Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсы қасиеттер арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
- оқушыларды тілалғыштыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
- ізгі істерге жетелейтін «Адам» сөзінің мәнін ашу;
- уәдеге берік болып, дұрыс әрекет етуге үйрету
|
Ресурстар: Оқулық, дәптер, интербелсенді тақта, плакаттар.
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
5 Т ны еске түсіріп аламыз.
Тыныштық сәті
Су асты патшалығына ойша саяхат.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен адаммын ғой» В.Сухомлинский (Оқулық № 26 сабақ)
Сұрақтар:
-Қарттың «мен адаммын ғой» деген сөзін қалай түсінесіңдер?
-Әңгімедегі кейіпкерлердің қайсысы дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар?
-Сендер өмірде жақсы іс жасап көрдіңдер ме?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
3. Дәйек сөз.
«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»
Жүсіп Баласағұни
(Интернет ресурсы)
- Бақытты адам қандай адам деп ойлайсыңдар?
- Сендер бір – бірлеріңнің бойыңнан қандай жақсы қасиетті байқадыңдар?
- Үлкендерге қандай құрмет көрсету керек?
|
|
4. Мұғалімнің сыйы
Орманшының баласы
М. Әбдірашаева
Орманшының баласы ат қылып ойнау үшін бір жас шыбықты сындырмақ болады. Сол кезде ол ағаштардың әңгімесін естиді:
Ақ қайың айтыпты:
- Мен өскенде бесік болам. Кішкентай бөбекті тербетем. Бесік жырын естіп, рахатқа батам. Бақыт деген осы емес пе?!
Ал теректің жас шыбығы:
- Мен өскенде түрлі-түрлі ойыншық болам. Балаларды ойнатам. Ертеден кешке дейін ойнаймыз. Қызыққа батамыз,-депті жапырағы жайқалып.
- Мен өскенде түрлі-түрлі жиһаз болам. Адамдар шаршағанда демалады. Сөрелеріме кітаптарын, заттарын қояды,-депті емен.
Ұзын бойлы қарағай:
- Мен ше. Мен үлкен үй болам. Адамдар қыста тоңбайды,жазда ыстықтамайды. Үй болған қандай жақсы,-депті шаттана.
- Ал мен кім болам?-депті сонда орманның баласы олардың айтқандарына қызығып.
- Сен бе, сен,-деп үйеңкі жас шыбық ойлана,
- -Егер сен бізді жақсы көріп сыйласаң, өскенде ағаш шебері бол. Сонда біз айтқан армандарымызға жетеміз.
- Мақұл! –депті орманшының баласы қуана. Жас шыбықтарды сындырмапты.
Сол орманшының баласы өскенде уәдесінде тұрып атақты ағаш шебері болып, ағаштарды арманына жеткізіпті.
- Бала ағаштарды не үшін сыйлап жақсы көрді?
- Уәдеге қандай адам берік бола алады?
-Өмірде әрбір істі дұрыс жасап, дұрыс шешім қабылдау үшін үшін адамға не керек?
(«Қазақ тілінен 55 сабақ» кітабынан)
|
|
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Нөмірлер арқылы 4 топқа бөлінеміз.
Оқушылар баяу әуенмен «Тыныштықтағы сурет» әдісімен топтасып сурет салады.
|
|
Топпен ән айту.
Жақсы бала
Сөзі мен әні: А.Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп бір,
Нағыз адам болады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай.
Жақсы бала анасын,
Айтқызбайды қайталап.
Тілін алып үлкеннің,
Сыйлап жүрер қашанда.
Тілалғыш осындай,
Болайықшы досым-ай
«Ән жинақ»
|
|
Үй тапсырмасы. «Табиғат деген не?» Ә.Ысқақ 27 сабақ
|
|
Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әртүрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, сыйластық, уәдеге беріктік сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де қайырымды іс жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. Енді бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді баяу әуен толқынымен үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік.
|
|