СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Арман-болашақ негізі»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.

     Бір-бірімен қарым-қатынасын, болашаққа деген үміттерін арттыру. Қызығушылығын ояту.

Түрі: ойын-тренинг

 

Көрнекілігі: Постер, түрлі-түсті қарындаш, А4 парағы.

 

Тренингтің барысы:

І.Кіріспе

Психолог: Сәлеметсіздер ме құрыметті оқушылар! Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қандай? Оқушылар бүгінгі «Арман-болашақ негізі» атты тренингіне қош келдіңдер демекпін.

  • Жалпы арман дегеніміз не? соған кішкене тоқталып кететін болсақ.

Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат.

Қазақ халқында «армансыз адам жоқ» делінеді.

 

1. «Бір шын, бір өтірік» жаттығуы

  -Оқушылар қазір біз шеңбер бойымен  «Бір шын, бір өтірік» жаттығуын орындаймыз.

  Мысалы: Мен Байдарова Айсұлу Жақсыбайқызы, мен әлемді – рет аралағанмын.

 

Сұрақ:

-Оқушылар осы жаттығу сіздерге қандай әсер қалдырды:Сіздердің армандарыңызды сыртқа шығарып айтуға көмегін берді ме?

2. «Ән өмірдің ажары» атты әдіс.

Барысы: Оқушыларға өлеңнің сөздерінің қиындылары таратылады да, ортаға бір немесе екі оқушы шығарылып әнді айтқанда сол қиындыларға байланысты оқушылар екі топқа бөлінеді. Түгел топ жиналғаннан кейін ән шырқалады.  /ана туралы жыр/

3. «Армандар аралында» тренинг

Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принциптерімен таныстыру.

         Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек, осы шақтағы,өткен шақтағы кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі. Ақырын, жайлы музыа қойылады.

         Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтады. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.

 

Просмотр содержимого документа
««Арман-болашақ негізі»»

Мектеп басшысының ғылымыи-

әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Қ.Жұмағалиева


Күні:29.04.2014 жыл

Қатысушылар: 4 «а» сынып оқушылары


Тақырыбы: «Арман-болашақ негізі»


Мақсаты: балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.

Бір-бірімен қарым-қатынасын, болашаққа деген үміттерін арттыру. Қызығушылығын ояту.

Түрі: ойын-тренинг


Көрнекілігі: Постер, түрлі-түсті қарындаш, А4 парағы.


Тренингтің барысы:

І.Кіріспе

Психолог: Сәлеметсіздер ме құрыметті оқушылар! Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қандай? Оқушылар бүгінгі «Арман-болашақ негізі» атты тренингіне қош келдіңдер демекпін.

  • Жалпы арман дегеніміз не? соған кішкене тоқталып кететін болсақ.

Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат.

Қазақ халқында «армансыз адам жоқ» делінеді.


1. «Бір шын, бір өтірік» жаттығуы

-Оқушылар қазір біз шеңбер бойымен «Бір шын, бір өтірік» жаттығуын орындаймыз.

Мысалы: Мен Байдарова Айсұлу Жақсыбайқызы, мен әлемді – рет аралағанмын.


Сұрақ:

-Оқушылар осы жаттығу сіздерге қандай әсер қалдырды:Сіздердің армандарыңызды сыртқа шығарып айтуға көмегін берді ме?

2. «Ән өмірдің ажары» атты әдіс.

Барысы: Оқушыларға өлеңнің сөздерінің қиындылары таратылады да, ортаға бір немесе екі оқушы шығарылып әнді айтқанда сол қиындыларға байланысты оқушылар екі топқа бөлінеді. Түгел топ жиналғаннан кейін ән шырқалады. /ана туралы жыр/

3. «Армандар аралында» тренинг

Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принциптерімен таныстыру.

Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек, осы шақтағы,өткен шақтағы кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі. Ақырын, жайлы музыа қойылады.

Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтады. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.





4.«Біздің ортақ арманымыз» жаттығуы

Оқушылар екі топқа бөлінгеннен кейін, екі топқа да «Біздің арманымыз» тақырыбында бірігіп ватманға болашақ негізгі армандарын бейнелеу тапсырылады.

Сұрақтар:

-Бірігіп жұмыс істеген қалай?

-Не ұнады, не ұнамады?

-Сурет салғанда қандай сезімде болдыңыздар

5. «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.

-Егер де мен мұғалім болсам,...

-Егер де мен дәрігер болсам,...

-Егер де мен президент болсам,...

-Егер де мен әкім болсам,...


6.Аутотренинг

-Оқушыларды өздерін жайлы сезініп, денесін тік ұстау керектігі айтылады, көздерін жұмып, үш рет терең демалуы қажет./ Жәй әуен ойналады./Сіздер аспанда самғап ұшып келесіздер, аспанда асу-асу көк бұлттар, сәулесі төгілген күннің көзі. Алыстан ескен таза көгілдір теңіздің үні, таза ауа, сылдырап аққан бұлақтың дыбысын естідіңдер. Бір кезде орманға тап болдыңыздар шиқылдаған құстардың үні, түрлі жағымды гүлдер мен шөптердің исі мұрныңызға келеді. Жай ғана көзімізді ашамыз.

7. «Ертегі терапиясы»

Психолог: Ал кәнекей құрыметті балалар мына суреттерге мұқият қарап алыңыздар. Қазір осы суреттерге байланыстырып қиялымыздан ертегі туындатамыз.


-Балалар өз қиялдарыңыздан ертегі шығару қиындық келтірді ме?

-Сіздерге ертегі құрастырған ұнады ма?


  1. «Өміршеңдік» жаттығуы

Сондай-ақ, өз арманымызға жету үшін талпындыру мақсатында жарқын, тамаша, шат көңілмен іштей, мына «Өміршеңдік» жаттығуын бәріміз бірге орындаймыз:

Жігер деген МЕН

Күш деген МЕН

Кешірім деген МЕН

Денсаулық деген МЕН

Ақылдылық деген МЕН

Жарқындық деген МЕН

Бар ғажайып деген МЕН

БӘРІ МАҒАН БАЙЛАНЫСТЫ,

БӘРІ МЕНІҢ ҚОЛЫМДА!


  1. «Жылы лебіздер» жаттығуы

Барысы:

құрметті оқушылар қазір барлығымыс шеңбер бойымен бір-бірімізге деген жақсы лебізімізді доп лақтыру арқылы білдіреміз.

Мысалға: Айгүл мен саған айдай сұлу ару бол, денсаулығың мықты болсын деймін.

Психолог:

- балалар осы жаттығу барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?

-сіздерге ұнады ма?



10.Рефлексия

Психолог: Оқушылар бүгінгі тренинг сіздерге қандай әсер қалдырды?Сіздерге ұнады ма?

Қазір барлығымыз мына таратылған түрлі-түсті қағаздарға өзіміздің алған әсерімізді жазамыз. Содан кейін ортадағы күлегештерге саламыз.

-мына тұрған күлегеш жапсырылған қобдишаларға бүгінгі тренингтен алған әсерлерімізді саламыз.


Қорытынды:


Бүгінгі «Арман-болашақнегізі» атты тренингіміз осымен аяқталды.

Қатысқандарыңызға рахмет. Қош сауболыңыздар!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!