СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аппликация. Тақырыбы: "Тұскиіз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагог балаларға үй жануарлары туралы жұмбақтар жасырады. Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексереді. Алдағы жұмысқа жұмылдырады.

Просмотр содержимого документа
«Аппликация. Тақырыбы: "Тұскиіз"»

12 сабақ. Тұскиіз.

(сәндік жапсыру)

Мектеп

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Осы сабақтың оқытылу мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін натижелер

Барлық тарбиеленушілер:

  • ою элементтерінен жапсырма құрастыра алады.

  • желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.

  • қайшыны дұрыс ұстап, еркін қолдана алады.

Көптеген тарбиеленушілер:

  • ою пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, өрнектерді симметриялы, ырғақты орналастыра алады.

  • жапсыруда әртүрлі түстерді бейнелілік құралы ретінде қолдана алады.

Кейбір тарбиеленушілер:

  • өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады.

Тілдік мақсаттар

Көптілдік:

қайшы—ножницы— scissors


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

  • сәндік жапсыру, тұрмыстық зат, ою, контур бойынша қиып алу, екіге бүктеу, қатпарлап бүктеу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай оюды қолданасың?

  • Оюдың қандай түсін қолданасың?

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттары неге оюмен безендіріледі?

Алдынғы бөлім:

Қазақтардың шығармашылығы туралы түсінік. Сәндік композициялар құрастырудың қарапайым біліктері.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Оң көңіл күй орнату.

0-1 минут

(Ұ) Оң көңіл күй орнату.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Музыкалық сүйемелдеу



II. Өмірлік тәжірибені өзектендіру.

Мақсат қою.

2-5 минут

Педагог балаларға үй жануарлары туралы жұмбақтар жасырады. Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексереді. Алдағы жұмысқа жұмылдырады.


Сабақтың ортасы

III. Сабақтың ортасы бойынша жұмыс.

6-20 минут

(Ұ) Әліппе альбомдағыиллюстратциялық материалмен жұмыс.

Педагог балалардың назарын қазақтың тұскиізге назар аудартады. Тәрбиеленушәлер оюға қарап, оюдың таныс элементтерін атайды. Педагог балаларға қазақ халқының ежелден жапсырманы қолданып келгенін, ақ киізге түрлі түсті тұскиізді тіккенің айтады. Түрлі түсті қағаздан өрнек қиып алып, тұскиізді безендіруді ұсынады.

(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу,

Бұл саусақтар шымшылайды (бас бармақпен және сұқ саусақпен екінші қолымыздың алақанын шымшылаймыз)

мына саусақтар серуендейді (сұқ саусақпен ортаңғы саусақты екінші қолдың үстімен жүргіземіз).

(Ұ, Ж, Қ,) Жұмыстың орындалу технологиясы.

Педагог тікелей үйрету әдісін қолданады. Жұмыстың реті барлық орындау кезеңдері бейнеленген схемалар түрінде тақтада көрсетіледі. Оюдың үлгіқабын қиып алу қажет. Содан кейін түрлі түсті қағаздан әзірлеме қиып алынады.

(Ұ) Қауіпсіздік ережелері.

Педагог сабақ шеңберінде қайшымен жұмыс істеген кезде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Қайшының ашаларын ашық қалдырма. Қайшының сауытына ашаларын төмен қаратып сал. Қайшымен ойнама, қайшыңы бетіңе тақама.Тәрбиеленушілерді жұмыс барысында жұмыс орнын мен құралдарды ретке келтіруге жұмылдырады. Қайшы ұстаған қолының шынтағын алға қарай созбауын қадағалайды.

Әліппе альбом.

Иллюстрациялық материал.










Музыкалық сүйемелдеу.








Түрлі түсті қағаздар. ПВА желімі, желімге арналған жаққыш, шүберектер, төсеніш.


Сабақтың соңы.

IV. Сабақты қорытындылау.

Рефлекция.

20-25 минут

(Ұ, Ж) Рефлекциялық бағалау.

Физикалық (үлгердім —үлгермедім)

Зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым нені түсінбедім, қандай қиындыққа кезіктім


Қосымша ақпарат


Дифференциациялау- тәрбиеленушілерге қалай көмектесуді жоспарладыңыз?

Күштірек тәрбиеленушілерге қандай тапсырмалар беруді жоспарладыңыз?

Бағалау тәрбиеленушілердің ілгерілеуін білімін қалай қадағалауды жоспарладыныз?

Пәнаралық байланыстар.


Ұсыныстар арқылы әрекетке ынталандыру. Тәрбиеленушілердің жұмысын қажеттілігіне қарай, үйлестіріп отыру. Өз жұмысын құрбы құрдастарына көрсету мүмкіндігік беру.

Балалар әрекетінің нәтижелерін талдау. Коммуникативтік өзара іс қимыл деңгейі. Жұмыс орнын ретке келтіре білу.

Бейнелеу әрекеті. Құндылықтар халық шығармашылығына құрмет, танып білуге ұмтылу.


Бағалау

Оқу сабак мақсаттары қолжетімді болды ма?Бүгін тарбиеленушілер нені үйренді?Сабақтағы ахуал қандай болды?Тәрбиеленушілерді жіктеу іс қимылдары жемісті болды ма?Мен уақыт кестесін ұстандым ба?Мен жоспардан қалай және не себепті ауытқыдым?

Осы орынды сабақ бойынша бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз.Сабақ туралы біздің сұрақтарымызға беретін жауаптарыңызды сол жақтағы бағанға жазыңыз.

Қорытынды бағалау.

Ең жемісті екі сәтті атаңыз (білім беру және оқыту бойынша)

1.

2.

Сабақты жақсартуға ықпал еткен екі сәтті атаңыз (білім беру және оқыту бойынша)

1.

2.

Сынып пен оның жекелеген оқушылары туралы қандай жаңа мағлұмат білдім және ол келесі сабағымды өткізуге қалай әсер етеді?