Пәні: Алгебра
Күні:
Класы: 9
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның айырымы, n-ші мүшесінің формуласы және қасиеттерімен таныстыру, арифметикалық прогрессияның кез келген мүшесін, айырымын табуға есептер шығаруды үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын қорытып шығарып, есептер шығаруда қолдана алады.
Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, өз ойын еркін жеткізе біледі және бір бірін тыңдай отырып, бағалауға, бақылауға үйренеді.
Болжам жасай отырып, формуланы түрлендіре алады.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: «Бортты журнал», «Семантикалық карта», «Конвертпен хат» әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, қатысымын тексеру. Тізбектер жазылған түрлі түсті карточкаларды таратып, тізбектің түрін анықтау. Тізбектердің түріне қарай 4 топқа бөлу: өспелі тізбек, кемімелі тізбек, шекті тізбек, тұрақты тізбек.
№1.
№13. 
№2.
№14. 
№3.
№15. 
№4.
№16. 
№5.
№17.
№6.
№18.
№7.
№19. 
№8.
№20. 
№9.
№21. 
№10.
№22. 
№11.
№23.
№12.
№24. 
«Қызығушылықты ояту»
Сандар тізбегі бойынша ауызша сұрақтар беру:
1.Тізбек ұғымының анықтамасы.
2.Тізбектің берілу тәсілдерін ата.
3.Өспелі және кемімелі тізбек деп қандай тізбектерді айтамыз?
4.Бірсарынды болатын және болмайтын тізбектердің анықтамасын айт.
5. Тұрақты тізбек дегеніміз не?
6. Шекті және шексіз тізбек дегеніміз не?
7. Өз тапсырмаларындағы сандар тізбегінің құрастыру ережесін анықтаңдар. Не байқадындар?
Бүгінгі күннің жадын жазып, сабағымыздың тақырыбын жазамыз: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
ІІ. «Жаңа білімді меңгерту»
«Бортты журнал» әдісі
Жүк журналы
а) Тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағын жазу. Жеке, жұппен, топпен талқыланады.
ә) 4 топқа мәтін беру арқылы жаңа білім меңгеріліп, жеке, жұппен, топпен талқыланады.
Әр топтың оқушылары өз тапсырмалары бойынша ортаға шығып, постер қорғайды.
«Семантикалық карта» әдісі
Әр топ өз реттік санына сәйкес тапсырманы орындап, жеке, жұппен, топпен талқылайды. Жауабын ауызша түсіндіреді.
Р/с | Тізбек |  | d | n |  |
1 |  | | | | 119 |
2 |  | | | | 2,8 |
3 |  | | | 15 | |
4 |  | | | 25 | |
«Конвертпен есеп» әдісі
4 түрлі конверттегі хатқа сәйкес, топқа бөліну кезінде таңдаған түстеріне қарай, қайтадан топқа бөлініп, тапсырманы орындайды. Жеке, жұппен, топпен талқыланады. Тақтаға шығарылуын жазады.
«Көк конверт» тапсырмасы
№172. Арифметикалық прогрессияның үшінші мүшесі 7-ге, ал тоғызыншы мүшесі 18-ге тең. Бірінші және алтыншы мүшелерін табыңдар.
«Жасыл конверт» тапсырмасы
№173. Арифметикалық прогрессияның үшінші мүшесі 25-ке, ал оныншы мүшесі -3-ке тең. Бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.
«Қызыл конверт» тапсырмасы
№174. Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесі 1-ге, ал бесінші мүшесі 7-ге тең. Осы прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.
«Сары конверт» тапсырмасы
Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесі 18-ге, ал бесінші мүшесі 9-ға тең. Бірінші және алтыншы мүшелерінің қосындысын табыңдар.
ІІІ. «Ой толғау»
«Бортты журнал» әдісіндегі жүк журналының жаңа ақпарат бөлімін жеке орындап, жұппен, топпен талқылайды. Класта оқылып, тақырып қорытындыланады.
Үйге тапсырма: №169, №177 есептер.
Әркім өзін-өзі бағалап, әр топтан бір оқушы нәтижесін айтып, мұғалім бағасын ескере отырып қорытынды баға қойылады.
IV. «Рефлексия»
«Екі жұлдыз, бір тілек» . Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып тапсырады.