СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашы? саба? Ана тілі Жыл?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

№ 103/37

Бекітемін:________________________

Сыныбы: 4

К?ні: ___14_03.2016 жыл______ 

П?ні: ?дебиеттік о?у

Саба?ты? та?ырыбы: Жыл?ы. С?бит М??анов.

Саба?ты? ма?саты: О?ушыны С?бит М??ановты? «Жыл?ы» атты ??гімесін т?сініп о?и отырып, т?рт т?лікті? бірі жыл?ыны? ерекше ?асиеттерімен таныстыру, атауларына байланысты жа?а с?здер ар?ылы тіл байлы?ын арттыру,  ?зекті т?йінді ойын ашу?а, т?сінгендерін ?з с?здерімен айту?а, жыл?ы жануарына деген сезімдерін ояту, ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу, біреуді? пікірін ты?дай білуге, ?з бетінше шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге баули отырып, топтасып ж?мыс жасау?а да?дыландыру, о?ушыларды? бойына ?лтты? сезімді ?алыптастыру. Адамгершілікке, е?бек с?йгіштікке т?рбиелеу.

К?тілетін н?тиже: Жыл?ы туралы т?сінік, жыл?ы малынан алынантын та?ам т?рлеріні? пайдасын ??ыну. М?тінді о?и отырып, есте са?тап, талдай білу. О?ушы бойына ?лтты? сезім ?алыптастыру.

Негізгі идеялар: Жыл?ыны? ?асиеті туралы ??ым. Жыл?ыдан алынатын та?амдарды? ??ндылы?ы.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, талдау, іздену, топтастыру, шы?армашылы?

П?наралы? байланыс: д?ниетану, бейнелеу

Саба?ты? к?рнекілігі: суреттер, кесте, слайдтар, бейне роликтер, ж?мба?тар.

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і. Саба??а ?зірлік.

  • С?леметсіздерме, балалар!
  • Б?гін ?андай к?н?
  • Класта о?ушылар т?гел.
  • К??іл к?йлеріміз ?алай? (О?ушылар смайликтер к?теріп к??іл-к?йлерін білдіреді)
  • ?те жа?сы, олай болса, саба?ты бастау?а толы? м?мкіндік бар.
  • Рахмет! Ендеше саба?ымызды бастайы?.

?ызы?ушылы?ты ояту:

?ар, м?з еріп, су к?бейіп,

Сай-салада а?ады.

Б?ршік шашып, жапыра? ашып,

Жер г?л шаша? та?ады.

Балаларым, айты?даршы,

Б?л ?ай кезде болады? (к?ктем)

  • К?ктем ?андай болады? О?ушылар топпен сурет салып ?ор?айды.

ІІ. ?й тапсырмасын с?рау: 1. ?бділда Т?жібаевты? «Жары? т?нде жайлауда»  ?ле?ін жат?а айту.

2.  С?зж?мба?та шы??ан с?з бойынша  «Жайлау» та?ырыбына ??гіме ??рау болатын, ??ра?ан ??гімемізді о?имыз.

ІІІ. ?й тапсырмасын пысы?тау: Жайлау дегеніміз не?

Оны к?рді?дер ме?

А?ын жайлауды ?алай суреттейді?

І?. Ма?сат ?ою кезе?і: 1.Саба?ты? ма?сатын хабарлау, та?ырыбын ашу.

- Т?йе, жыл?ы, сиыр –?айсысын та?дар еді??

 - Неге ол жануарды та?дады??

- 3 аргумент айта ?ой.

Автор туралы м?лімет

С?бит М??анов 1900 жылы ?азіргі Солт?стік ?аза?стан облысыны? Жамбыл ауданында?ы Жаманш?бар деген жерде д?ниеге келеді. ?азір б?л ауыл С?бит М?кановты? есімімен аталады.

Жеті жас?а келгенде ?кесі, бір жылдан со? шешесі ?айтыс болып, жетімдікті? зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларыны? малын ба?ып, жалшылы?та ж?реді. Сегіз жасында ауылда?ы молдадан о?ып, сауатын ашады. Таби?атынан зерек С?бит хат таны?аннан-а?, ?р т?рлі кітаптарды о?у?а талпынады. Т?рлі ?исса, дастандарды о?иды. Абайды?, татар а?ыны ?абдолла То?айды? шы?армаларымен танысады. К?п дастандарды жат?а айтатьн болады.

Бірте-бірте ?дебиетке, ?ле?ге ?ызы?ушылы?ы оянады. Он екі жасынан бастап, ?ле? шы?ару?а талаптанады. Ойын-тойда айтыс?а т?сіп, ?ле? шы?арып, "?ле?ші бала" атанады.

1918 жылы бір?атар жа?ашыл м??алімдерден д?ріс алады. 1919 жылы Омбыда?ы м??алімдер курсын бітіріп, ауылда аз уа?ыт м??алім болады. Ке?ес ?кіметіні? ж?мысына араласады.

1919-1922 жылдары ел арасынан асты? жинау нау?андарына ?атысады, А?мола губерниялы? комитетінде ?р т?рлі ?ызметтерде болады. 1922 жылы Орынборда?ы ж?мысшылар факультетіне (рабфак) т?седі. Бір?атар орыс а?ындарыны? шы?армаларымен танысады.

1926-1928 жылдары ?р т?рлі баспа, баспас?з орындарында істейді. 1928 жылы Ленинград университетіне т?седі. Біра? т?рмысты? ауыртпалы?ынан оны бітіре алмайды. 1935 жылы М?скеудегі ?ызыл профессура институтын т?мамдайды. Алматы?а оралып, "?аза? ?дебиеті" газетіні? редакторлы?ына та?айындалады. 1936-1937 ж?не 1941-1954 жылдары ?аза?стан Жазушылар ода?ын бас?арады, 1937-1941 жылдары Абай атында?ы ?аза? педагогика институтында д?ріс о?иды. 1954 жылы ?аза?стан Республикасы ?ылым академиясыны? академигі болып сайланады. 1968 жылы Абай атында?ы Мемлекеттік сыйлы?ты? иегері атанады. Бірнеше съездерге делегат, басшы органдарды? м?шесі болып сайланады. Сонымен бірге к?птеген шы?армаларды? авторы «?мір мектебі», «Ботаг?з», «А? аю», «Балуан Шола?», «А??ан ж?лдыз» деген роман, повесттері бар. ?йгілі «С?лушаш» поэмасы, «Шо?ан У?лиханов» деген драма жаз?ан.

XX ?асырда?ы ?аза? ?дебиетіні? к?рнекті ?кілдерінін бірі – академик, жазушы.

1973 жылы ?айтыс болады.

?. Жа?а саба?: Б?гін, С?бит М??ановты? шы?армаларыны? бірімен танысамыз.

Б?л шы?арманы? атын білу ?шін та?тада?ы с?зж?мба?ты шешіп алайы?.

1. Жыл мезгілі /жаз/

2. т?йеден алынатын с?т ?німі /?ымыран/

3. Т?рт т?лікті? т?лі /ла?/

4.Киелі ??с  /а??у/

5. Батырды? бес ?аруыны? бірі /?ылыш/

С?бит М??ановты? «Жыл?ы» атты ??гімесінен жы?ы малыны? пайдасы жайлы керекті м?ліметтер алайы?.  Жыл?ы ?андай мал?

Оны? адам?а ?андай пайдасы бар?

?зі? жыл?ы ба?ып к?рді? бе?

?азір біздер «Жыл басына талас?ан хайуанаттар» ертегісінен ?зінді ты?дап жыл?ыны? пайдасын еске т?сірейік. (?нтаспадан ертегі ты?дау)

 Ой ?оз?ау                     

 

Кіріспе с?з: ?аза? хал?ы т?рт т?лікті ерекше ??рметтеген. Естері?де болса, т?рт т?лік жырларында кездесетін «?амбар ата», «Ойсыл?ара», «Зе?гі баба», «шопан ата», «Шек-шек ата» деген пірлері болатын. Себебі, ертедегі адамдар ?рбір т?лікті? иесі бар деп т?сінген. Сонды?тан т?рт т?лікті? иелеріні? ?р?айсысына «Малымыз?а ауру, індет жіберме, одан са?тай г?р, малымызды ?сімтал ет» деп ?ле? с?здермен тілек айт?ан.

?амбар ата?а

Шаруаны? бір пірі ?амбар ата,

Тілегенде ?зі? бер а?тан бата.

?йір-?йір жыл?ыны ш?р?ыратып,

Ойдан-?ырдан ар?ансыз ?кеп мата.

          Хал?ымыз жыл?ы малын ?те жо?ары ба?ала?ан. Оны? ?ымызы ?те ба?алы, ??нды, шипалы сусын. ?ылы ар?ан, жіп ескенде ?те мы?ты бол?ан. Еті ?те жо?ары та?амды? та, емдік те ?асиеттері мол. Терісіні? ?зі пайдалы. Жыл?ы терісінен ?айыс жасап, ат ?бзелдерін жаса?ан. Жыл?ыны жеті ?азынаны? біріне те?еген, ?аза? хал?ыны? мемлекеттік р?міздеріне к?з ж?гіртейікші, онда да ар?ыма?, ж?йрік т?лпарлар бейнеленген. «Жыл?ы – ерді? ?анаты» деген с?зде адам ?міріндегі жыл?ыны? орнын д?л, д?рыс к?рсеткен.

М??алімні? м?тінді т?сіндіруі

Жыл?ы т??ымдастары ж?не ?ымыз т?рлері слайд к?рсету №1

Жыл?ы малыны? ?асиеті туралы ролик к?рсету.

О?улы?пен ж?мыс. 1.О?у.  ??гімені ?р азат жолдан т?сініп, жал?астырып о?у.

2. С?здік ж?мыс. ?ос – ш?п шабу, егін салу, егін жинау, жыл?ыны ?ыс?ы отарда ба?у кезінде к?шіп-?ону?а ы??айлы, тігуі, жы?уы о?ай ша?ыра?ы, уы?ы жо? баспана.

3. Жазу.С?ра?тар?а жауап жазу тапсырылады.

1. С.М??анов кім?

2. ?ай жылы, ?ай жерде д?ниеге келген?

3. Жыл?ы ба?атын кісіні кім дейді?

4. ?ос дегеніміз не?

Сергіту с?ті слайд №2

Ж?мба? шешу (слайд ар?ылы)

  1. ?оян   ??ла?ты

Жыл?ы  т?я?ты

С?р?ылт    т?сті

К?нбіс,    к?шті.  (есек )

 

  1. Аттан   биік,  ?ойдан  аласа (ер)

 

  1. Алты ая?ты т?рт к?зді,

Екі ауызды бір с?зді

Ынтыма?пен ел кезді  ( аттылы адам)

Жа?а саба?ты бекіту: 1. ??гімені о?ып шы??анда ?андай сезімде болды??

Сені та??алдыр?ан жайт болды ма?

2. Жыл?ыны? пайдасы ж?нінде айт?ан пікірі?ді д?лелде.

 

Жыл?ыны? пайдасы

Д?лел

Еті

?зге малды? етінен к?шті, ?уатты, ??рттаса таза етіне жеткенде ?ліп ?алады.

?ымызы

?кпе ауруына ем, ол с?тіні? ?те к?штілігінен.

Терісі

Жыл?ыны? терісіні? исіне жылан жоламайды, жылан ша??ан адам?а атты?  терін ішкізсе, мы? да бір ем, терісі асыл бол?аны.

  Шы?армашылы? ж?мыс: ?ле? жолдар ар?ылы толы?тыру

1.Арудан ас?ан жан барма?

              Жыл?ыдан .......................

..................с?ті сары бал

 ..................ас?ан д?м бар ма?

Бес жолды ?ле?:

1. Не? Жыл?ы.

2. ?андай? С?лу, ж?йрік

 3. Не істейді? Сауады, шабады, мінеді

 4. С?йлем. Жыл?ы сауып ?ымыз ішті.

5. Ма?ыналас с?зі.  с?т.

?ІІ.  ?орыту. ??гімеде жыл?ыны? аналы? мейірімі туралы не айтылады?

Жыл?ыны? адам?а ?андай пайдасы бар деп ойлайсы??

Слайд ар?ылы с?ра?тар?а жауап алу.

?ІІІ.  ?йге тапсырма: 1. т?сініп о?у, мазм?ндау, жыл?ы туралы ма?ал-м?тел жина?тау

2. Ба?алау.

 

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? Ана тілі Жыл?ы.»

№ 103/37

Бекітемін:________________________

Сыныбы: 4

Күні: ___14_03.2016 жыл______

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жылқы. Сәбит Мұқанов.

Сабақтың мақсаты: Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқи отырып, төрт түліктің бірі жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру, атауларына байланысты жаңа сөздер арқылы тіл байлығын арттыру, өзекті түйінді ойын ашуға, түсінгендерін өз сөздерімен айтуға, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, қамқорлық жасауға тәрбиелеу, біреудің пікірін тыңдай білуге, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, топтасып жұмыс жасауға дағдыландыру, оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру. Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Жылқы туралы түсінік, жылқы малынан алынантын тағам түрлерінің пайдасын ұғыну. Мәтінді оқи отырып, есте сақтап, талдай білу. Оқушы бойына ұлттық сезім қалыптастыру.

Негізгі идеялар: Жылқының қасиеті туралы ұғым. Жылқыдан алынатын тағамдардың құндылығы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, топтастыру, шығармашылық

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, слайдтар, бейне роликтер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

  • Сәлеметсіздерме, балалар!

  • Бүгін қандай күн?

  • Класта оқушылар түгел.

  • Көңіл күйлеріміз қалай? (Оқушылар смайликтер көтеріп көңіл-күйлерін білдіреді)

  • Өте жақсы, олай болса, сабақты бастауға толық мүмкіндік бар.

  • Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Қызығушылықты ояту:

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (көктем)

  • Көктем қандай болады? Оқушылар топпен сурет салып қорғайды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» өлеңін жатқа айту.

2. Сөзжұмбақта шыққан сөз бойынша «Жайлау» тақырыбына әңгіме құрау болатын, құраған әңгімемізді оқимыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Жайлау дегеніміз не?

Оны көрдіңдер ме?

Ақын жайлауды қалай суреттейді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын хабарлау, тақырыбын ашу.

- Түйе, жылқы, сиыр –қайсысын таңдар едің?

- Неге ол жануарды таңдадың?

- 3 аргумент айта ғой.

Автор туралы мәлімет

Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады.

Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ, әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатьн болады.

Бірте-бірте әдебиетке, өлеңге қызығушылығы оянады. Он екі жасынан бастап, өлең шығаруға талаптанады. Ойын-тойда айтысқа түсіп, өлең шығарып, "өлеңші бала" атанады.

1918 жылы бірқатар жаңашыл мұғалімдерден дәріс алады. 1919 жылы Омбыдағы мұғалімдер курсын бітіріп, ауылда аз уақыт мұғалім болады. Кеңес өкіметінің жұмысына араласады.

1919-1922 жылдары ел арасынан астық жинау науқандарына қатысады, Ақмола губерниялық комитетінде әр түрлі қызметтерде болады. 1922 жылы Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) түседі. Бірқатар орыс ақындарының шығармаларымен танысады.

1926-1928 жылдары әр түрлі баспа, баспасөз орындарында істейді. 1928 жылы Ленинград университетіне түседі. Бірақ тұрмыстың ауыртпалығынан оны бітіре алмайды. 1935 жылы Мәскеудегі қызыл профессура институтын тәмамдайды. Алматыға оралып, "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторлығына тағайындалады. 1936-1937 және 1941-1954 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарады, 1937-1941 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында дәріс оқиды. 1954 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады. Бірнеше съездерге делегат, басшы органдардың мүшесі болып сайланады. Сонымен бірге көптеген шығармалардың авторы «Өмір мектебі», «Ботагөз», «Ақ аю», «Балуан Шолақ», «Аққан жұлдыз» деген роман, повесттері бар. Әйгілі «Сұлушаш» поэмасы, «Шоқан Уәлиханов» деген драма жазған.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі – академик, жазушы.

1973 жылы қайтыс болады.

Ү. Жаңа сабақ: Бүгін, Сәбит Мұқановтың шығармаларының бірімен танысамыз.

Бұл шығарманың атын білу үшін тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.

1. Жыл мезгілі /жаз/

2. түйеден алынатын сүт өнімі /қымыран/

3. Төрт түліктің төлі /лақ/

4.Киелі құс /аққу/

5. Батырдың бес қаруының бірі /қылыш/

Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жықы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық. Жылқы қандай мал?

Оның адамға қандай пайдасы бар?

Өзің жылқы бағып көрдің бе?

Қазір біздер «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен үзінді тыңдап жылқының пайдасын еске түсірейік. (Үнтаспадан ертегі тыңдау)

Ой қозғау

Кіріспе сөз: Қазақ халқы төрт түлікті ерекше құрметтеген. Естеріңде болса, төрт түлік жырларында кездесетін «Қамбар ата», «Ойсылқара», «Зеңгі баба», «шопан ата», «Шек-шек ата» деген пірлері болатын. Себебі, ертедегі адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген. Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру, індет жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет» деп өлең сөздермен тілек айтқан.

Қамбар атаға

Шаруаның бір пірі қамбар ата,

Тілегенде өзің бер ақтан бата.

Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,

Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата.

Халқымыз жылқы малын өте жоғары бағалаған. Оның қымызы өте бағалы, құнды, шипалы сусын. Қылы арқан, жіп ескенде өте мықты болған. Еті өте жоғары тағамдық та, емдік те қасиеттері мол. Терісінің өзі пайдалы. Жылқы терісінен қайыс жасап, ат әбзелдерін жасаған. Жылқыны жеті қазынаның біріне теңеген, Қазақ халқының мемлекеттік рәміздеріне көз жүгіртейікші, онда да арғымақ, жүйрік тұлпарлар бейнеленген. «Жылқы – ердің қанаты» деген сөзде адам өміріндегі жылқының орнын дәл, дұрыс көрсеткен.

Мұғалімнің мәтінді түсіндіруі

Жылқы тұқымдастары және қымыз түрлері слайд көрсету №1

Жылқы малының қасиеті туралы ролик көрсету.

Оқулықпен жұмыс. 1.Оқу. Әңгімені әр азат жолдан түсініп, жалғастырып оқу.

2. Сөздік жұмыс. Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай шаңырағы, уығы жоқ баспана.

3. Жазу.Сұрақтарға жауап жазу тапсырылады.

1. С.Мұқанов кім?

2. Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

3. Жылқы бағатын кісіні кім дейді?

4. Қос дегеніміз не?

Сергіту сәті слайд №2

Жұмбақ шешу (слайд арқылы)

  1. Қоян құлақты

Жылқы тұяқты

Сұрғылт түсті

Көнбіс, күшті. (есек )


  1. Аттан биік, қойдан аласа (ер)


  1. Алты аяқты төрт көзді,

Екі ауызды бір сөзді

Ынтымақпен ел кезді ( аттылы адам)

Жаңа сабақты бекіту: 1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың?

Сені таңғалдырған жайт болды ма?

2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.


Жылқының пайдасы

Дәлел

Еті

Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.

Қымызы

Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.

Терісі

Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.

Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдар арқылы толықтыру

  1. Арудан асқан жан барма?

Жылқыдан .......................

..................сүті сары бал

..................асқан дәм бар ма?

Бес жолды өлең:

1. Не? Жылқы.

2. Қандай? Сұлу, жүйрік

3. Не істейді? Сауады, шабады, мінеді

4. Сөйлем. Жылқы сауып қымыз ішті.

5. Мағыналас сөзі. сүт.

ҮІІ. Қорыту. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады?

Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?

Слайд арқылы сұрақтарға жауап алу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, мазмұндау, жылқы туралы мақал-мәтел жинақтау

2. Бағалау.





Жазу.Сұрақтарға жауап жазу тапсырылады.

  1. С.Мұқанов кім?

__________________________________________________________________________________________



  1. Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

____________________________________________________________________________________________





  1. Жылқы бағатын кісіні кім дейді?

_____________________________________________



4. Қос дегеніміз не?


___________________________________________________________________________________________________________________________










Дүкен негізгі мектебі





Ашық сабақ



Тақырыбы: С.Мұқанов «Жылқы»


Пәні: Әдебиеттік оқу


Сыныбы: 4


Өткізген:Әділбекова Лида Әділбекқызы








2015-2016 оқу жылы

Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі – академик, жазушы.

1973 жылы қайтыс болады.

Шығармалары:

«Өмір мектебі», «Ботагөз», «Ақ аю», «Балуан Шолақ», «Аққан жұлдыз» роман, повесттері бар.

Әйгілі «Сұлушаш» поэмасын,

«Шоқан Уәлиханов» драмасын жазған.



Сөздік жұмыс.

Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай шаңырағы, уығы жоқ баспана.


Жылқының пайдасы

Дәлел

Еті




Қымызы




Терісі




Сөзжұмбақ






























Сәбит Мұқанов

(І900-1973)

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі – академик жазушы Сәбит Мұқанов. Бүкіл шығармашылық жолы кеңес өкіметінің билік құрған жылдарымен тұспа-тұс келген ол өз заманының көкейкесті тақырыптарын шығармаларына арқау етті. Әдебиеттің барлық жанрында еңбек етті. Қоғамдық мәселелермен айналысты.

Өмір жолы. Сәбит Мұқанов 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады.

Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ, әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатьн болады.

Бірте-бірте әдебиетке, өлеңге қызығушылығы оянады. Он екі жасынан бастап, өлең шығаруға талаптанады. Ойын-тойда айтысқа түсіп, өлең шығарып, "өлеңші бала" атанады.

1918 жылы бірқатар жаңашыл мұғалімдерден дәріс алады. 1919 жылы Омбыдағы мұғалімдер курсын бітіріп, ауылда аз уақыт мұғалім болады.

Кеңес өкіметінің жұмысына араласады. 1919-1922 жылдары ел арасынан астық жинау науқандарына қатысады, Ақмола губерниялық комитетінде әр түрлі қызметтерде болады. 1922 жылы Орынбордағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) түседі. Бірқатар орыс ақындарының шығармаларымен танысады. 1926-1928 жылдары әр түрлі баспа, баспасөз орындарында істейді. 1928 жылы Ленинград университетіне түседі. Бірақ тұрмыстың ауыртпалығынан оны бітіре алмайды. 1935 жылы Мәскеудегі қызыл профессура институтын тәмамдайды. Алматыға оралып, "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторлығына тағайындалады. 1936-1937 және 1941-1954 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарады, 1937-1941 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында дәріс оқиды. 1954 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады. Бірнеше съездерге делегат, басшы органдардың мүшесі болып сайланады.

1973 жылы қайтыс болады.

Поэзиясы. Сәбит Мұқановтың артына қалдырған әдеби мұрасы аса бай. Ол – әдебиеттің барлық жанрында өңдірте жазған қаламгер. Шығармашылық жолын әдеттегідей өлең жазудан бастаған. Сәбит өз заманының тарихи шындығын бейнелеуде көркем әдебиеттің барлық жанрының мүмкіндіктерін мейлінше молынан пайдаланды. Оның 1917 жылы жазылған "Көңілім", 1918 жылғы "Зарығу", "Жоқшылыққа" деп аталатын өлеңдерінен-ақ, болашақ ақын жырларының басты бағыты аңғарылған еді. Оның шығармаларына ел өмірі, қазақ еңбекшілерінің тұрмысы, ой-арманы арқау болды. Сәбиттің өлеңдері қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін өте дәл бейнелейтін, публицистикалық леппен жазылған азаматық саяси лирика болды. Кезеңде заман тынысымен, қоғамның өзгерістерімен оқушысын таныстырып, әрдайым алға жетелеп отырған бұл өлеңдер тәуелсіздік тұғырында тұрған бүгінгі оқырмандар тарих көзімен қарап, елеп-екшеп оқитын бай поэтикалық мұраға айналды.

Қазақ халқының бір белестен екінші белеске, бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне өту жолын, 1917 жылғы төңкерістерден кейін орнаған кеңестік заманның тынысын Сәбит Мұқанов өзінің "Жұмаштың өлімі" (1923), "Альбом" (1924), "Ленин" (1924), "Балбөпе" (1926), "Октябрь өткелдері" (1927), "Ақ аю" (1935), "Жұпархан" тәрізді поэмаларында кең ауқымда жырлады. Оларда әр түрлі тарихи кезеңнің күрделі оқиғалары қамтылып, өз уақытына сай қалыптасқан адамдардың образы, іс-әрекеті көрініс тапты. Сәбит поэмаларында кешегі мен бүгінгі, ескі мен жаңа салыстырыла жырланады.

Сәбит Мұқановтың поэмалары кезінде қазақ поэзиясы үшін жетекші рөл атқарды. Ақын поэмаларында әдіс-тәсіл қолданысының небір үлгісі кездеседі. Бірқатар шығармаларында оның халықтық поэзия үлгілерімен, ауыз әдебиетінің дәстүрлерімен терең сабақтастығы аңғарылып жатады. Ең бастысы – Сәбит Мұқанов поэмаларында ежелден келе жатқан фольклорлық мұраларымызға тән бейнелеу құралдары мен ақын өмір сүрген жаңа тарихи дәуірдің өзгешелеу ырғағының қызықты үйлесімі бар.
"Сұлушаш" поэмасы. Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі – "Сұлушаш" поэмасы. Оны өлеңмен жазылған роман деп те атайды. Қалай болғанда да осы шығармасы арқылы ақын дәуір шындарын тарихи тақырып тұрғысынан кең қамтып бейнелеуде елеулі табысқа жетті.
Шығарманың сюжеттік желісін ел аузындағы аңыздан алғанымен, ақын оны өз дәуірінің талабымен шебер ұштастырады. Жастардың бостандыққа ұмтылуы арқылы автор жалпы адамзат баласына тән азаттыққа ұмтылу идеясын көрсетеді.
Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізеді. Сол арқылы өмір шындығын, әлеуметтік мәселелерді терең бейнелейтін реалистік шығарма жасайды. Поэмадағы оқиға бірін-бірі сүйген екі ғашық – Сұлушаш пен Алтайдың махаббатына кұрылған.
Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай – байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсылық, наразылық ерте оянады.
Алтай Сұлушашқа ғашық болады. Қыз да өнерлі жігітті ұнатады. Бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Өйткені бірі – байдың қызы, бірі – құл мен күңнің баласы.
Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде, ашығып-тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтайдың жанында сенімді серігі Қайсар болады.

Үшеуі тауды паналап, талай қиындыққа кездеседі. Құстың ұясынан жұмыртқа алам деп жартасқа өрмелеген Қайсар құздан кұлап өледі. Алтай мен Сұлушашты оңайлықпен ұстай алмасын білген қуғыншылар таудың етегіндегі қалың орманға өрт қояды. Сондай бір сәтте өрттен қашқан жолбарыспен бетпе-бет келген Сұлушаш жар басынан өзенге секіріп суға кетеді. Жан досы мен сүйген жарының өлімін көрген Алтай өз жүрегіне өзі қанжар салып көз жұмады.

Ел ауызындағы аңыз желісіне құрылған поэманың оқиғасы осындай. Адам баласының бас еркіндігін аңсаған жастардың трагедиясы аянышты. Дегенмен бұл трагедияны ақын бірлі-жарым жастардың басындағы күй ретінде суреттемейді. Оны әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Бұл қайғылы оқиғаға себешпі сол кезеңдегі қазақ өміріндегі әлеуметтік теңсіздік екенін баса айтады.

Поэмадағы оқиғалар біріне-бірі жалғасып, ширек дамиды. Кейіпкерлердің іс-әрекеті де үнемі үдеп, бірте-бірте тұлғалана түседі. Оқиғаны баяндауда, кейіпкерлердің образын сомдауда автор фольклорлық бейнелеу құралдарына жүгініп отырады. Мәселен, С.Мұқанов суреттеген Сұлушаштың сұлу бейнесі де, байдың қызы бола тұрып, кедей жігітке ғашық болуы, сол жолда мерт болуы да лиро-эпостық жырлардағы ару қыздарға ұқсайды. Дегенмен Сұлушаштың іс-әрекеті нақты, өз дәуірінің әлеуметтік жағдайларымен үндес, шынайы өмір шындығымен астасып жатыр.

Парасатты, көркіне ақылы сай Сұлушаш ғашығы Алтайдың кедейлігін мін санамайды, онын адамгершілік қасиеттерін қадірлейді. Алтайдың бойында да байлар әулетіне деген ыза мен кек бар. Өйткені көзін ашқаннан бері көргені – байдың есігіндегі жалшылық, жоқшылық, қиянат. Дегенмен шынайы махаббат сезіміне келгенде екі жастың арманы да, мақсаты да үндесіп кетеді. Бірлесе отырып өмірдегі қиянат атаулыға қарсы, адамның бас еркіндігі жолында ақтық, сәттеріне дейін күреседі.

"Сұлушаш" поэмасында автор тек әлеуметтік мәселелерді, екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын ғана суреттемейді. Поэмада адалдық» ар тазалығы мәселесі бар. Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық арқылы ақын махаббатқа адалдық, ардын тазалығы туралы мәселе көтерсе, Қайсар образы арқылы досқа адалдық, адамгершілік тазалығы жайынан оқырманға ой тастайды. Поэманың композициялық құрылымы шебер, тілі көркем. Бейнелеу құралдары әр алуан. Оқиға барысын, кейіпкерлерінің іс-әрекетін баяндағанда, ауыл тіршілігін, жылқышылар өмірін, табиғат көріністерін сипаттағанда, ақын қарапайым бояумен әдемі өрнек салады. Поэма кейіпкерлерінің ішкі толғаныстарын, сезім күйлерін әсерлі бейнелейді.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!