Сабақтың өтілетін уақыты: тексерілді...........................
Сабақтың тақырыбы | Адам мен отбасы (9- сынып) |
Сабақтың жалпы мақсаты | Отбасы жарастығы. Отбасындағы қарым–қатынас. Адамның отбасын сүюі.т.б.туралы түсінік беру. |
Сабақтың негізгі мақсаты | Топтық тапсырмаларды талдауды меңгерту; Тақырыпқа сай жұппен жұмыс арқылы диалогты жүзеге асыру; Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; |
Сілтеме | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыныптағы диалогтің маңызы, СТО үйрету. |
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, маркер, қағаздар, слайд, түрлі түсті фломастер, стикер. |
Оқыту нәтижелері | Оқушылар отбасы жарастығы. отбасындағы қарым–қатынас, адамның отбасын сүюі.т.б.туралы түсінеді. |
| |
Іс-әрекет түрлері | Өз бетімен жұмыс | Диалогтік әңгімелесу | Топпен жұмыс | Екі жұлдыз, бір тілек |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Белгіленген уақыт |
Ұйымдастыру кезеңдері | Сәлемдесу, фигуралар арқылы төрт топқа бөлу, тілек айту. | Оқушылар төрт топқа бөлінеді. | 2 мин |
Тыныштық сәті | Ы.Алтынсаринның «Ананың сүюі» атты өлеңін оқушыларға оқыту. | Өлеңді талдау | 1 мин |
Тапсырмалар | Үй жұмысы Әр топқа «отбасы» туралы нақыл сөз және мақал -мәтел айтқызу. | Ойлану, жауап беру. | 4 мин |
1- тапсырма I топ. «Отбасы жарастығы», «Отбасы бақыты», «Отбасы қуанышы» деген ойларды қалай түсінесіңдер? II топ. Өзің шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата-анаңмен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласың ба? III топ. Ата-анаңды қуанышқа бөлеген кезіңді айтып бер? IV топ. Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады? 2-тапсырма «Мен оны пір тұтамын» атты мәтінді оқытып, талдату. | Сұрақтар бойынша топтық жұмыстар жасайды. | Оқып дайындалуға 10мин. Қорғауға 3минуттан |
Сергіту сәті | Сергіту сәті Жылдам музыка ойнатылады. | Музыкаға ілесіп билеу | 1 мин |
Бекіту | Ұлағатты сөздерды оқып, мағынасын талдау. | Дайындалуға 5 мин. |
Рефлексия Жүректен жүрекке | 2 жұлдыз \1тілек: стикерге екі ұнаған нәрсе \ және жақсартуды қажет ететін нәрсе жазып кетеді. «Әке туралы жыр» өлеңімен сабақ аяқталады. | 2 мин |
Үйге тапсырма | «Жеті атамызды білеміз бе?» тақырыбына генеалогиялық тізбе жаса. Өзіңнің ата әжелерің туралы шағын әңгіме жаз. |