СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Орманға саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық сабақ "Орманға саяхат" балалардың танымдылығын дамыту

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Орманға саяхат"»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Тәрбиеші: Жакеева Зинегул Мутаевна

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты: Балалардың геомертиялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. .

Дамытушылық мақсаты: Заттардың салыстырмалы қасиеттерін пысықтау арқылы ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар:Орман аңдарының суреттері, пішіндер орналасқан үй бейнесі, үлестірмелі материялдар.

Сөздік жұмыс: Тар жол,кең жолдар.

Билингвальді компонент: Тар жол-узкая дарога,кең жол-широкая дарога .

Дәлелдеу-ояту.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті






Мотивациялық –қозғауыш











































Ұйымдастырушылық – ізденіс















































Рефлекситті – түзету




Шаттық шеңбері.

Жарқырап күнде ашылды,

Аспанға гүл шашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Балалар ,қандай жыл мезгілі?

- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Жарайсыңдар балалар! енді бір-бірімізге достық лебізімізді білдірейік.

-Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме?


-Олай болса ,кәне жол қысқартып , орман аңдарының жүрісін салып жолға шығайық.

Балпаң-балпаң басамын,

Алты қырдан асамын.

Аю деген ағаңмын,

Аңшы көрсем қашамын.

Топқа орман ханшайымы кіреді.

Орман ханшайымы:-Ой, мына балалар қайда бара жатыр екен?Балалар қайда барасыңдар?

Орман ханшайымы:-Бәрекелді! Ендеше мен сендерге жол көрсетейін,менің артымнан жүріңдер.Қоянның қалай жүретінін білесіңдер ме?

-Ұзын құлақ қоянмын,

Ақшыл түске боялдым.

Сытыр еткен дыбыстан

Елең ете қаламын.

Педагог:-Балалар,қараңдаршы.Міне орманға да келіп жеттік.

Орман ханшайымы:-Ой, мынау менің достарым.Ой ,бұлардың азықтары бітіп қалған сияқты.Сендер көмектесе аласыңдар ма?

Ойын: «Аңдарға азық беру»

Шарты:Аңдарға қамқорлық танытып,азықтандыру.

- Балалар,аю не жейді?

-Қоян не жейді?

Педагог:-Бәрекелді балалар! Енді қай аңға азық көп берілді екен анықтайық?

- Жарайсыңдар! Менің достарым сендерге риза болды.Бірақ олар үйлеріне қайтар жолды ұмытып қалыпты.Үйлеріне қайтуға көмектесеміз бе?

-Аю қандай жолмен жүреді?

-Ал қоян ше?

Неге аю кең жолмен жүреді?

-Ал қоян неге тар жолмен жүреді?

-Дұрыс айтасыңдар.

Сергіту сәті:

Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккіштен үгіп майдалаймыз.

Қанттан сеуіп дәмдейміз,

Қаймақ қосып сәндейміз.

Міне дайын нәр тағам,

Дәруменге байыған.

Сөздік жұмыс: Тар жол,кең жолдар.

Билингвальді компонент: Тар жол-узкая дарога,кең жол-широкая дарога .

Педагог:-Міне балалар, біз аңдардың қай жолмен жүру керектігін көрсеттік.Енді оларға үйшік керек екен.Олардың үйшігі жоқ екен.Кәне тездетіп пішіндерден оларға үйшік құрастырып берейік.

Д/Ойын: « Пішіндерден үйшік құрастыр »

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың зейінін,ой-өрісін дамыту.

Шарты: Геомертиялық пішіндерді пайдалану арқылы үйшік құрастыру.

Бұғының үлкен үйі бар,

Терезеден қарайды ол.

Қоян секіріп келеді,

Бұғының үйін көреді.

Тук-тук досым,есік аш,

Ана орманда аңшы қаш,

Қоян-қоян келеғой

Қолыңды маған бере ғой.

Орман ханшайымы:-- Жарайсыңдар,балалар!

Менің достарым сендерге риза болды.Олар сендерге мына сыйлықты беруімді өтінді.

Балалар орман ханшайымымен қоштасып топқа қайтады.



Қортынды сұрақ-жауап:

-Біз қайда саяхатқа бардық?

-Орманда қандай аңдармен жолықтық?

-Аңдар өз үйлеріне қандай жолмен қайтты?

- үйшіктерді қандай геомертиялық пішіндерден құрастырдық?

- Балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма?

Балалар сендер білімдеріңді де жетілдіріп ,тапқыр және алғыр екендеріңді көрсеттіңдер!Рахмет айтып орман ханшайымының тосын сыйын балаларға беріп қуанту.



Тәрбиешімен бірге балалар шаттық шеңберін жасайды.




-Қыс мезгілі

-Қар жауып,күн салқындайды.

-Иә





-Балалар өлеңді қайталап,аюдың жүрісін салады.





-Орманға



- Иә


-Балалар өлеңді қайталап,қоянның жүрісін салады.





-иә, көмектесеміз!



-Бал жейді.

-Сәбіз жейді.



- Аюға азық аз берілген,ал қоянға көп берілген.




-Кең жолмен.

-Тар жолмен.

-Себебі аю үлкен.

-Себебі ол кішкентай.



Балалар педагогпен бірге қосылып отырып іс-қимылдарын жасады.














Балалар пішіндерден үй құрастырды.





















-Орманға саяхатқа бардық

-Аю,қоян, кірпіні көрдік.

-Тар, кең жолдармен қайтты.


-Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

-Иә



Балалар қуанды.


Күтілетін нәтиже:
Білу керек :Кеңістікті бағдарлай білу керек.

Түсінікті игерді:Көп-аз мөлшерінің түсніктерін игерді.
Меңгерді: Кеңістікті бағдарлай біліп пішіндеріне қарай орналастыру дағдыларын меңгерді.