СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ Бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа білімді игеру. Сабақтың технологиясы:сатылы-кешенді талдау технологиясы.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері»

Ашық сабақтың тақырыбы: Бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері


Дайындаған: Хатипова Райгуль Табылдиевна


Құзыреттілік:

А)ақпараттық: арендердің гомолог қатары, құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттер туралы ақпарат беру арқылы білімдерін бекіту және жүйелеп тереңдету. Ақпаратты өз бетіне табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-комуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыру.

Ә)коммуникативтік: көмірсутектердің қоршаған ортадағы қарым-қатынас бірлігін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу, ізденімпаздыққа, жаупакершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Б)проблеманы шешу: арендердің гомолог қатары мен құрылысында, қасиеттерінде туындайтын әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға,өз шешімінің нәтижесіне бағыттау.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, әнгімілеу, топпен жұмыс,сұрақ жауап, салыстыру.

Сабақтың технологиясы: сатылы-кешенді талдау технологиясы.

Көрнекілігі: ММП,компьютер, сабаққа байланысты слайдтар,бейнефильм.

Саба түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Оқыту үрдесінің техникалық қамтамасыз ету: АРМ класс, слайдтар, тест тапсырмалары, бейнефильмдер.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Арендер деп қандай қосылыстарды айтады?

2.Бензол туындыларының жалпы формуласы қандай? 3.Бензол молекуласының құрылысы қандай?

4.Арендерді қалай алуға болатынын көрсетіп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар?

5.Жаттығу №5. Пропилбензолдың изомерлерінің құрылымдық формулаларын құрастырыңдар.

6.Изомерлер дегеніміз не?

7.Бензол гомологтарының құрылымдық формулаларын жазыңдар және халықаралық, тарихи номенклатура бойынша атаңдар.

а)1,3 -диметилбензол; ә) 1-метил-2-пропилбензол; б)п-бутилэтилбензол;

8. Бензолды қалай алуға болатынын көрсетіп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар:

а) алкандардан

ә) циклоалкандардан

б) ацетиленнен




Өндірісте бензолдың алыныу (Бейнефильм)

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақырыбы:Бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Бензолдың физикалық қасиеттері.

2.Бензолдың химиялық қасиеттері:

орынбасу реакциялары: галогендеу, нитрлеу

қосылу реакциялары: гидрлеу

тотығу реакциялары: жану

3. Қолданылуы

Арендердің ең қарапайым мүшесі – бензол болғандықтан

1. Бензолдың физикалық қасиеттерін қарастырамыз

Слайд және (Бейнефильм)

Бензол түссіз сұйық, улы зат, өзіне тән иісі бар. Судан жеңіл және суда ерімейді. Органикалық еріткіштерде ғана ериді ( спиртте, эфирде).Қайнау температурасы 80,10С. Салқындатқанда тез ақ кристалға айналады. Балқу температурасы 5,50С.




2. Бензолдың химиялық қасиеттері: Слайд және (Бейнефильм)

Реакциялардың механизмдері: Радикалды ,электрофилді, нуклеофилді

Орынбасу реакциялары.

Бензол ядросы едәуір тұрақты болғандықтан, бензолға орынбасу реакциялары тән.


1.Галогендеуі

Галогендермен орынбасу реакциялары темір (III) тұздарының қатысында жүреді:

FеCI3

С6H6 + Br2 → С6H5Br + НBr

бензол бромбензол

2.Нитрленуі.

Нитрлеуші қоспаның (концентрлі күкірт және азот қышқылдарының қоспасы) қатысында қыздырғанда, бензолдан нитробензол түзіледі:


H2SO4,t

С6H6 + НОNO 2 → С6H5 NO 2 + Н2O

бензол нитробензол

3.Қосылу реакциялары.

Бензол қосылу реакцияларына қиін түседі. Тек қатты қыздырғанда немесе ультракүлгін сәулелермен әсер еткенде және катализатордың қатысында ғана бензол қанықпаған қасиет көрсетіп, сутекті және галогенді қосып алады.

1.Гидрленуі.

Никель, паладий, платина сияқты катализаторлар қатысында қыздырғанда және жоғары қысымның әсерінен бензол сутекті қосып алып, циклогексанға айналады:

Ni,4000C

С6H6 + 3Н2 С6H12

бензол циклогексан



2.Галогенді қосып алуы. Бейнефильм

Ультракұлгін сәулелердің әсерінен бензол хлордың алты атомын қосып алып, нәтижесінде, гексахлорциклогексан (гексахлоран) түзіледі:

hv

С6H6 + CI 2 С6H6CI6

бензол гексахлоран


III. Тотығу реакциялары. Бензол мен оның гомологтары ауада ашық жалынмен бықсып, күйе түзе жанады:


6H6 + 15O2 → 12CО2 + 6H2O

IV. Бекіту:

Бекіту сұрақтары:

1.Бензолдың физикалық қасиеттері қандай?

2.Аромат көмірсутектеріне қандай реакциялар тән?

3.Бензол мен толуолдың химиялық қасиеттерін салыстырып, толуолдың неліктен химиялық белсендірек болатының түсіндіріңдер.


Жаттығулар және есептер шығару

1.Бензол қасиеттерінің қаныққан көмірсутектермен және қанықпаған көмірсутектермен ұқсастықтарын көрсететіп химиялық реакцияларға мысалдар келтіріп теңдеулерін жазыңдар.

Алкандар (метан)

Арендер (бензол)

Алкендер (этилен)





2.Берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттарды атаңдар:

СО2

СН4 → С2Н2 → С6Н6 → C6H5NO2

↓ ↓

С2Н4 C6H5Br

С2Н5ОН




Тест тапсырма

1. Бензол формуласы?

а) С6Н6 ә) С6Н12 б) С6Н10 в) С7Н8

2. Темір тұздарының қатысында бензол броммен әрекеттескенде, қандай зат түзіледі?

а) дихлорбензол

ә) этилбензол

б) бромбензол

в) метилбензол

3. Бензол және оның гомологтарының құрылысына төменде берілген мәліметтердің қайсысы сәйкес келеді?

а) молекуласы тетраэдр формалы, sp3-гибридтену

ә) молекуласы жазық формалы, sp2-гибридтену

б) көміртегі атомдары алты мүшелі цикл, ароматты байланыс

в) көміртегі атомдары ашық тізбекті, sp2-гибридтену

4. Толуолдың молекулалық формуласы?

а) С6Н6 ә) С6Н10 б) С8Н7 в) С7Н8

5. Бензол нитрлеуші қоспаның қатысында қыздырғанда қандай әнім түзіледі?

а) м – нитротолуол

ә) м – диметилтолуол

б) нитробензол

в) n – нитротолуол

6. Келтірілген формулалардың ішінде ароматты көмірсутекті анықтаңдар:

а) С8Н10

ә) С7Н14

б) С7Н16

в) С8Н14

7. Метилбензол азот қышқылымен әрекеттескенде қандай өнім түзіледі?

а) м-нитротолуол

ә) нитробензол

б) п-нитротолуол

в) 2,4,6 - үшнитротолуол

8. Формуласы C6H6, болып келген қосылысқа қандай жалпы формула тән?

а) CnH 2n-2 (диендер)

ә) CnH 2n+2 (алкандар)

б) CnH 2n-6 (арендер)

в) CnH 2n-2 (алкиндер)

9. Бензолға тән физикалық қасиет:

а) газ тәрізді

ә) сұйықтық

б) дәмі тәтті

в) суда жақсы ериді

10. Бензол жанғанда қандай заттар түзіледі?

а) С және Н2О ә) СО2 және Н2О

б) СО және Н2 в) СО2 және Н2

Жауаптары

1-а 6-а

2-б 7-в

3-б 8-б

4-в 9-ә

5-б 10-ә

Критерий: 8-10 «5»; 6-7 «4»; 5-4 «3»; 3-1 «2».

Бағалау.

V.Үй тапсырмасы:

1.Мендалиева Д.К.,Ермагамбетова М.Р.Органикалық химияның кейбір тараулары. 1- бөлім. II тарау. Ароматты көмірсутектер. 38-44 беттер. Есептер № 4,5,6. 45 бет.

2.Артеменко А.В. «Органикалық химия» §18. Бензолдың физикалық және химиялық қасиеттері. 77-79 бет.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!