СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Апталықтың ашылу салатанатына жоспар

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

әдістемелік бәрлестік жетекшілеріне методикалық көмек

Просмотр содержимого документа
«Апталықтың ашылу салатанатына жоспар»

Жаратылыстану апталығының ашылу салтанаты


Нұрдаулет : Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі Қазақстан болашағы – білімді оқушы, заманауи ұстаз, зияткерлік білім тақырыбындағы жаратылыстану бірлестігі апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Ұлдана : Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылдарға арналған аса маңызды стратегиялық жолдауында жастардың білім деңгейін барынша көтеру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар дайындау алда тұрған ең басты міндет екендігін атап көрсеткен болатын.

Нұрдаулет : Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар Жаратылыстану пәндерінде білімді сапалы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. 
Ұлдана: Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің патшаларына сөз берейік (ортаға пән болып киінген үш оқушы: математика, физика, информатика шығып, тақпақтар оқиды )


Математика: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.


Физика:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.


Информатика: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық

Ұлдана : Келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшаларына берсек.



(ортаға пән болып киінген үш: биология, химия, география шығады)

Биология:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін


География: География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.


Химия: Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.



Нұрдаулет: Жаратылыстану пәндері табиғатпен тығыз байланысты. Сұлу да сырлы табиғат қанша адам жырласа да қазынасы ортаймай әрбір жан иесі жаңа көргендей қартаймай жас қалпында жасап келеді. Табиғат – ақын жүрегін оятатын, сұлу сезімге бөлейтін, қиял құсын қияға ұшыратын шабыттың шақпақ оттарының бірі. Бірақ адамсыз жалаң табиғат жансыз дене секілді.

Ақжұніс:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді

Дарқандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті ерікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді



Ақмұра : Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін




Асылай : Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір ауа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,береді ол қарызға.



Назерке: Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.


Айсұлу: Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!



Ерболат шығады.



Ерболат : Мен саяхатшымын көп саяхаттадым, сусыз, көлсіз шөлдерден өттім, Көп күндер мен түндер бойы дамыл таппадым. Зерттелмеген аралды іздеп жүрмін, Міне сол сапармен жүріп Жуалы ауданынына жеттім, Қызыларық ауылы керемет екен, адамдары мейірімді, қонақжай екен,  Бұл ауылдың адамдары маған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне соғып сол мектептің оқушыларымен кездесіп кетуімді сұрады.

Ұлдана : Қайырлы күн! Құрметті саяхатшы.

Бұл залда осы мектептің барлық оқушылары жиналды. Жаратылыстану пәндерінінің ашылу салтанаты жиыны өтіп жатыр, осы залдан жаратылыстану пәндерін өте жақсы оқитын, ең үздік, ең білімді оқушыны анықтағалы отырмыз. Мүмкін сондай оқушыны табуға сіз көмектесетін шығарсыз

Ерболат: Әрине көмектесемін, мен жолда көп нәрсе көрдім, көп адамға көмектестім. Сендерге де көмектесемін.

 Әй Менің көмекшілерім! Менің сиқырлы сандығымды әкеліңдер!

(сандықты көтеріп екі оқушы келеді)

Қане сиқырлы сөздерімді есіме түсірейін (қолына сиқырлы таяғын алады)

Сиқырлы сөзі айтылады.

Жәшіктен оқушы атып шығады:

  • Мен, маған не болған қайда тап болдым,?

Нұрдаулет : Сіз біздің мерекемізге тап болдыңыз. Біз жаратылыстану пәндерін үздік оқитын, көп білетін оқушыны анықтамақпыз, әрине сіз сиқырлықпен біздің ортамызға тап болсаңыз, мен сізге бірінші сұрағымды қояйын:

( сұрақ қойылады) Өзен деген не?

Бексұлтан : Қай өзенді сұрайсың, жер бетіндегі өзен болса, ол сулы, картадағы өзен болса, ол құрғақ болады ғой,

Ұлдана: Сұрақтың жауабын тексеріп көрейін!

Мұндайды білмеу ұят қой, Ой мына  сұрақтың жауабын естіген суда ұяттан қып қызыл болып кетті ау!  ( жауабын өзі айтады). Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

2сұрақ қойылады: Кытайдың астанасы қай қала

Бексұлтан : Мен білетін бір қала бар, ол Астана

Ұлдана: Мұндайды білмеу ұят қой, Қытай Халық Республикасының астанасыБейжің.

Біздің құрметті қонағымыз сұрақтардың жауабын білмесе мүмкін оқушылар сендер жауап берерсіңдер.

Нұрдаулет : Бәріміз мында қарайық
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.


  1. Сұрақтар қойылады

  2. Ауа қабаты қалай аталады?

Газовая оболочка земли

(Атмосфера)

  1. Қазақстанның батысындағы 5 әріпті қала

Город из пяти букв в западном Казахстане

(Ақтау)

  1. Ең кіші материк

Самый маленький материк

(Австралия)

  1. Оңтүстік Американы мекендейтін ең ірі жылан

Самая массивная змея обитающая в Южной Америке

(Анаконда)

  1. Ең биік сарқырама

Самый высокий в мире водопад

(Анхель)

  1. Жердің оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық.

(Антрактида)

  1. Высота точки над уровнем моря

(Абсолюттік нүкте. Абсалютная высота)

  1. Оңтүстік Америкадағы ең ұзын, әрі биік тау

Самая длинная и высокая гора в Южной Америке

(Анд)

  1. Грецияның астанасы

Столица Греции

(Афины)



  1. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?

Кто открыл закон сохранения массы (Ломоносов)


  1. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (Коэффициент)

13 . Сутекті алу үшін қолданылатын шыны аспабы (Кипп аппараты)

14 . Как называется в быту перманганат калия (Марганцовка)

15 . Самый твердый минерал в природе (Алмаз)
16. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашқан кім? Менделеев

17.   1Литр су әлде , бір тонна тұз ауыр ма? Бірдей

18 . Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз?  (Сіріңкені)

19. Полюстерді қосатын шартты сызық    (Меридиан)

20. Организмнің ішкі  үш сұйықтығы   (Қан. Лимфа, ұлпа сұйықтығы)

Нұрдаулет: Құрметті оқушылар сіздердің білімдеріңді кеңейту мақсатында сиқырлы саяхатшымен бірге Зерттелмеген аралға саяхат жасауға шақырамыз, ол саяхат мынадай жоспар бойынша 21-ші ақпан 1-ші желтоқсан аралығында ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар, ойындар жүреді.

Ұлдана : Осымен биология, химия, география ғылымдарының апталығының ашылу салтанаты да тәмәм болды. Біз сендермен қоштаспаймыз.



Нұрдаулет: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Сіздерді апта соңында марапаттар күтіп тұр!




















































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!