Блум таксанамиясы бойынша Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ ережесін сақтау: - бірін-бірі тыңдау - ойын ашық айту - бірін-бірі қошеметтеу Психологиялық ахуал. - Бойыңдағы ең жағымсыз бір қасиетіңді жазып, қобдишаға саламыз. Бойымыздан осындай жаман қылықтан арылып жақсы көңілмен жаңа сабақты бастаймыз. Топқа бөлу. /Дәрумендер арқылы/ Жұмбақ жасыру. Жұмбақтың жауабын кім тез шешсе сол топ басшысы болып сайланады. Медбике мен дәрігер Таң сәріден жұмыс істейді. Бар көмегін аямай Ауруларды емдейді. Кім айтады,бұл қай жер? (Емхана)
Үй тапсырмасын тексеремін: «Кубизм» арқылы тексеру.(Кубтың әр қырларына үй тапсырмасының сұрақтары жазылады) АКТ-ны қолдану 1 Білу «Ой шақыру» стратегиясы /мозайканы құрастыру/ Жаңа сабақ. Мағынаны тану «Емхана» дегеніміз не? Деген ой арқылы мағынаны танумен жаңа тақырып ашылады.(жетелеуші сұрақтар қойылады) -Емханаға не үшін барамыз? -Онда кімдер жұмыс істейді? -Онда қандай мамандықтар бар? Емхана-поликлиника-hospital 2.Түсіну «Дарынды, талантты балаларды қадағалау» Мәтінмен жұмыс Емхана Бүгін Әлібек мектепке барған жоқ. Себебі, Әлібектің басы ауырды, дене қызуы көтерілді. Ол емханаға барды. Дәрігердің қабылдауына жазылды.Дәрігер қызуын өлшеп, тексерді. Дәрі-дәрмек жазып берді. Ауырған адамдар емханаға барады. Мәтін бойынша тапсырмалар: 1. Мәтінді оқып, аудару 2. Мәтіннен таңдалған сөзді септеу Дәптермен жұмыс. ( сөздік жұмыс жүргізу) емхана – поликлиника Дәрігер - врач дене қызуы - температура дәрігердің қабылдауына – на приём к врачу ауырды – заболел ауырған – заболевший 3.Қолдану. «Сезімнен шыққан ойлар» стратегиясы Постермен жұмыс Болашақта балалар емханасын сіздердің көздерімен, оқушылар постерге түсіреді 2-топта пікірталас орнату. Сергіту сәті: Музыкалық таңдау 4.Талдау Емханада сырқатыңа байланысты кімге баратыны туралы сөйлемді толықтырыңдар. 1. Тісің ауырса,... бару керек. 2. Көзің ауырса,... бар 3. Құлағың ауырса,... бару керек. 4.Дәрі керек болса,... бар. 5. Тамағың ауырса ...... бар 6. Басың ауырса ..... ішемін. 5. Жинақтау «Дәрігердің қабылдауында» көрінісін көрсету /Дәрігер өз бөлмесінде отырады. Есік қағылады/ Науқас: Кіруге бола ма? Дәрігер: Болады. Кіріңіз. Отырыңыз. Науқас: /кіреді/ Сәлеметсіз бе, дәрігер апай! Дәрігер: Сәлеметсіз бе! Қай жеріңіз ауырады? Науқас: Басым ауырып, тамағым ауырады. Дәрігер: Қане қысымыңызды өлшейін. Қызуыңызды өлшейін, Тамағыңызды қарайын. Науқас: дәрігердің айтқаның бәрін істейді. Дәрігер: Дем алыңыз, дем алмаңыз Науқас: дем алады. Демін ішке тартады Дәрігер: /жазу жазады/ Мына дәрілерді алып ішіңіз. Екі күннен соң тағы келесіз. 6. Бағалау ( қорыту ) Сұрақ-жауап Бағалау парағы, бірін-бірі бағалау. «Екі жұлдыз-бір тілек» Үйге тапсырма 1. Мәтінді мазмұндау 2. «Тіс дәрігері» сөзін септеу |