СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашы? саба? «Саяхат»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:            Саяхат

Саба?ты? грамматикалы? та?ырыбы:

Б?йры? рай+айын,(-ейін)+деп едім. Мезгіл ?стеу.

Саба?ты? ма?саты:  Та?ырып  бойынша а?парат беру, пікірлесу ар?ылы

с?йлеу  м?нерін ?алыптастыру, тапсырмаларды орындау ар?ылы  с?здік

?орын  молайту, жазу сауаттылы?ын  арттыру. Саба??а деген ?ызы?ушылы?ын   арттыру. Танымды?,  коммуникативтілік  ??зіретін дамыту 

Саба?ты?  т?рі:  Жа?а та?ырыпты ме?герту саба?ы

Саба?ты? ?діс-т?сілдері: Ой ша?ыру, ойландыру, т?сіндіру.

Саба?ты? к?рнекілігі: слайд, ?лестірмелі пара?шалар, компьютер, интерактивті та?та.

Саба?ты? барысы:

І.?йымдастыру кезе?і

 
   

 

 

II.Коммуникативтік тренинг

Сіз кезекті е?бек демалысы?ызды ?алай ?ткізгенді ?натасыз?

Егер  е?бек демалысы?ыз ?ыста болса, ?алай ?ткізер еді?із?

Шетелдерге  саяхат?а шы?уды ?натасыз ба?

Жалпы, сіз саяхат?а шы?уды ?натасыз ба?

Егер м?мкіндігі?із болса, е? алдымен ?айда барар еді?із?  

Саяхатта?анды  ?натасыз ба?

??рметті ты?даушылар, б?гінгі ашы? саба?ымызды? та?ырыбы: «Саяхат» деп аталады. Б?гін біз сіздермен  ?аза?станны?  бірнеше облыстарына  саяхат жасаймыз.

?азір жадыра?ан жаз мезгілі. Жаз - ж?ртшылы?ты? демалыс?а шы?ып, ?аланы? сапырылыс?ан тіршілігінен бір с?т босап, еркін тыны?у?а ?олайлы мекен іздейтін маусымы. ?рине, демал?ан д?рыс ?рі пайдалы. Біра?, ?айда барып демалу?а болады? Шет елдердегі ба?асы удай ?ымбат демалыс орындарында ма, ?лде Алтайдан Атырау?а дейін созылып жат?ан ?аза?ты? ке? даласында?ы ?аза?ы иіс а??ып т?ратын емдік ?асиеті зор шипажайларда ма? Ойланып к?рі?із! Екінші н?с?аны та?да?ан болса?ыз, б?гін ?лемтану айдары сіздерге еліміздегі е? танымал ?рі бас?аныкінен еш кемдігі жо? демалыс орындары туралы ??гімелейді.

?аза?стан - таби?аты к?ркем, жан?а жайлы ?сем жерлерге ?те бай ?лке. Жер ж?ннаты Жетісу,  ас?ар шы?ды Алтай, емдік ?асиеті мол Алак?л, к?рген к?зді та? ?алдырар Бал?аш, суы балдай, ш?бі ш?йгін Баянауыл, ауасы ш?рбат ?ар?аралы... Бізді? елдегі осы іспетті к?рікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсы?! ?араса? к?зі? тоймайды!

Бурабай шат?алы

Жер шарыны? е? к?рікті жерлері саналатын А?мола облысыны? аума?ында «Бурабай» мемлекеттік ?лтты? таби?и саяба?ы орналас?ан. Бурабай ?аза?станда?ы е? танымал демалыс орындарыны? бірі. Б?л жер бетінде сирек кездесетін ?зіндік орны бар географиялы? пункт ретінде ке?інен танымал. Бурабай шат?алыны? жо?ар?ы жа?ы ?аза? ?са? шо?ыларыны? ??рамына кіретін аласа таулы елдерді к?рсетеді. Биік таулар ж?не ?ыл?ан жапыра?ты орман, айдынды к?л ж?не таза ауа. Таби?атты? шипалы ?уаты жа?сы демалу?а ж?не денсаулы?ты ?алпына келтіруге м?мкіндік тудырады. Бурабайды? балшы?ы мен минералды суы емдік ?асиетке бай. 

Бурабай ?лкесінде ?она? ?йлер, шипажайлар, демалыс ?йлері орналас?ан. Демалыс орындарында?ы екі кісілік бір б?лмені жал?а алуды? орташа ??ны жаз айларында 10 000-15 000 те?гені ??райды. Жаз айларында балалар лагері ж?мыс жасайды.

Алтын ар?аны? ??тты мекені атанып ж?рген бай ?азыналы, к?гілдір таулы к?рікті ??ірлерді? бірі – Баянауыл жері. ?аза? хал?ыны? болаша?ын болжа?ан, дала данасы Асан ?ай?ы бабамыз Баян тауын к?ргенде "Ат ерін алмайтын жер екен. Бір т?ней кетемін деген адам, бір ж?ма то?тап ?алады" деген екен.

«Баянауыл» ?лтты? мемлекеттік таби?и паркі

Баянауыл – мемлекетімізді? е? с?лу ??ірлеріні? бірі: ?ара?айлы ормандар жап?ан  таулар, ал?апта к?птеген к?лдер.  ?аза?ты? а?селеу айдаласында  орналас?ан Баянауыл таулары жасыл арал?а ??сас. Ша?ын ж?не ?лкен саяхатшылар жолдары оны? шат?алдары бойымен жылан т?різді ?рмелеп жатыр. Туристерді? біреуін к?гілдір к?лдер, бас?аларын – са?ырау??ла? пен жидекке бай ?ара?ай ж?не жапыра?ты ормандар, кейбіреулерін – к?п ?асырлар бойы желмен ж?не сумен жасал?ан туындылар – таби?и тас м?сіндері ?ызы?тырады.

Осы таби?и саяба? аума?ында ?ш ірі т?щы сулы к?л орналас?ан–Сабындык?л, Жасыбай ж?не Торай?ыр, сондай-а? б?дан да ед?уір кіші к?лдер бар.

Е? ірі к?л — Сабындык?л (аудармасы «мыльное озеро»).  Суы ?те ж?мса? бол?анды?тан осылай атанады.  Баян с?лу ?зіні?  ?демі шашын  жуып жат?анда, сабынын к?лге т?сіріп ал?ан деген а?ыз бар.

Таулар баурайыны? арасында?ы ?азанш???ырда орналас?ан к?лемі бойынша екінші к?л —Жасыбай Баянауылды? на?ыз к?ркі болып табылады. Демалушылар жа?ажайдан ашылатын с?лу к?ріністі? ар?асында Жасыбайды? м?лдір ж?не ж?мса? суында шомылуды жа?сы к?реді.  А?ыз бойынша  к?лді?  жа?алауында  ?аза тап?ан ?аза? батыры Жасыбайды? есімімен атал?ан. Оны? к?лемі т?рт шаршы метр, тере?дігі – жеті метр. Жасыбай к?ліні? айналасында к?птеген жа?ажайлар орналас?ан. Халы? к?птеген жылдар бойы  Баянауылды? тамаша  ауа райын  сауы?тыратын орын ретінде жырлап келеді. К?лді? басында біршама демалыс орындары бар. Мысалы “Березка” демалыс ?йіні? ма?айында адамдар шипалы балшы?ты жинайды .

Торай?ыр к?лемі жа?ынан ?шінші ж?не те?із де?гейінен барынша жо?ары орналас?ан к?л. Оны? суы Жасыбаймен салыстыр?анда сондай м?лдір болма?анмен балы??а бай, ?сіресе сазан к?п, сонды?тан ол балы?шыларды? с?йікті орны.

Баянауылды? е? биік н?ктесі –(1 027 м) –А?бет тауы. Ел аузында б?л тау с?йіксіз адам?а т?рмыс?а берілгендіктен  тауды?  т?бесінен ??лап ?лген А?бет деген ?ызды? атымен атал?ан деген а?ыз бар.

??ірді? к?з тартар жерлеріні? бірі – к?лді? о?т?стік батысында орналас?ан ?улиетас ??гірі. ??гір т?мендеген сайын тарылып 22 метрге дейін созылады. Оны? е? т?бінде ортасында ойы?ы бар тас жатыр. Сол ш???ыр?а т?беден ж?не ?абыр?алардан а??ан суы? су жиналады. Жергілікті халы?  арасында су  шипалы деп есептеледі.

Баянауыл тауларыны? ??пиялы орындары – к?ркем сайлар. Сайларды? т?бінде м?лдір б?ла? суы сар?ырап жатады, та??урай мен ?ара?ат ?алы? то?айы к?з тартады.  Одна ?аза?станны? ?ызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін ?сімдік – ?ыры???ла? ?седі.

?ар?аралы – ?ара?анды облысыны? е? байыр?ы, ?рі м??гі жас ?аласы. Кезінде ?ар?аралы ар?ылы Орта Азиядан Сібірге ба?ыттал?ан керуен жолдары ?ткен. ?ар?аралы ауданыны? аума?ы – 35,4 мы? шаршы км. Жалпы хал?ыны? саны – 50600 адам. ?ар?аралы – таби?ат мол байлы? сыйла?ан Сарыар?аны? ша?ын ?ана бір б?лігі. М?нда ??нарлы жайылым, сар?ылмайтын су к?здері, таулар кездеседі. Таулар… оларды? с?лбасына к?п ?араса?, сол??рлым ?андай бір ??пияны аш?андай боласы?, тол?и т?сесі?. Сонды?тан да ж?мба?ы к?п таулармен ?рбір кездесу к??ілге ?уаныш ?келеді. ?ар?аралы таулары – таби?атты? та??ажайып бірегей туындысы. О?ан алыстан к?з салса?, ?йелдерді? ?ауырсынмен ?шекейленген ежелгі бас киімі – ?ар?ара?а ??сайды екен-ау деп ойлайсы?.

    Шы?ыс ?аза?стан облысы Мар?ак?л

 Шы?ыс ?аза?станда Мар?ак?л деген таби?аты ?сем к?рікті жер бар. Тіпті сонда республикамызда ??рыл?ан алтыншы мемлекеттік ?оры? орналас?ан. ?оры?та к?птеген шипалы? м?ні бар жо?ар?ы сатыда?ы ?сімдіктер де баршылы?. Жа?алауын ?айы?, ?ара?ай, шырша ?скен орманды ал?ап алып жатыр. Балы??а бай (табан, сазан, а??айран, хариус, май?ан, ?арабалы?, м??ке балы?, т.б.), зоопланктонны? 60 т?рі кездеседі. ??сты? онда?ан т?рі мекендейді. А?аштар арасынан ?о?ыр аюларды, б??ыларды, т?лкілерді, жабайы мысы?тарды, маралдарды, ??ндыздарды, б?ркітті, сирек кездесетін ?ызыл ?ас?ыр, ?ара л?йлектерді ж?не бас?аларын к?руге болады.М?нда Мар?ак?л ?оры?ы ?йымдастырыл?ан.

Мар?ак?л – Шы?ыс ?аза?стан облысында орналас?ан ?демі к?лдерді? бірі. К?л Азутау ж?не К?ршім жоталарыны? аралы?ында, те?із де?гейінен 1449,3 м биіктікте орналас?ан. Суыны? м?лдірлігі мен к?лді айналдыра ?орша?ан биік тауларды? ж?не ?сем шыршаларды? келбеті таби?ат?а керемет к?рініс береді.

А?ыздар?а с?йенсек, Мар?ак?лді? атауы туралы да ?ызы?ты ??гімелер бар. Мар?ак?л ?оры?ыны? таби?ат байлы?ын, оны? та??ажайып с?лу к?рінісін ?аза?ты? к?рінекті жазушысы Ж.Аймауытов «А?білек» атты романында ерекше атап к?рсеткен. Мар?ак?л к?лін осы айма?ты? інжу-маржаны деп атау?а болады. Ж?не, б?л мекенді к?рген адам с?лу жер туралы а?ызды да біле ж?ргені абзал.

(І н?с?а)

Ерте кезде к?лді? орнында ке? жазы? дала болыпты. Б?л жерде алуан т?рлі ?сем жасыл ш?птер ?скен екен.

Оны жайла?ан бір байды? ж?йрік аты бір орнында т?ра ал­май, ?атты мазасызданыпты. Бір кезде су ат?ылап шы?ады. Ат?ыла?ан су ш?птерді, а?аштарды басып, жо?ары к?теріліп, тау баурайына дейін жетеді. Ауыл к?шіп ?лгере алмай, байды? бір к?ген ?озы-мар?алары су астында ?алып ?ойыпты. Осыдан барып пайда бол?ан к?л «Мар?ак?л» деп аталыпты.

(ІІ н?с?а)

Б?л о?и?а ертеде бол?ан. Тауларды? арасында?ы жазы?та кішкентай ?ана таза б?ла? сылдырап а?ып жататын. ?кесі мен ?лы ба?атын ?ойлар осында су ішуге келетін. Оларды? отарында бір кішкентай мар?а ?озы болушы еді. Бір к?ні сол ?озы б?ла?тан су ішуді ойлайды. Кенет оны су тарта бастайды. М?ны к?рген бала мар?аны ??т?ару?а ж?гіреді. Біра? ?анша тырыс?анымен шамасы келмейді. Содан со? к?мекке ?кесін ша?ырады. Олар екеулеп тартып ж?ріп, а?ыры ?озыны ??т?арады. Сол кезде б?ла?тан су ат?ылап кетеді де, б?кіл жайылымды басады. С?йтіп, к?л пайда болды. Содан бері б?л к?л «Мар?ак?л» аталып кетті.

?апша?ай ??ірі Алматы облысыны? о?т?стік-орталы? б?лігінде, ?апша?ай су ?оймасыны? жа?асында, Алматыдан 70 км. жерде орналас?ан.

?апша?айда т?щы суды? ірі ?оймасыны? болуы себебінен ерекше микроклимат т?зіледі, б?л осы ??ірді? флорасы мен фаунасыны? дамуына жа?ымды ?серін тигізеді. ?апша?ай ?аласыны? туристік ?леуеті ?апша?ай су ?оймасыны? ресурстарына негізделеді. Іле ?зеніні? о? жа? жа?алауында?ы жартастар?а салын?ан суреттер ж?не «К?шпенділер фильміні?» декорациялары туристерді? ?ызы?ушылы?ын арттыруда. ?апша?ай су ?оймасы Іле ?зеніні? орта а?ысында орналас?ан жасанды су ?оймасы болып табылады, оны? ?зынды?ы 100 км, ені 25 км. Таби?и-климатты? жа?дайларына байланысты, б?л жер Алматы ?аласы ж?не облысыны? т?р?ындары ?шін жа?ажай демалысына таптырмайтын орын болды. Жазда б?л жерді? ауа температурасы +40°С. Мамыр-маусым айларында су температурасы +18+20°С жетсе, шілде-тамыз айларында +22+28°С дейін жетеді. ?апша?айда?ы туристер е? жиі баратын жер – 1994 жылы арнайы итальянды? жоба бойынша салын?ан ?алалы? аквапарк. Б?л кешенде балалар?а, сондай-а? ?лкен кісілерге арнал?ан арнайы су аттракциондары бар. Жасанды су ?оймасыны? жа?алауында 150-ден астам демалыс базалары орналас?ан. Б?л орындар ж?не оларды? ?сыныстары туристерді? ?алауы ж?не жа?дайы бойынша алуан т?рлі болып келеді. Кейінгі жылдары ?апша?ай су ?оймасыны? демалыс базаларына ?р т?рлі іс-шаралар, би кештері, спортты? жарыстар, т?рлі акциялар ?ткізу ке?інен таралып келеді.

Ма??ыстау облысы  Каспий те?ізі   КАСПИЙ ТЕ?ІЗІ — Еуразия ??рлы?ыны? орталы?ында, м?хиттардан алыста, о?шау жат?ан т?йы? су алабы. Д?ние ж?зіндегі е? ірі т?йы? су айдыны, ?лкендігіне ?арап те?із деп атайды. Ауданы 376 000 км2.

2. Каспий балы?тары Каспий те?ізінде балы? аулау к?сібі жа?сы дамы?ан. Те?ізден бекіре т??ымдастары, майшаба?, табан, торта, к?ксерке, сазан, килька к?птеп ауланады. Каспий те?ізінде ?ара уылдыры? ?ндірілетін су айдындары арасында д?ние ж?зі бойынша алды??ы орындарды? бірінде. Ит балы? аулау ертеден жол?а ?ойыл?ан. КАСПИЙ АЛБЫРТЫ  — албырттар т??ымдасыны? бір т?р тарма?ы. Негізінен Каспий те?ізіні? о?т?стік -батыс айма?ын мекендейді. Солт?стік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан а?атын езендерге ?рлейді. 20 ?-ды? басында аз да болса Еділ мен Жайы? ?зендеріне ?рлейтін. 1980 жылдан бері б?л ?зендерде аулан?аны туралы дерек жо?.

Каспий албырты—  албырттарды? ішіндегі е? ірісі; ?зынды?ы 100 см  жынысты? жа?ынан жетілгендеріні? салма?ы 2 — 7 кг. ?ара те?із  албыртына ??сас, айырмашылы?ы — ??йры? саба?ы жі?ішке келеді. Каспий  албыртыны? Каспий те?ізіні? ?аза?стан б?лігінде мекендейтіндеріні? тіршілігі зерттелме-ген.  ?детте,  б?л ?ткінші (?рістегіш) балы?. Ал?аш?ы жылдарын ?зенде, кейін те?ізге шы?ып, сонда 3 — 5 жасында жынысты? жа?ынан жетіледі. Уылдыры?ын (45 мы??а дейін) езенні? КАСПИЙ ИТБАЛЫ?Ы — ескекаяктылар отряды, итбалы? т??ымдасына жататын а?. Оны ?аза? тілінде  т ? л е н деп те атайды. Дене т?р?ы 125 -160 см, салм. 65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене ??рылымында сол орта?а бейімделуі басым. Мойны денесімен т?тасып біткен, со?ды?тан басы ай?ын б?лектеніп к?рінбейді; ??ла? ?ал?аны болмайды, ая?тары ескек т?різді, башайларыны? арасында ?алы? тері жар?а?тары болады. ?ара т?сті ар?асында те?біл да?тары ай?ын к?рінеді, бауыры а?шыл болады. Каспий  итбалы?ы тек Каспий те?ізінде ?ана тарал?ан. Еділ мен Жайы? ?зендеріні? т?менгі а?ыстарында сирек те болса, кездесіп калады. ?сіресе, Каспий те?ізіні? солт?стік б?лігіндегі аралдарда ?ыс айларында к?бірек ?шырасады. Тіршілігі-ні? к?бі суда ?теді. Тек т?лейтін, ша?ылысатын ж?не балалайтын кезде ?ана те?іздегі аралдар?а немесе м?з ?стіне шы?ады. Ша?ылысуы а?панны? ортасынан наурыз?а дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 к?шік (а??рпек) табады. А??рпегін аналы?ы майлы с?тімен 3-4 т?уліктей ?оректендіреді. 2 - 3 айда ?бден семірген а??рпегін "май итбалы?" деп, ал бір жылдан кейін терісіні? ре?і бірнеше рет ?згергендіктен, оларды "?ара итбалы?" деп атайды. Негізінен, балы?тар, шаянт?різділер ж?не моллюскілермен ?оректенеді. Каспий итбалы?ыны? терісі мен майы ?те ба?алы бол?анды?тан к?сіптік ма?ызы бар а?. Ересек т?лен к?зге ?арай бойына 40 — 70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада ж?не парфюмерияда ке?інен ?олданылады. Каспий те?ізінде шамамен 400 — 450 мындай Каспий  итбалы?ы мекендейді. 1-тапсырма.  Лексикалы? минимуммен  танысы?ыз.

?аза? тілінде

Орыс тілінде

?уежай

Аэропорт

Тіркеу орны

Регистратура

Аны?тама  бюросы

Справочное бюро

Жолсерік

Проводник

Жолаушы

Пассажир

Жа?ажай

Пляж

?она??й

Гостиница

Т?л??жат

Паспорт

Тапсырыс

Заказ, бронирование

Ел-жер аралау

Путешествовать по странам

Саяхат

Путешествие

?ызы?ты демалыс

Интересный отпуск, отдых

2-тапсырма.  Лингвистикалы? импровизация

С?з                         С?з тіркесі                           С?йлем

Демалыс       ?ызы?ты  демалыс            Мен е?бек демалысына шы?тым.

?уежай

Шипажай

Жа?ажай

?она??й

Естелік

Те?із

Тамаша

 

ЖАЗЫЛЫМ

3-тапсырма. С?здерді? ?арама-?арсы  ма?ынасын табы?ыз.

1. Естен кетпес демалыс                          А. Ж?мысты к?п істеу

2. Ел-жер аралау                                       ?. ?мытып ?алу

3. Еште?е істемеу                                     Б. Еш?андай ?ызы?ты м?лімет жо?

4. Ж?мысты ая?тамау                               В. Еш?айда бармау

5. Те?із жа?асы                                          Г. ?ызы?ты  демалыс

6. Есте са?тау                                             ?. Барлы? ж?мысты бітіру

7. М?дениеті, тарихы ?ызы?ты                Д. ?аланы? іші

6-тапсырма. Берілген с?здер мен суреттерді байланыстырып с?йлем ??ра?ыз.

К?десый     ?й         к?нделік      сурет    хат     ?аламтор    телефон

О?ЫЛЫМ

7-тапсырма. С?хбатты  о?ы?ыз.

Рахман  ?айнарлары

- Біз отбасымызбен  демалса? деп едік. Шы?ыс ?аза?станда  керемет  шипажай бар екен. Сол туралы не айтасыз?

- О-о-о, тамаша та?дау! Рахман ?айнарлары деген   шипажай бар. Барса?ыз, ?кінбейсіз.

- Балалармен  бару?а  бола ма? ?андай жа?дай жасал?анын айты?ызшы. Ба?асы ?анша болады? Биыл шетелге шы?пай, ту?ан жерімізді? к?рмеген ?сем жерлерімен танысайы? деп шештік.

- Табыл?ан а?ыл! Б?л жерге барса?ыз керемет таби?ат аясында демалып ?айтасыздар, сонымен бірге емделіп, денсаулы?тары?ызды жа?сарту?а болады. ?азір сізге ?аламтордан к?рсетейін. К?те т?ры?ызшы.

- ?рине, бармас б?рын барлы? м?ліметтерді біліп алайын деп едім.

- ?, міне, таптым! Демалыс орны т?рт елді? шекарасымен іргелес жатыр:

?аза?стан, ?ытай, Ресей, Мо??олия. Шипажайды? е? ??ндылы?ы онда?ы емдік ?асиеті бар б?ла?тарды? орналасуында. Ел аузында?ы а?ыз?а сенсек, б?л б?ла? суларыны? шипалы? ?асиетіне ертеде Рахман есімді а?шы кісі к?з жеткізіпті. Ол жаралы маралды? осы су?а т?сіп ?алай емделіп, сауы?ып шы??анын ?з к?зімен к?рген екен.

  • И?, -и?, мен де солай деп естігенмін. Жа?сы болды. Ал онда к?рікті жерлерді аралау?а бола ма?
  • ?рине. «Рахман ?айнарлары» тек ем алу ?ана емес, белсенді демалыс орны. Шипажай ?ызметкерлері сізге «Радостный» айма?ына к?кке шы?уды, Патшалар жазы?ына саяхат жасауды, Язовое к?лін аралауды ?сынады. Біра? таби?атты? б?л жердегі сыйы осымен таусылмайды. Белуха тауыны? бауырын атпен аралап, Равновесие к?ліні? та??ажайып келбетін тамашалауы?ыз?а болады.

Балы? аулауды жа?сы к?рсе?із, балалары?ызбен К?ршім ?зеніне, Б?кен жыл?аларына немесе Мар?ак?лге, А? Берелге бара аласыз.

  • Тіпті керемет!
  • Сізге демалыс орнына тапсырыс беруге к?мектесейін бе?
  • ?рине, ?рине. Міне, ??жаттарым. Мен де соны с?райын деп отыр едім.

      АРТЫ?  БОЛМАС БІЛГЕНІ?...

 ?лемні? ?андай керемет жерлерін араласа? да ту?ан жерге жетпейді, ?рине. ?ай кезде де ту?ан елімізде хал?ымызбен біргеміз. Біра? анда-санда демал?анда шетелге шы?ып т?рамыз. ?йткені бізде тамаша демалыс орындарымыз бар бол?анымен онда?ы ?ызмет к?рсету сапасы жо?ары де?гейде деп айта алмаймын. Сондай-а? демал?ан кезде ешкімні? мазалама?ын ?алайсы?. ?здері?ізге белгілі ?нер адамдары жыл бойы концерт, той-томала?та халы?ты? арасында ж?ретін бол?анды?тан бір уа?ыт к?пшілікті? к?зінен таса жерде демал?ысы келеді. ?з басым Т?ркияда, те?із жа?асында демал?анды ?натамын.

   Роза ?л?ожа:

Биыл бірінші рет бала-ша?амызбен Т?ркия?а барып демалып ?айтуды жоспарлап отырмыз. ?рине, ?зімізді? елімізде де таби?аты тамаша, к?рікті жерлер, демалыс орындары бар. Дегенмен шетелге де барып, к?ріп, демалып ?айт?ан жа?сы ?ой. Жаз?ы демалысты есте ?аларлы?тай ?ызы? ?ткізгенге не жетсін? Алла б?йырса, шілде айында отбасымызбен Т?ркия?а аттанба?пыз.

?Й ТАПСЫРМАСЫ: Саяхат туралы ?анатты   с?здер жазып келу

Саба?ты ?орытындылау

  • ?андай жа?а а?парат алдым?
  • Не ?ызы?ты болды?
  • ?андай ?иыншылы?тар болды?
  • ?зім ?шін не білдім , не алдым?

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? «Саяхат»»

Сабақтың тақырыбы: Саяхат

Сабақтың грамматикалық тақырыбы:

Бұйрық рай+айын,(-ейін)+деп едім. Мезгіл үстеу.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша ақпарат беру, пікірлесу арқылы

сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тапсырмаларды орындау арқылы сөздік

қорын молайту, жазу сауаттылығын арттыру. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Танымдық, коммуникативтілік құзіретін дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой шақыру, ойландыру, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі парақшалар, компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Б үгінгі сабақтың тақырыбы бойынша ассоциограмма құрыңыз.




Саяхат










II.Коммуникативтік тренинг

Сіз кезекті еңбек демалысыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?

Егер еңбек демалысыңыз қыста болса, қалай өткізер едіңіз?

Шетелдерге саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?

Жалпы, сіз саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?

Егер мүмкіндігіңіз болса, ең алдымен қайда барар едіңіз?

Саяхаттағанды ұнатасыз ба?

Құрметті тыңдаушылар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Саяхат» деп аталады. Бүгін біз сіздермен Қазақстанның бірнеше облыстарына саяхат жасаймыз.



Қазір жадыраған жаз мезгілі. Жаз - жұртшылықтың демалысқа шығып, қаланың сапырылысқан тіршілігінен бір сәт босап, еркін тынығуға қолайлы мекен іздейтін маусымы. Әрине, демалған дұрыс әрі пайдалы. Бірақ, қайда барып демалуға болады? Шет елдердегі бағасы удай қымбат демалыс орындарында ма, әлде Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қазақтың кең даласындағы қазақы иіс аңқып тұратын емдік қасиеті зор шипажайларда ма? Ойланып көріңіз! Екінші нұсқаны таңдаған болсаңыз, бүгін Әлемтану айдары сіздерге еліміздегі ең танымал әрі басқаныкінен еш кемдігі жоқ демалыс орындары туралы әңгімелейді.

Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу,  асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы... Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды!

Бурабай шатқалы

Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. 

Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды.



Алтын арқаның құтты мекені атанып жүрген бай қазыналы, көгілдір таулы көрікті өңірлердің бірі – Баянауыл жері. Қазақ халқының болашағын болжаған, дала данасы Асан Қайғы бабамыз Баян тауын көргенде "Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады" деген екен.

«Баянауыл» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі

Баянауыл – мемлекетіміздің ең сұлу өңірлерінің бірі: қарағайлы ормандар жапқан  таулар, алқапта көптеген көлдер.  Қазақтың ақселеу айдаласында  орналасқан Баянауыл таулары жасыл аралға ұқсас. Шағын және үлкен саяхатшылар жолдары оның шатқалдары бойымен жылан тәрізді өрмелеп жатыр. Туристердің біреуін көгілдір көлдер, басқаларын – саңырауқұлақ пен жидекке бай қарағай және жапырақты ормандар, кейбіреулерін – көп ғасырлар бойы желмен және сумен жасалған туындылар – табиғи тас мүсіндері қызықтырады.

Осы табиғи саябақ аумағында үш ірі тұщы сулы көл орналасқан–Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр, сондай-ақ бұдан да едәуір кіші көлдер бар.

Ең ірі көл — Сабындыкөл (аудармасы «мыльное озеро»).  Суы өте жұмсақ болғандықтан осылай атанады.  Баян сұлу өзінің  әдемі шашын  жуып жатқанда, сабынын көлге түсіріп алған деген аңыз бар.

Таулар баурайының арасындағы қазаншұңқырда орналасқан көлемі бойынша екінші көл —Жасыбай Баянауылдың нағыз көркі болып табылады. Демалушылар жағажайдан ашылатын сұлу көріністің арқасында Жасыбайдың мөлдір және жұмсақ суында шомылуды жақсы көреді.  Аңыз бойынша  көлдің  жағалауында  қаза тапқан қазақ батыры Жасыбайдың есімімен аталған. Оның көлемі төрт шаршы метр, тереңдігі – жеті метр. Жасыбай көлінің айналасында көптеген жағажайлар орналасқан. Халық көптеген жылдар бойы  Баянауылдың тамаша  ауа райын  сауықтыратын орын ретінде жырлап келеді. Көлдің басында біршама демалыс орындары бар. Мысалы “Березка” демалыс үйінің маңайында адамдар шипалы балшықты жинайды .

Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көл. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда сондай мөлдір болмағанмен балыққа бай, әсіресе сазан көп, сондықтан ол балықшылардың сүйікті орны.

Баянауылдың ең биік нүктесі –(1 027 м) –Ақбет тауы. Ел аузында бұл тау сүйіксіз адамға тұрмысқа берілгендіктен  таудың  төбесінен құлап өлген Ақбет деген қыздың атымен аталған деген аңыз бар.

Өңірдің көз тартар жерлерінің бірі – көлдің оңтүстік батысында орналасқан Әулиетас үңгірі. Үңгір төмендеген сайын тарылып 22 метрге дейін созылады. Оның ең түбінде ортасында ойығы бар тас жатыр. Сол шұңқырға төбеден және қабырғалардан аққан суық су жиналады. Жергілікті халық  арасында су  шипалы деп есептеледі.

Баянауыл тауларының құпиялы орындары – көркем сайлар. Сайлардың түбінде мөлдір бұлақ суы сарқырап жатады, таңқурай мен қарақат қалың тоғайы көз тартады.  Одна Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін өсімдік – қырыққұлақ өседі.











Қарқаралы – Қарағанды облысының ең байырғы, әрі мәңгі жас қаласы. Кезінде Қарқаралы арқылы Орта Азиядан Сібірге бағытталған керуен жолдары өткен.
Қарқаралы ауданының аумағы – 35,4 мың шаршы км. Жалпы халқының саны – 50600 адам.
Қарқаралы – табиғат мол байлық сыйлаған Сарыарқаның шағын ғана бір бөлігі. Мұнда құнарлы жайылым, сарқылмайтын су көздері, таулар кездеседі. Таулар… олардың сұлбасына көп қарасаң, солғұрлым қандай бір құпияны ашқандай боласың, толқи түсесің. Сондықтан да жұмбағы көп таулармен әрбір кездесу көңілге қуаныш әкеледі. Қарқаралы таулары – табиғаттың таңғажайып бірегей туындысы. Оған алыстан көз салсақ, әйелдердің қауырсынмен әшекейленген ежелгі бас киімі – қарқараға ұқсайды екен-ау деп ойлайсың.



Шығыс қазақстан облысы Марқакөл

Шығыс Қазақстанда Марқакөл деген табиғаты әсем көрікті жер бар. Тіпті сонда республикамызда құрылған алтыншы мемлекеттік қорық орналасқан. Қорықта көптеген шипалық мәні бар жоғарғы сатыдағы өсімдіктер де баршылық. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т.б.), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады.Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.

Аңыздарға сүйенсек, Марқакөлдің атауы туралы да қызықты әңгімелер бар. Марқакөл қорығының табиғат байлығын, оның таңғажайып сұлу көрінісін қазақтың көрінекті жазушысы Ж.Аймауытов «Ақбілек» атты романында ерекше атап көрсеткен. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Және, бұл мекенді көрген адам сұлу жер туралы аңызды да біле жүргені абзал.

(І нұсқа)

Ерте кезде көлдің орнында кең жазық дала болыпты. Бұл жерде алуан түрлі әсем жасыл шөптер өскен екен.

Оны жайлаған бір байдың жүйрік аты бір орнында тұра ал­май, қатты мазасызданыпты. Бір кезде су атқылап шығады. Атқылаған су шөптерді, ағаштарды басып, жоғары көтеріліп, тау баурайына дейін жетеді. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген қозы-марқалары су астында қалып қойыпты. Осыдан барып пайда болған көл «Марқакөл» деп аталыпты.

(ІІ нұсқа)

Бұл оқиға ертеде болған. Таулардың арасындағы жазықта кішкентай ғана таза бұлақ сылдырап ағып жататын. Әкесі мен ұлы бағатын қойлар осында су ішуге келетін. Олардың отарында бір кішкентай марқа қозы болушы еді. Бір күні сол қозы бұлақтан су ішуді ойлайды. Кенет оны су тарта бастайды. Мұны көрген бала марқаны құтқаруға жүгіреді. Бірақ қанша тырысқанымен шамасы келмейді. Содан соң көмекке әкесін шақырады. Олар екеулеп тартып жүріп, ақыры қозыны құтқарады. Сол кезде бұлақтан су атқылап кетеді де, бүкіл жайылымды басады. Сөйтіп, көл пайда болды. Содан бері бұл көл «Марқакөл» аталып кетті.


Алматы облысы Қапшағай



Қапшағай өңірі Алматы облысының оңтүстік-орталық бөлігінде, Қапшағай су қоймасының жағасында, Алматыдан 70 км. жерде орналасқан.

Қапшағайда тұщы судың ірі қоймасының болуы себебінен ерекше микроклимат түзіледі, бұл осы өңірдің флорасы мен фаунасының дамуына жағымды әсерін тигізеді.

Қапшағай қаласының туристік әлеуеті Қапшағай су қоймасының ресурстарына негізделеді. Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы жартастарға салынған суреттер және «Көшпенділер фильмінің» декорациялары туристердің қызығушылығын арттыруда.
Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің орта ағысында орналасқан жасанды су қоймасы болып табылады, оның ұзындығы 100 км, ені 25 км. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты, бұл жер Алматы қаласы және облысының тұрғындары үшін жағажай демалысына таптырмайтын орын болды. Жазда бұл жердің ауа температурасы +40°С. Мамыр-маусым айларында су температурасы +18+20°С жетсе, шілде-тамыз айларында +22+28°С дейін жетеді.

Қапшағайдағы туристер ең жиі баратын жер – 1994 жылы арнайы итальяндық жоба бойынша салынған қалалық аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен кісілерге арналған арнайы су аттракциондары бар.
Жасанды су қоймасының жағалауында 150-ден астам демалыс базалары орналасқан. Бұл орындар және олардың ұсыныстары туристердің қалауы және жағдайы бойынша алуан түрлі болып келеді.
Кейінгі жылдары Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.


Маңғыстау облысы Каспий теңізі



КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2.

2. Каспий балықтары
Каспий теңізінде балық аулау көсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған.
КАСПИЙ АЛБЫРТЫ  — албырттар тұқымдасының бір тұр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік -батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ.


Каспий албырты—  албырттардың ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см  жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 — 7 кг. Қара теңіз  албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке келеді. Каспий  албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі зерттелме-ген.  Әдетте,  бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 — 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) езеннің КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ — ескекаяктылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны қазақ тілінде  т ү л е н деп те атайды. Дене тұрқы 125 -160 см, салм. 65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен түтасып біткен, соңдықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек төрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий  итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп калады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігі-нің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 төуліктей қоректендіреді. 2 - 3 айда өбден семірген ақүрпегін "май итбалық" деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды "қара итбалық" деп атайды. Негізінен, балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан көсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 — 70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 — 450 мындай Каспий  итбалығы мекендейді.


1-тапсырма. Лексикалық минимуммен танысыңыз.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Әуежай

Аэропорт

Тіркеу орны

Регистратура

Анықтама бюросы

Справочное бюро

Жолсерік

Проводник

Жолаушы

Пассажир

Жағажай

Пляж

Қонақүй

Гостиница

Төлқұжат

Паспорт

Тапсырыс

Заказ, бронирование

Ел-жер аралау

Путешествовать по странам

Саяхат

Путешествие

Қызықты демалыс

Интересный отпуск, отдых


2-тапсырма. Лингвистикалық импровизация

Сөз Сөз тіркесі Сөйлем

Демалыс Қызықты демалыс Мен еңбек демалысына шықтым.

Әуежай

Шипажай

Жағажай

Қонақүй

Естелік

Теңіз

Тамаша


ЖАЗЫЛЫМ

3-тапсырма. Сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

1 . Естен кетпес демалыс А. Жұмысты көп істеу

2. Ел-жер аралау Ә. Ұмытып қалу

3. Ештеңе істемеу Б. Ешқандай қызықты мәлімет жоқ

4. Жұмысты аяқтамау В. Ешқайда бармау

5. Теңіз жағасы Г. Қызықты демалыс

6. Есте сақтау Ғ. Барлық жұмысты бітіру

7. Мәдениеті, тарихы қызықты Д. Қаланың іші

4-тапсырма. Сізге демалыста қажет болатын заттардың астын сызыңыз.



1. Көзілдірік 7. Сусын

2. Сөмке 8. Төлқұжат

3. Үтік 9. Тіс пастасы, тіс щеткасы

4. Сүлгі 10. Телефон

5. Теледидар 11. Жастық

6. Төлем картасы 12. Киім


Грамматикалық тақырып

Бұйрық рай +айын,-ейін+деп едім








Бір нәрсеге ынталы, ниет еткенін білдіреді.

Қалаға ертең жүрейін деп едім.

Мен сөйлесейін деп едім.







Мағынасы: іс-әркеттің мерзімі, мезгілі,уақыты.

Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, биыл, кеше, былтыр, ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз, қазір т.б.

Бұл бағдарлама ертең басталады.

Кеше қызық кино болды.

Кешке маңызды жаңалықтар айтылады.

Сұрақтары: қашан? қашаннан? қай уақытта?













5 -тапсырма.Бұйрық рай+ айын, -ейін+ деп едім конструкциясын жалғаңыз.

1. Ол сізге ........................................................ .......(көрсету)

2. Арай басқа біреуден ..........................................(сұрау)

3. Мен сізді вокзалға жеткізіп ..................................(салу)

4. Мен сізге мекенжайымды жазып ..........................(беру)

5. Ол кешке таман ..................................................... (келу)

6. Студенттер сізге .............................................(көмектесу)

7. Асан саяхатқа ..........................................................(шығу)

8. Менің әріптесім іссапарға .......................................(кету)

9. Демалысқа біз ұшақпен ...........................................(ұшу)

10. Ертең мен жол ........................................................(жүру)


6-тапсырма. Берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сөйлем құраңыз.


Кәдесый үй күнделік сурет хат ғаламтор телефон



ОҚЫЛЫМ

7-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз.

Рахман қайнарлары

- Біз отбасымызбен демалсақ деп едік. Шығыс Қазақстанда керемет шипажай бар екен. Сол туралы не айтасыз?

- О-о-о, тамаша таңдау! Рахман қайнарлары деген шипажай бар. Барсаңыз, өкінбейсіз.

- Балалармен баруға бола ма? Қандай жағдай жасалғанын айтыңызшы. Бағасы қанша болады? Биыл шетелге шықпай, туған жеріміздің көрмеген әсем жерлерімен танысайық деп шештік.

- Табылған ақыл! Бұл жерге барсаңыз керемет табиғат аясында демалып қайтасыздар, сонымен бірге емделіп, денсаулықтарыңызды жақсартуға болады. Қазір сізге ғаламтордан көрсетейін. Күте тұрыңызшы.

- Әрине, бармас бұрын барлық мәліметтерді біліп алайын деп едім.

- Ә, міне, таптым! Демалыс орны төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр:

Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия. Шипажайдың ең құндылығы ондағы емдік қасиеті бар бұлақтардың орналасуында. Ел аузындағы аңызға сенсек, бұл бұлақ суларының шипалық қасиетіне ертеде Рахман есімді аңшы кісі көз жеткізіпті. Ол жаралы маралдың осы суға түсіп қалай емделіп, сауығып шыққанын өз көзімен көрген екен.

  • Иә, -иә, мен де солай деп естігенмін. Жақсы болды. Ал онда көрікті жерлерді аралауға бола ма?

  • Әрине. «Рахман қайнарлары» тек ем алу ғана емес, белсенді демалыс орны. Шипажай қызметкерлері сізге «Радостный» аймағына көкке шығуды, Патшалар жазығына саяхат жасауды, Язовое көлін аралауды ұсынады. Бірақ табиғаттың бұл жердегі сыйы осымен таусылмайды. Белуха тауының бауырын атпен аралап, Равновесие көлінің таңғажайып келбетін тамашалауыңызға болады.

Балық аулауды жақсы көрсеңіз, балаларыңызбен Күршім өзеніне, Бөкен жылғаларына немесе Марқакөлге, Ақ Берелге бара аласыз.

  • Тіпті керемет!

  • Сізге демалыс орнына тапсырыс беруге көмектесейін бе?

  • Әрине, әрине. Міне, құжаттарым. Мен де соны сұрайын деп отыр едім.

Көп рақмет сізге.

8-тапсырма. Жауаптарға сұрақ қойыңыз.

1

Керемет шипажай


2

Емдік бұлақ суы


3

Емдік бұлақ суын Рахман аңшы тауыпты.


4

Төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр.



АЙТЫЛЫМ

9-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстандық демалыс орындарын, шипажайларын білесіз бе?

  2. Қазақстанның демалыс орындарына барып көрдіңіз бе? Қай жерге бардыңыз? Қашан бардыңыз?

  3. Қазақстанда өзіңіз көрмеген табиғат орындары бар ма?


ТЫҢДАЛЫМ В1 11-тапсырма 243 б.

10-тапсырма. Сұхбатты тыңдаңыз. Әр сөйлемді кім айтқанын жазыңыз.

1

Сөйлеушінің аттары кім?

№1 Сәния

№2 Жанболат

№3 Рабиға

2

Мен демалысымды әйеліммен бірге жоспарлаймын.




3

Мәндетті түрде




4

Демалысым емтихан тапсыруыма байланысты.




5

Құрбыммен бірге барар едім.




6

Жалғыз.




7

Әкеммен бірге барар едім.




8

Ақпарат жинау керек.




9

Мен ақша жинаймын.




10

Жан-жақты дайындалу керек.





ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАПСЫРМА

  • Сіз жазғы еңбек демалысыңызды шетелде өткізейін деп жолдама алдыңыз,сіздің бастығыңыз өндірістік қажеттілігі бойынша жұмысқа шығыңыз дейді? Сіздің жауабыңыз?

  • Сіз досыңызбен саяхатқа шығамын дегенде, досыңызды жұмыс бабымен жібермеді. Сіздің шешіміңіз?


АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ...

Әлемнің қандай керемет жерлерін араласаң да туған жерге жетпейді, әрине. Қай кезде де туған елімізде халқымызбен біргеміз. Бірақ анда-санда демалғанда шетелге шығып тұрамыз. Өйткені бізде тамаша демалыс орындарымыз бар болғанымен ондағы қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде деп айта алмаймын. Сондай-ақ демалған кезде ешкімнің мазаламағын қалайсың. Өздеріңізге белгілі өнер адамдары жыл бойы концерт, той-томалақта халықтың арасында жүретін болғандықтан бір уақыт көпшіліктің көзінен таса жерде демалғысы келеді. Өз басым Түркияда, теңіз жағасында демалғанды ұнатамын.

Шыны керек, менде демалатын уақыт бола бермейді, болса да өте аз. Уақытымның көбі ұшақта өтеді десем де болады. Гастрольдік сапарлармен жүремін. Бос уақытым бола қалса, фазендаға барамын, табиғат аясында демалғанды, атқа мінгенді жақсы көремін. Өзіме сыйға тартқан керемет атым бар. Мен тыныштықта демалғанды ұнатамын. Ал шетелдерге демалу үшін емес, көбінесе жұмыс барысымен барамын. Айталық осы жылдың қазан айында АҚШ-тың Майами штатына баруды жоспарлап отырмын.

Роза Әлқожа:

Биыл бірінші рет бала-шағамызбен Түркияға барып демалып қайтуды жоспарлап отырмыз. Әрине, өзіміздің елімізде де табиғаты тамаша, көрікті жерлер, демалыс орындары бар. Дегенмен шетелге де барып, көріп, демалып қайтқан жақсы ғой. Жазғы демалысты есте қаларлықтай қызық өткізгенге не жетсін? Алла бұйырса, шілде айында отбасымызбен Түркияға аттанбақпыз.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: Саяхат туралы қанатты сөздер жазып келу

Сабақты қорытындылау

  • Қандай жаңа ақпарат алдым?

  • Не қызықты болды?

  • Қандай қиыншылықтар болды?

  • Өзім үшін не білдім , не алдым?



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!