новый Год.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

Күлімде, күн, күлімде,

Табиғат-біздің анамыз!

Біз – бақытты баламыз,

Достығымыз жарасқан.

Біз әдепті боламыз

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

-Жаңа жылда не істейміз?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

- Балалар, біз бүгін «Қысқы орманға» саяхатқа шығамыз. Ал саяхатқа қандай көлікпен барамыз?

- Балалар, айналаға қараңдаршы, біз орманға келдік. (Жаңажылдық шыршаны және қысқы орманның суреттерін көрсету).

- Балалар, мынау қандай ағаш?

-Балалар, шыршаны қандай мерекеде безендіреді?

-Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді?

-Шыршаның түсі қандай болады?

Жаңа жылда сыйлық алғыларың келе ме?

Жұмыс үстеліне барайық. Құралдармен танысайық. Қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.

-Олай болса,шыршамызды безендірейік. Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине,түрлі түсті дөңгелектермен.

Алдымызда шырша берілген,сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз

Шырша безендіруді төменгі жағынан бастаймыз.Төменгі жағына 3түсті:қызыл,сары,көк дөңгелекті жапсырамыз. Оның жоғарғы жағына:қызыл,сары;оның жоғарғы жағына:қызыл,көк түсті шарларды жапсырамыз.Жоғарғы жағына:сары,көк дөңгелекті жапсырамыз. Балалар,шыршамызды безендірдік,алайда не жетіспей тұр?

-Дұрыс айтасыңдар,жұлдызша.

-Жұлдызымыздың түсі қандай?

-Ол неше бұрышты?

-Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз.Міне,Жаңа жылдық шыршамыз дайын болды.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Шырша-ёлка,Жаңа жыл-Новый Год.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап,талпынып,

Күнге қолды созамыз,

Қанат қағып ұшамыз,

Қарылғаштай қалықтап,

Бір отырып,бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.

Сөздік жұмысы: жаңа жыл

-Шыршаға нелер ілінеді?

-Біз шыршаның қасында не істейміз?

Дидактикалық ойын:

«Түсін ажырат!»

Педагог балаларға сары, қызыл, көк түстерді ажыратуды үйретеді ( түрлі түсті дөңгелек пішіндер арқылы).

Педагог үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Мынау не?

-Ол не үшін керек?

-Мынау қандай дөңгелек?

-Ал мынау қандай дөңгелек?

-Мынау қандай дөңгелек?

-Сыйлықтар қайда орналастырылады?

Педагог дайын шыршаға жаңажылдық ойыншықтарды – түрлі-түсті дөңгелектерді қалай орналастыруды магнитті тақтада көрсетеді.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Балалар жарайсыңдар!Автобусымызға отырып тобымызға барайық.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар бүгін біз қайда бардық?

- Қандай мереке шыршасыз өтпейді?

- Ал, балалар, сендерге шырша ұнады ма?

- Ол қандай екен?

Жаңажылдық ән орындауды ұсынады.