Ауған соғысының аяқталуының 29 жылдығын атап өту мақсатындағы "Ардагерлер-асыл ерлер!" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесудің сценариі
(Презентация көрсетіліп тұрады)
Фанфар дауысы
Бауыржан 1 – жүргізуші
- Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Аяжан - 2 – жүргізуші
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар !
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар!15 ақпан Ауған жерінен Интернационалист- жауынгерлердің шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ардагерлер -асыл ерлер» атты кездесуге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Еліне қайта оралмай,
Бақыт гүлін сыйға алмай,
Қаншама боздақ оққа ұшты
Алтын ошақ көре алмай.
2-жүргізуші:
Жанын қиған сен үшін
Тоқта, достым, сабыр ет.
Үнсіздікпен бір сәтке,
Басыңды иіп тәжім ет!
( 1 минут үнсіздік)
1-жүргізуші:
Бүгінгі кездесу-жерлестеріміздің Ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізіліп отыр.
Бүгінгі шараның қонақтары:
1. Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Кубиева Жанар Әнуарбекқызы
2. Көксу ауданының жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Дәурен Молдағали
3.Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің бас директоры Қаблисанов Маман Қаманұлы
Ауған соғысының ардагерлері
1.
2.
3.
4.
Сөз мектеп-гимназия директоры Төлекенов Мұратбек Баянұлына беріледі
2-жүргізуші:
Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз қазақ жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді,біз сіздерге қарап бой түзейміз.
Ән «Алға, қазақ жігіттері»
Жүргізуші:1
Ресми деректер бойынша ауған соғысында 15 мыңнан астам кеңес офицерлері мен солдаттары қаза тапты, 35 мыңнан астам адам жараланып, оның қаншасы өмірлік мүгедек болып қалды. Осы соғыс әрекеттері КСРО ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Ал осы соғыстың ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ. Қазақстаннан 21979 адам қатысып, оның 780-і қаза тапты, ал 22 – сі хабарсыз кетіп, із түссіз жоғалып кетті. 1990 жылғы мәліметтер бойынша хабарсыз кеткендердің 2-еуі АҚШ та тұтқында, 11-і тұтқындар лагерінде қаза тапқан. Иә, адамзат тарихындағы қанқұйлй оқиғалардың бірі осы АУҒАН соғысы болғаны жасырын емес. Осы соғысқа біздің ауданымыздан да азаматтар аттанып, өздерінің интернационалдық борыштарын өтеген.
Жүргізуші:2
Елбасының биылғы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауының ЖЕТІНШІ бағыты Адами капитал – жаңғыру негізі. Бұл Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар-жастарға үлкен ой салады. Бүгінгі жастар жауапкершілікті сезіне отырып, білім мен еңбекті қатар алып жүруге дағдыланған, өз елінің тарихи кезеңдерінен хабардар саналы азамат болып қалыптасуы- маңызды. Сондықтан да біз жыл сайын дәстүрлі түрде ауған соғысы тарихына шолу жасап, ардагерлерімізді құрметтеуді парыз деп білміз.
1-жүргізуші:
Ойлы көзде қандай ой бар,ағалар?
Ой сала ма сұрақ қойса балалар?
Арамызда әркез биік шоқтығың
Жара салған жүрегіңе, әз аға,
Аты өшсін мәңгі бақи соғыстың
Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары, сөз кезегі өздеріңізге беріледі.
(қонақтардың сөзі)
1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар,өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларыңызға сұрақтар қоюларыңызға болады. (Қонақтарға сұрақтар қойылады.)
2-жүргізуші:
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
1-жүргізуші:
Ардагерге-майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
Ән «Офицерлер»
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ардагер ағалар, биылғы оқу жылында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы мектеп-гимназия бойынша «Қазақтың 100 әні» жобасы қолға алынған. Қазақ әндері- жас жеткіншектерді ұлттық құндылықтармен сусындатып қана қоймай, отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы деп санаймыз. Назарларыңызға жоба аясында жаттаған «Гүлдерайым» әнін ұсынамыз.
Ән «Гүлдерайым»
1-Жүргізуші:
Есте сақта,адамдар!
Олар өмір сақшысы
Қорғап елдің тынышын
Қорғап сәби ұйқысын
Отан қорғау –басты ісі
2-Жүргізуші:
Біздің ерлер соғысқа енді бармасын,
Бар әлемде бейбітшілік орнасын!
Сұм соғыстар қалсын енді тарихта,
Қазақ елі, биіктерге шарықта!
Ән «Ақ көгершін»
1-жүргізуші:Құрметті майдангерлер! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан етеміз!
2-жүргізуші:
Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Өртенбесін туған жер,
Өркендесін туған ел
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Ән «Өз елім»
1-жүргізуші:қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша интернационалист-жауынгерлерімізге арналған «Ардагерлер-асыл ерлер» атты атты кездесуіміз өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Бейбіт күннің мерейлі тойында келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы
"Ардагерлер-асыл ерлер!"
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Дайындаған ТІЖО Г.Мейірбекова