СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Асан Қайғы "Еділ бол да,Жайық бол"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Асан Қайғының шығармашылығы

Просмотр содержимого документа
«Асан Қайғы "Еділ бол да,Жайық бол"»

23.11.17 ж.

Әдебиет ,9 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Естіні көрсең кем деме"
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Топтық жұмыс негізінде ынтымақтаста жұмыс жасап, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеті дамиды.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады

Әдіс - тәсілдер: венн диаграммасы, бес жолды өлең, ұйқасын тап, еркін жазу стратегиясы
Қолданылатын ресурстар: Оқулық, маркер, стикер, ватман
Сабақ кезеңдері Сабақтағы іс - әрекет
Оқушылармен амандасу
Үй тапсырмасын сұрау
Тақырыбы: Жыраулар поэзиясы /
Б) Қосымша тапсырма
Асан Қайғының Жерұйқты іздеуі /5 - сынып өткен білімдерін еске түсіру

Асан Қайғының "жерұйықты" іздеуі
Асан Қайға Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздейді.
Асан Қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты:«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісуің ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс» депті.
Осы күнгі Мерке десен жердегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер» деп жүріп кетіпті.
Баянауыл тауын к ө р г е н д е: «Баянға жаймай, қой семірмес» деп Асан қазіргі Баянауылыд өзіне жайлау етіпті.
Әулиеатаның батысындағы Жуалы жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер» депті.
Шыңғырлау өзенін көргенді, Асан тоқтап, Желмаясын суырады: Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің" деп сонда қонады.
Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.
Үй тапсырмасын бекіту
"Венн диаграммасы"
• Жыршы
• Ұқсастығы
• Жырау
Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып - үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)
Жаңа сабақ
Мұғалімнің түсіндіруі
Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты - жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2 - жартысында, Еділ бойы – т. ө. ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ - Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50 - жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз - жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.
Постер қорғау
Оқушыларға Асан Қайғының екі өлеңін беру
І топ: "Бұл заманда не ғаріп?"
ІІ топ: "Есті көрсең, кем деме"
Екі топқа да беріледі
«Ұйқасын тап»
Адамдықты толғап өткен бұрыннан,
Жырау деген – қасиетті ….
Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,
Асан қайғы – неткен ғажап ….
Синкуейн (бес жолды өлең)
1. Зат есім - 1 сөз
2. Сын есім - 2 сөз
3. Етістік - 3 сөз
4. Сөйлем - 4 сөз
5. Синоним
"Еркін жазу" стратегиясы
Тапсырма: өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көріңдер
Ү. Бекіту.

Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды.Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған.Осы заманда халықтың мұң-зары, арман-тілегі, туған жеріне иелік ету сол заманда Асан қайғы армандаған құтты қоныс, жайлы мекені- бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан.

 Үйге тапсырма беру. 1.Тақырыпты оқу.2.Бұл заманда не ғаріп?» өлеңін жаттау.

Бағалау






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!