Тақырыбы: Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз( бастауыш сыныптар арасында пәндер олимпиадасының ашылуы)
Мақсаты:
1. Білімділік: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;
2. Дамытушылық: Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білім дерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Апталықтың ашылуы «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз»»
Тақырыбы: Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз( бастауыш сыныптар арасында пәндер олимпиадасының ашылуы)
Мақсаты:
Білімділік: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;
Дамытушылық: Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білім дерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгін міне, тәуелсіздік мерекесіне орай өткізгелі отырған «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» атты мектепішілік бастауыш сыныптар арасындағы олимпиадаға қош келдіңіздер!!
Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25жыл толыпты. Бүгінгі жарқын өміріміз сол ызғарлы күндердің жеңісті жемісі іспетті.
Тәуелсіздігіміз баянды болғай, ағайын. Қане, менің көмекшілерім!!
Египет киімін киген 2 қыз шығады.
І египет қызы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
ІІ египет қызы: Бүгін «Жаңа Ертіс орта мектебінде» бастауыш сыныптары арасында пәндер олимпиадасы өткелі жатыр.
І египет қызы: Жарыстан қапы қалып қоймаңыздар!
ІІ египет қызы: Өз білімдеріңізді көрсетуге асығыңыздар!
І египет қызы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
ІІ египет қызы: Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өтетін мектепішілік пәндер олимпиадасына қош келдіңіздер!
І египет қызы: Жалпы олимпиадалар ертеден қалыптасып, келе жатқан сайыс. Алғашқы сайыс Олимп елінде өткен. Бұл сайысқа Зевс құдайдың бес ұлы қатысыпты. Ағайындылардың үлкені Геракл барлық сайыстарда жеңіске жетіп, зәйтүн жапырағынан жасалған тәжімен марапатталыпты.
ІІ египет қызы: Сол күннен бастап Геракл 5 жылда 1 рет осындай сайыстар өтетінін жариялады. Олимпия елінде өткен жарыс құрметіне барлық спорт және білім жарыстарын бүгінгі күнде Олимпиада деп атайды. Бүгінгі біздің өткізгелі жатқан Олимпиаданың мақсаты ең білімді, ең үздік, ең озат оқушыларды айқындау.
І египет қызы:Олимп елінің елшісі ( рим музыкасы, елші шығады)
Елші: Бүгінгі бастауыш сыныптар арасындағы пәндер олимпиадасының өтілуі құтты болсын. Биылғы олимпиада ерекше, өйткені бастауыш сыныптар олимпиадасы аудан бойынша екінші жыл 2-4 сыныптар арасында өткелі отыр . Бұл сайысқа аудан мектептерінен таңдаулы, білімді, зерек оқушылар барады.. Сендердің білімдерің болашақта мектептің, ауданымыздың, еліміздің көркеюіне зор үлес қосады деп сенемін.
Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң.
Бүгінгі олимпиаданың ашылу салтанатына білім елінің есігін ашатын кілтін ала келдім. Бүгінгі олимпиада Жаңа Ертіс орта мектебінде өтетіндіктен кілтті мектеп директорына табыс етемін.
ІІ египет қызы: Мектепішілік бастауыш сынып оқушыларының пән олимпиадасы ашық деп жариялаймыз.
І египет қызы: Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Аймухамбетов Нұрсадық Сейтқазыұлына беріледі.
І египет қызы: Олимпиада қатысушыларын құттықтау мектеп оқушыларына беріледі.
І египет қызы: Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат ,білімді ұрпақ болатындарыңа сенімдімін. Іске сәт, құрметті оқушылар! Жұлдыздарың жансын!