СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Апрель. тех карты

Нажмите, чтобы узнать подробности

тех карты для дошколы77777777777777777777777777

Просмотр содержимого документа
«Апрель. тех карты»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 16.04.18ж

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлімі: І. Аппликация бағыты.

Бөлімше: 1.1. Заттық аппликация.

Оқу мақсаты: 0.1.1.3. Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру,

бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлім: Аппликация

Тақырып: Әдемі көбелек

Мақсаты: Көбелектер түрімен танысу. Балаларға түрлі түсті қағаздан көбелек қиып алуды үйрету .

Міндеттері: Көбелек,көбелектің тіршілігі туралы түсінік беру. Бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: көбелек-butterfly

Сөздік жұмысы: жәндіктер, бунақденелі

Құралдар: муляждар, үлгі суреттер, әліппе-дәптері, желім, альбомдар, сүлгі, қайшы.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



ҰОҚ-не дайындықты тексеру.

Кіріспе әңгімелесу.

«Көбелектер» өлеңін оқып береді, сұрақтар қояды. Тақырыпқа шығады.

Тәрбиеленушілер клеенканы төсейді, үстелдің оң бұрышына қайшы, желім жаққыш, қарындаштар мен фломастерлер салынған стақанды қояды. Стақанның қасына желім, қағаз қиындыларын салуға арналған ыдысты қояды. Қиып алынған суреттерге желім жағуға арналған қағаз парақтарын дестелеп қояды. Артық желімді сүртуге арналған шүберекті орналастырады. Оң жақта түрлі- түсті қағаздар.



Негізгі бөлім

Педагог тәрбиеленушілерге әліппе-альбомдағы суретке қарап, таныс элементтерін атауды ұсынады.

Жұмыстың орындалу технологиясы

Педагог балаларды жұмыс алгоритмімен таныстырады. Тоқштарды жасауға арналған қағаздарды таңдауды ұсынады.

Педагог жұмыс кезеңдерін атап отырады.

Балалардың назарын ойдағы композицияны құрастыру үшін қиып алынған суреттерді жапсырылатын бетке, яғни фонға ретімен орналастыру керектігіне аударады.

Қиюдың кейбір тәсілдерін көрсетеді.



Бұл саусақтар шымшылайды (бас бармақпен және сұқ саусақпен екінші қолымыздың алақанын шымшылаймыз).

Мына саусақтар серуендейді (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты екінші қолдың үстімен «жүргіземіз»).





Қиып алып, бүктеуін жазамыз.

Одан кейін альбомның үстіне көбелек бейнесін орналастырамыз.





Қорытынды

бөлім


«Алты қалпақ» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады. Өздері істеген еңбектерін тамашалайды.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Көбелек бейнесін қағаздан қияды.

Түсінеді: жәндіктер жайлы.

Қабылдайды : қайшымен қиюға машықтанады, желімдеу, альбомның ортасына жапсыру машығын.


Толтырған тәрбиеші:__________________

















Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 16.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 3.Физикалық құбылыс

Бөлімше: 3.5. Электрлік және магниттілік

Оқу мақсаты: 0.3.5.2 Магниттерді қолдану жолдарын пайымдау

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: Жаратылыстану

Тақырып: Магниттің ерекшелігі қандай?

Мақсаты: Магниттерді пайдалану жолын болжау. Балаларды магниттің қасиеттерімен таныстыру және оларды адамдардың пайдалануы.

Міндеттері: Адамзат әлемі мен табиғат құбылыстары және заттар туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Олардың өзара тәуелділігі және өзара байланысын дамыту. Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: магнит-magnet

Сөздік жұмысы:

Құралдар: әліппе дәптері, суреттер, таратпалы материал.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға сұрақтар қояды.

  • Балалар, қараңдаршы , мына заттар неге қозғалады?

  • Оны біз қолмен ұстамасақ та олар қозғала алады.


Зерттеу жүргізу. Магнитпен.

Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.


Педагогтың көмегімен тәжірибе жасайды.



Негізгі бөлім

Д/ойын: «Топтастыр». Заттар тобын топтастыру.


Дәптердегі тапсырманы орындау.

Педагог жеке жұмыс жасайды.


Сергіту сәті.

Бір, екіү ұш

Бойға жинап күш

Биік болып өсеміз

Өскенде айға жетерміз.


Д/ойын: «Жас зерттеушілер»

Суреттерді топтастырып, ортақ атаумен атау, артығын табу.


Қауіпсіздік ережелерін қайталайды.

Мысалы: мына ойыншық пласмастан, мынау ағаштан, мынау темірден.


Магниттің көмегімен заттарды жинау.




Балалар тиісті заттарды табады.






Қимылмен көрсетеді.


Әліппе –дәптердегі тапсырма орындалады.

Мысалы: кітап, қалам, өшіргіш, жастық







Қорытынды

бөлім


«Тілектер ағашы» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Магнит туралы жалпы мағлұмат алады.

Түсінеді: магниттің қасиеті туралы біледі.

Қабылдайды : тәжірибе жасау, тұжырымдау.


Толтырған тәрбиеші:__________________

























Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 09.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 4. Математикалық модельдеу

Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу

Оқу мақсаты: 0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: ҚМҰҚ

Тақырып: Пайдалы азық-түлік. Мысалдар жəне есептер шығарамын.

Мақсаты: Өз беттерінше есептер құрастыруын білу.

Міндеттері: Мезгілдік ұғымдар туралы білімдерін бекіту. заттарды өсу және кему ретімен орналастыра отырып, салмағы бойынша анықтау біліктіліктерін дамыту. Шапшаң есеп шығаруға тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: ас- food , асүй- kitchen.

Сөздік жұмысы: тізбекті есептер, шешу жолдары.

Құралдар: есептеуге арналған сызғыш, таяқшалар, үлестірмелі қағаздар, дәптерлер, қаламдар мен қарындаштар, асбұршақ


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог жұмысқа дайындықтарын тексереді. Логикалық тапсырмалар жасырады.


Балалар өз орындарына жайғасады.


Логикалық тапсырмаларды шешеді.

Таяқшалармен, санауға арналған асбұршақтармен санайды.



Негізгі бөлім

1-тапсырма.

Азық-түліктерді боя. Пайдалы азық-түліктерді сана да, тиісті цифрды жапсыр.


2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы орындалады.

Педагог орындау үлгісін көрсетіп, жұмысты тексереді.

Дұрыс айналдыра бастырып сызу үшін түсіндіреді.


Сергіту сәті

One, one, one  

I can run ! 

Two, two,two 

I can jump too!

Three, three, three  )

Look at me ! 


Деңгейлік тапсырмалар таратылады.

Педагог балалармен жеке жұмыс орындайды.





Цифрларды басады. Атайды.


Ағылшықша 10-ға дейін санайды.















1-деңгей.

Қалып қойған цифрды тап, жаз.


2-деңгей. Суреттегі пішіндер тізбегін жалғастыр, тиісті цифрды жапсыр.


3-деңгей. Салыстыр . Мысалы:

4+4 7+7

5+6 4+4

7+1 2+3

10-1 8-7

14-5 20-5






Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Ергежейлілер » рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. үш тілде санайды.

Түсінеді: санауға арналған асбұршақты пайдаланады.

Қабылдайды : тізбекті күрделі есептерді шығаруды үйренеді.


Толтырған тәрбиеші:__________________








Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 17.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: 4. Математикалық модельдеу

Бөлімше: 4. Математикалық модельдеу

Оқу мақсаты: 0.4.1.3. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлім: ҚМҰҚ

Тақырып: Анаммен бірге тамақ

əзірлеймін. Мысалдар шығарамын. Цифрларды бастырып сызамын.

Мақсаты: 20 көлеміндегі сандарды білу

Міндеттері: Берілген сан құрамына сандарды қоя отырып, есеп құрастыруға үйрету. Жалпыдан жекені бөлу, заңдылыққа сәйкес іздеу машықтарын дамыту. Шапшаң есеп шығаруға тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: анашым- mommy

Сөздік жұмысы: тізбекті есептер, шешу жолдары.

Құралдар: есептеуге арналған сызғыш, таяқшалар, үлестірмелі қағаздар, дәптермлер, қаламдар мен қарындаштар, асбұршақ


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Өзектендіру.

ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе даярлық топ балаларына ретінде педагог «Есепте»

ойынын ұсынады.


Ересек топ балалары суреттегі заттарды санайды.


  • Педагог балаларға жауабы бар карточканы көтеруді ұсынады.

Балалар өз орындарына жайғасады.










Өзі болса үнсіз тұрып мысалдары бар карточкаларды көрсетеді.


Логикалық тапсырмаларды шешеді.





Негізгі бөлім

2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы орындалады.

Педагог орындау үлгісін көрсетіп, жұмысты тексеруді ұсынады.


Pick up, put down, stand up, turn around.

Clap left, clap right, clap up, clap down.

Look left, look right, look up, look down.

Turn around, sit down, touch something brown.


Д/ойын: «Анама көмектеемін»

(20 көлеміндегі сандар)




Дұрыс айналдыра бастырып сызу үшін түсіндіріп отырыңыз.

1-қадам. Торшаның жоғарғы оң жартысында дөңгелектей отырып жəне визуальды ортасына дейін сəл жеткізбей шағын жарты сопақша салады.


2-қадам. Жазуды жалғастырып, екінші жарты сопақшаға ауысамыз, ол алдыңғыдан сəл үлкенірек болуы тиіс.


Балалар таяқшалар, асбұршақ немесе басқа қосалқы материалмен санайды.

Жауабын жазады.


14+3

12+3

20-10

7+7

Сүт тағамдарын табады, белгілейді.






Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Тілектер ағашы » рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Үш тілде 20-ға дейін санап үйренеді

Түсінеді: 20-ға дейін санайды.

Қабылдайды : тапсырмаларды өздігінен шығарады.


Толтырған тәрбиеші:__________________












Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 18.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: 1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

Оқу мақсаты: 0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырып: Балмұздақ. «Э» дыбысы

Мақсаты: Э дыбысы және әрпімен таныстыру. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Міндеттері: Сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың сөйлеуін дамыту. Дыбыстарды аңық айтуға тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: балмұздақ- ice cream , суық - ice

Сөздік жұмысы: суық, тәтті

Құралдар: кәмпиттер муляжы, әріптер, әліппе-дәптері, қарындаштар мен таратпалы қағаздар.



Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға экскаватор суретін көрсетеді.

Балалар сұраққа жауап береді. Педагог балалар жауабын толықтырады.


Экссковатор сөзін айтып көреді



Негізгі бөлім

Жаңа сабақ.

Жұмбақ жасыру
Тәтті тағам сүт қосқан,

Балалар оны ұнатады.

Өзі суық алайда,

Көп жесең ауырып қаласың

Сөзде неше буын бар?


Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? (хормен айту)
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ээ дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру

Э дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады.

Көрнекіліктер бойынша тақырыптық әңгіме өткізу.
- Балалар, бүгін біз сіздермен «Әдемі ою» тақырыбына таратпалы материалдар арқылы ақ қағазға салынған оюымызды әдемілеп бояймыз.

Балалар ойланады.





Балмұздақ сөзінде 3 буын бар








эскимо

эксковатор



Дәптермен жұмыс. Ээ әрпінің жазба түрін жазу.




Қорытынды

бөлім


«Жетістік шыңы» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.




Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Э э дыбысын қатыстырып сөздер құрайды.

Түсінеді: сөздерді буынға бөліп оқиды.

Қабылдайды : Балалар Э э əрпінің баспа түрін жазып біледі.


Толтырған тәрбиеші:__________________

























Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 19.04.18

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бірге еңбектенеміз.

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: 1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

Оқу мақсаты: 0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдану.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырып: Не тәтті, не ащы? Щ дыбысы

Мақсаты: Щ дыбысы және әрпімен таныстыру. Аталған дыбысқа сөйлемдер құрату арқылы сөздік қорларын толықтыру.

Міндеттері: Буын құрату, жұмбақ, жаңылтпаш арқылы білімдерін бекіту.

Тапсырмаларды орындату арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: тәтті- sweet , ащы- bitter

Сөздік жұмысы: сезім мүшесі

Құралдар: кәмпиттер муляжы, әріптер, әліппе-дәптері, қарындаштар мен таратпалы қағаздар.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог балаларға екі қолын беліне ұстап тұрған спортшының суретін көрсетеді. Балалар спортшы неге екі қолын беліне қойып тұр? Балалар сұраққа жауап береді. Педагог балалар жауабын толықтырады.


Барлық балалар спортшы сияқты тұрып, керілу созылу жаттығуын жасайды.



Негізгі бөлім

Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма. Педагог балаларға мəтінді оқып береді.

Мəтінен Щ дыбысы бар қандай сөз естідіңдер?

2-тапсырма.

Д/ойын; «Тәтті-ащы»



Сергіту сəті

Педагогпен бірге қолдарын белге қойып, жаттығулар жасайды.


3-тапсырма.

4-тапсырма. Педагог балаларға щ əрпінің баспа түрі жазылған қағазын жəне домалақ пішінді кəмпит береді.



ащы



жұппен ойнатылады. Балалар йогурт, лимон, қант, бұрыш жейді.






Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды, сөздерді буынға бөледі.

Таяқшалардан Щ əрпінің бейнесін жасайды.





Қорытынды

бөлім


Бұрыңғы өткен тәсілдерді есіне түсірген тәрбиеленушілерді мадақтайды. «Жетістік шыңы» рефлексиясы.

Балалар өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді:. Щ дыбысын қатыстырып сөздер құрайды.

Түсінеді: сөздерді буынға бөліп оқиды.

Қабылдайды : Балалар щ əрпінің баспа түрін жазып біледі.


Толтырған тәрбиеші:__________________


























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!