Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған іс-әрекет:Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы : «Ас атасы-нан»
Сабақтың мақсаты:Ардақты асыл дәм нанды қадірлей білу.Дән дегеніміз-нан,нан бақытты өмірдің бастауы.
Сабақтың барысы
Балалар бізге қонаққа апайлар келіп отыр.Кәне біз бәріміз олармен амандасып алайық!
Шаттық шеңбері;
Саусақтарым билеңдер,
Дәмді тоқаш илеңдер.
Неткен жақсы шеберлер,
Алма қосып илеңдер.
Саусақтарым билеңдер!
Тәрбиеші:Балалар біз өткен сабағымызда балабақша туралы айтқан болатынбыз.
Балабақша сіздерге ұнай ма?
Балалар:Әрине балабақша біздерге ұнайды.
Тәрбиеші:Олай болса балабақша туралы кім тақпақ айтады?
Айқын:Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз.
Ақерке:Бала,бала,баламыз
Бақшамызға барамы
Күні бойы қызыққа, батамызда қаламыз.
Тәрбиеші:Балалар бүгін біз жаңа тақырып өтеміз. Жаңа тақырыбымыздың аты-«Ас атасы-нан» Бұл нан дастарханға келу үшін дихандарымыз көп еңбек етеді,көктемде дәнді егеді, топырақты қопсытады жер жыртады ал күзде бидай жинап алады да комбайнмен қамбаға дән толтырады оны диірменге тартады, ұн болады,ұнды әжелеріміз, аналарымыз илейді. Иленген қамырдан бауырсақ, нан пісіреді.Мінекей,балалар нанымыз дастарханға көп қиыншылықпен келеді екен,сол үшін нанды қадірлеуіміз керек.
Тәрбиеші:Міне,балалар сахнаға әжеміз келе жатыр.Кәне балалар әжемізбен амандасайық.Балалар:
Сәлеметсіз бе! Әже:
Сәлеметсіздер ме! балалар Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма Балалар:
Ия.Әже:
Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Асты тас,үсті тас,
Ортасында піскен ас.
(Таба нан)
Тәрбиеші:Әже біздің қадірлі қонағымыз болыңыз.Балалардың нан туралы жаттаған тақпақтарын,мақал-мәтелдерін тамашалаңыз.
Ақниет: Ас атасы-нан.
Нан бар жерде ән де бар
Қарақат: Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.
Ақтілек: Жұмбақ:
Аппақ жұмсақ дәмді,
Адамға нәр береді,
Түсі оның сары, (нан)
Көрініс:Нанды қадірлеу керек:
Екі бала жолда келе жатып бір қатты нан көреді.Бірінші бала нанды қолына алып:бір тістеп лақтырып тастады.Екінші бала нанды қолына алып:
Нанды лақтыруға болмайды.Әжем солай үйреткен.Біз нанды қадірлейік,-дейді.Мұны естіген досы:
Дұрыс айтасың,мен енді нанды лақтырмаймын,-деп кешірім сұрады.
Нан туралы тыйым сөздер.
Ал енді бізге кім тақпақ айтып береді
Нұрсая:Дастархан басынан
Үзілмес асыл дәм,
Ақ тоқаш,ақ қалаш,
Адамның асы нан.
Ықылас:Ұқ мұны сен бөбек,
Нан деген дәм бөлек.
Жерге оның түйірін
Түсірмей жеу керек.
Дархан:Нан болса ойнап-күлеміз,
Нан барда еркін жүреміз.
Тіршілік көзі нан ғана
Нан қадірін білеміз.
Тәрбиеші:Бүгінгі тақырыбымыз не туралы еді
Балалар:Нан туралы.
Тәрбиеші:Дұрыс балалар.Нанды жерге тастауға бола ма?
Балалар:Жоқ.
Тәрбиеші:Дұрыс,нанды жерге тастауға болмайды,обал болады.Жарайсыңдар балалар,рақмет.Сендер бүгін барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар!Мен сіздерге әженің әкелген бауырсағын берейін,сендер қонақтармен қоштасыңдар.
Просмотр содержимого документа
«Ас-адамның арқауы»