Математика | Уақыты: | Кабинет: 102 | Мұғалім: Кәріғұл Назерке Бейсенқызы |
Сабақтың тақырыбы | Арифметикалық амалдар және олардың қасиеті |
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылау. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда әдебиет пәнімен байланыстыру.Сөзді есепті мәнерлеп.түсініп оқуға машықтандыру. Түрі: қайталау сабақ. Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап. Көрнекіліктері: көбейту және бөлуге арналған карточкалар, т. б карточкалар. |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Ынтымақтас тық атмосферасы | Армысың алтын күн, Армысың көк аспан! Армысың жан досым, Жылуыңа жылу қос, Міне менің қолым. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Топқа бөлу 3 мин. | – Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз 4 топтың сайысы түрінде өтеді. Топтарды таныстыру: 1 топ «Ойшылдар» тобы. 2 топ «Тапқырлар» тобы. 3 топ «Жүйріктер» тобы. 4- топ «Алғырлар» тобы | Қолдарына алған геометриялық фигураның артындағы есептерді шығару,сол бойынша топқа бөлінеді. (есептен 1,2,3,4 сандар шығады) |
Поэзия минуты 3мин. | Тақпақты мәнерлеп оқу. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? Адамның бір қызығы – бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. | 1 оқушы мәнерлеп оқиды. |
Үй тапсырма сын пысықтау 8 мин. | Үй тапсырмасын тізбектей оқыту. | Оқушылар ауызша орындайды |
Қызығушылықты ояту Ойын «Сөйлемді аяқта» Мен бастайын,ал сендер қостаңдар Бәрін хормен жауап беріңдер.2 мин | 1.Көбейткіштердің орны ауысқанмен ........./көбейтіндінің мәні өзгермейді. 2.Егер де көбейткіштердің бірі 0-ге тең болса, ... / онда көбейтіндінің мәні 0-ге тең. 3.0-ге бөлуге ........... / болмайды. 4.Толық сандарды көбейткенде нөлдер....../ бөліндінің мәніне көшіріледі. 5.Бөлген кезде нөлдер ........../ өзара қысқартылады. 6. Математикалық символдарды ретімен атайық. (+; -; *; /.) |
Тірек сөздер | Қосу – плюс – a plus Азайту – минус – minus Көбейту-умножение-increase Бөлу-деление-segregation |
Күн ретін жазу | Сәуірдің 12 – сі Сынып жұмысы |
Топтарға тапсырма 5 мин | 1-тапсырма. Өрнектің мәнін тап 1-топ 1493 +394 =1887 Кері амалын жазып қосудың қандай қасиетіне сүйеніп жазғаныңды түсіндір. 2-топ 3073 +452=3525 Кері амалын жазып қосудың қандай қасиетіне сүйеніп жазғаныңды түсіндір. 3-топ 150*47=7050 Кері амалын жазып көбейтудің қандай қасиетіне сүйеніп жазғаныңды түсіндір. 4-топ 279 * 63= 17577 Кері амалын жазып көбейтудің қандай қасиетіне сүйеніп жазғаныңды түсіндір. | Постер қорғау |
Қалдықпен бөлуді орында 5 мин | 1-топ 715:7=12 (1) 5792:832= 6( 800) 2- топ 817:8= 11(9) 396:54=7(18) 3-топ 715:7= 2 (1) 5792:832= 6( 800) 4- топ 817:8=1(9) 396:54=7(18) | «Жұбыңды бағала» жұптар бір – біріне тексеруге береді. Бармақпен бағалайды. |
Сергіту сәті 5 мин | Саусақпен 9 санының көбейту кестесін қайталау. Моншақтардан математикалық қасиетті сандар туралы оқу. | |
«Кім жылдам?» 5 мин | І - топ Астанадан бір мезгілде жолга шыққан екі жүрдек пойыз бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. 5 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 900 км. болды. Бірінші пойыздың жылдамдығы 80 км/сағ. Екінші пойыздың жылдамдығын тап. Ш:900:5-80 = 100км/сағ. Ж: 100км/сағ. ІІ-топ ә) Ардақ егіс алқабына барды. Ол жерден бір дән тауып алды. Ойланып тұрып тағы дәндер жинады. Жинаған дәндері 40 дән екен. Егер ол 5г тартса, неше дәннің массасы 100 г болады? 40:5=8 100*8=800 (дән) ІІІ – топ а) Даниялдың әкесі құрылысшы. Ол құрылыс жүріп жатқан аймаққа барды. Бір кірпішті өлшеп еді массасы 4 кг.болды. Неше кірпіштің массасы 3 т. болады? 1кірпіш - 4кг. 3т. – 3000кг. 3т. - ? 3000:4=750 кірпіш ІҮ-топ Айгүл тігінші болғысы келеді. Ол тігін фабрикасына барды. 2м матадан 1 бала көйлегін тігуге болады. Сонда 46 м. матадан неше бала көйлегін тігуге болады? Шешуі: 46 : 2 = 23 Жауабы: 23 көйлек | «Есеп шығарайық» жаттығуын жүргізу. Әр топтан 1- оқушы есептің мәтінін оқиды, 2- оқушы сұрағын оқиды, айтады, 4-оқушы шешуін жауабын айтып, берілген тапсырманы қорғайды7 «Екі жұлдыз,бір тілек» Екі топқа жұлдыз,бір топқа тілек айтады. Әр топтан бір оқушы бағалайды.
|
5 мин | Қосудың ауыстырымдылық және терімділік заңдарынан қорытынды шығар: 46+28+4+72 26+4+38+62 Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік заңдарынан қорытынды шығар: 25*9*4*2 50*2*8*4 | «От шашу» әдісімен бағалау |
Ой толғаныс Алтын сандық 3 мин | 1-топ Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, бұл оның енінен 4 см артық. Осы тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап. 2-топ Тік төртбұрыштың ені 10 см, бұл оның ұзындығынан 4см кем. Осы тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап. 3-топ Тік төртбұрыштың ұзындығы 10 см, ал ені 5 см. Осы тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап. 4- топ Тік төртбұрыштың ені 8 см, бұл оның ұзындығынан 4см кем. Осы тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап. | Әр топ өзін бағалайды. Бармақпен бағалау |
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды? | Сұрақ-жауап |
Үй тапсырмасы | №18. | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін геометриялық фигураның артына жазу. | Топбасшысы бағалау парақшасы бойынша бағалайды. |
Кері байланыс |