СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Менің Отаным - Қазақстан" 5 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

план открытого урока в помощь учителям казахского языка специальных школ

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Менің Отаным - Қазақстан" 5 сынып»

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай арнайы мектеп-интернаты» КММ























АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ



ТАҚЫРЫБЫ: «Менің Отаным - Қазақстаным»



5 сынып









Өткізген: қазақ тілі мұғалімі

Жусупова Гүлнар Даурханқызы











Қостанай 2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — оқушыларды Отан туралы түсініктерін кеңейту; Мемлекеттік рәміздермен, Елбасы, Астана қаласымен таныстыру. ;
Түзету -дамытушылық — оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын түзете отырып дамыту;
Тәрбиелік — оқушының еліне деген сүйіспеншілік, құрметтеу сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ .
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, диалог оқу, мәнерлеп оқу, кластер құру
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның мемлекеттік рәміздері, Астана көріністері, интерактивті тақта, слайдттар, кеспе қағаздар, кластер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу – Сәлем, маған, Сәлем, саған, Сәлем-сәлем бүкіл әлем!
Ә) тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.


- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? Қазір қай мезгіл?
-Күз айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сөздерді қайталау.

-«Жеті ұл» тақпағын тақтаға шығарып бүкіл сыныпты қатыстыру.

-өткен сабақта танысқан сөздерді қайталап шығу. Тақтаға шығарып орындату.

Уақыт-время

Таңертең-утро

Күн тәртібі-режим дня

Ояндым-проснулся

Жуындым-умылся

Киіндім-оделся

Тамақтандым-покушал

III.Жаңа сабақ.

  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? - Қазақстан.

Қазақстан – дегенде ойларыңа қандай сөздер түседі? Кластер құру.

ГИМН ТІЛ

ЕЛТАҢБА ТУ

ҚАЗАҚСТАН

ОТАН ХАЛЫҚ


ПРЕЗИДЕНТ ТӘУЕЛСІЗ

АСТАНА

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады, тақтаға ілінеді)

Кіріспе бөлімі:

— Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз.

-алдымен жаңа сөздермен танысып өтейік.

IV.Сөздік жұмыс

Отан-Родина

Мемлекет-государство

Ту-флаг, знамя

Елтаңба-герб

Рәміздер-символы

(мүғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап оқиды, тізбектеп оқиды, дәптерге жазады)

-тақтаға шығарып сөздерді буынға бөлгізу, түрлеріне ажырату

V.Тақырыпты түсіндіру. (слайдттар арқылы)



-Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттік рәміздерге – Ту, Елтаңба, Гимн жатады. Олардың түстері – көгілдір және алтын түсті. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Ұлттық ақшамыз – теңге.

VI.Мәтінмен жұмыс жасау.

Қазақстан

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның өз Туы, Елтаңбасы, Гимні бар. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласы. Астана – жас қала. Қазақстан – үлкен мемлекет.

-мәтінді оқып шығамын. Оқушыларға тізбектеп оқытамын, аударамын.

«Астана» - сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Астана – үш буынды

А-дауысты, жуан

С-дауыссыз, қатаң

Т-дауыссыз, қатаң

А-дауысты, жуан

Н- дауыссыз, үнді

А-дауысты, жуан

Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.

Сергіту сәті. (оқушы жасатады)

VII.Мақалмен жұмыс жасау.

Оқушылар Отан туралы мақал - мәтелдерді тыңдап қайталатып, аудармасын табайық, тақтаға ілгізу, мағынасын түсіндіру.
1. Отан – отбасынан басталады. Родина начинается с семьи.
2. Отансыз - адам, Ормансыз бұлбұл. Человек без родины,

Как соловей без леса.


VIII. Грамматикалық тапсырмалар орындату.

Деңгейлік тапсырма үлестіру

1деңгей сөздерді көшіріп жаз, А-О әріптерінің астын сыз. Перепишите слова, подчеркните буквы А-О

Отан, Қазақстан, Елтаңба, Астана.

2 деңгей сөздерді буынға бөл. Раздели слова на слоги и запиши.

Халық, алтын, достық, тәуелсіз.

IX.ДИАЛОГПЕН ЖҰМЫС

-диалогты оқушыларға таратып беремін. Өз бетінше оқып шығады, тақтаға келіп өзара диалог жасайды.

-Сәлем, !

-Сәлем, !

-Сен қайда тудың?

-Мен Қазақстанда тудым.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан үлкен мемлекет.

-Рәміздерін аташы.

-Ту, Елтаңба, Гимн.

-Сен Отаныңды жақсы көресің бе?

-Иә, мен Отанымды жақсы көремін.

-Сау бол, !

-Сау бол, !


X. Қорытындылау

- Балалар, біз енді Отанымыз туралы білімімізді қорытайық.

1. Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан.

2. Қазақстанның рәміздеріне не жатады?

3. Қазақсчтанның президенті кім?

4. Қазақстанның астанасы қай қала?

5. Астана қандай қала?



XI.Үйге тапсырма: Мақалдарды жаттап келу.

Бағалау.








































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!