Себепті қызығушылы- ғын ояту кезеңі | -бүгін зерек болып, алғырлық танытқан балаларға мына оюлар сыйға беріліп отырады. -мынау «ботагөз», «құс қанаты», «қызғалдақ» оюлары -әр сұраққа жауап берген балаға беретін боламын, ең соңында, кімде көп ою болса , сол бала «зерек» бала аттанатын болады. | -балалар дұрыс жауапқа ою алатындарына қуанады -оюлар атын атайды. -әр бала зерек бала атанғылары келеді. |
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі | -балаларға өнер туралы түсінік беру -қазақ халқында өнер көп. Соның бірі-айтыс өнері. Айтыстың түрлері көп. Соның бірі –жұмбақ айтыс. Ал бізге бүгін ақын Сара апамыздың жолық қуған Кәмшат атты қыз жұмбақ айтысымен келіп отыр. -сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің атым-Кәмшат. Менің бүгін сендерге ұлттық киім киіп, қонаққа келгенім тегін емес. Себебі жақында Наурыз мерекесі болады. -мен қазір жұмбақ жасырамын, егер жұмбақтың жауабын білсеңдер, айтыңдар. Дұрыс жауабы табылған жағдайда мен келесі жұмбаққа көшемін. Егер дұрыс болмаса жасырылған бұйымды сипататуды жалғастырамын. Жұмбақтар Бір ауызды бұйым бар Тіктөртбұрыш пішінде Затыңды аман сақтайды | -жұмбақ айтыс туралы түсінік алады -Кәмшат қуыршақыт қуана қарсы алады -балалар жұмбақтың мағыналарын мұқият тыңдайды -балалар жұмақты шешуді жақсы көретіндерін айтады |
| Салып қойсаң ішіне Көлемі болса, әртүрлі Орташа, үлкен, кіші де Оюлар зерлеп жасалған Қызығасың түсіне Айтыңдаршы, бұл не зат Көрпе жинайтын үстіне? Төрт аяқты қатты зат Беті тегіс, дөңгелек Үйімізде қолданар Заттың бірі ең керек. Сол бір заттың үстіне Дәмді тағам толады Дәм татам деп шетіне Жайғасады қонағы Аласа, биік түрі бар Бұл қандай зат болады? Мойны ұзын, әдемі Бар оның қос құлағы Он тоғыз перне мойнында тізіліп қатар тұрады. Екі ішіектен естілген Үні қандай ұнамды Әр қазақтың үйінде Төрде ілініп тұрады Кеудесі бар сопақша Бұл қандай аспап болады? Тобылғыдан жасалған Алты тұтам сабы бар Он екі, сегіз, төрт таспа Өрімдері тағы бар Екі қатар таспамен Сабы оралып торланған Ата-бабам бұл затты Ат үстінде қолданған Кім табады жауабын Жұмбағымның жолданған.? -ой балалар жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Сол үшін сендерге Наурыз мерекесі туралы айтып берейін. Наурыз-шығыс күнтізбесінде Жаңа Жыл басы деп саналады. Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеледі. Наурыз-жақсының жаршысы. Ынтымақтың белгісі, халық қастерлейтін бірігіп тойлайтын күн. -а | -еркем, еркем, еркем-ай Еркелеген, еркем-ай Бұл жұмбақтың жауабы Сандық болады екен ай -жауабы үстел -жауабы домбыра -жауабы: қамшы -балалар Кәмшат қуыршақтың Наурыз мерекесі туралы айтқандарын тыңдайды -Наурыз-қазақтың ұлттың мейрамы екенін түсінеді |
| -ал енді өздерің отбастарыңда бұл тойды қалай өткізесіңдер, соны айтып беріңдер. -сендердің аналарың мерекеде наурызкөже пісіре ме? -оған не қосатынын байқадыңдар ма? Сурет бойынша әңгіме -наурыз қай мезгілде келеді? -балаларға шығармашылық әңгіме құрастыруды ұсыну Билингвальды компонент: көктем-весна, үстел-стол, домбыра-домбра Тобылғы-ағаш. Оның бұтағынан қамшыға сап жасайды Сергіту сәті «Қаражорға» әуенімен Д/О: «Бір сөзбен ата?» Шарты: педагог бірнеше сөз айтып қолындағы добын кез келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала көп сөздердің бір сөзбен қалай аталатынын айтады да допты кері лақтырады. -өрік, шие, алмұрт -түлкі, қасқыр, қоян -шай, май, тұз -бет, мұрын, аяқ -қауын,қарбыз, сәбіз -үйрек, тауық,қаз -қызыл, жасыл, сары -әке, шеше, іні Дәптермен жұмыс №14 тапсырманы орындату | -балалар өз отбасыларында наурыз мерекесін қалай қарсы алатындарың әңгімелейді -наурызкөже пісіреді. Оған жеті түрлі тағам қосады. Тәрбиеші көмегімен жеті түрлі тағамды айтады -наурызда күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді. Малдар төлдеп, төлдерімен жайылып жүреді. Адамдар мерекеде ұлттық киімдерін киіп, Наурыз мерекесін қарсы алып тойлайды. -жемістер -аңдар -тағамдар -дене мүшелері -көкөністер -үй құстары -түстер -отбасы мүшелері -дәптердегі тапсырманы орындайды |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | -қане, кім көп оюлар жинады екен салыстырып, санап көрейік. -ең зерек бала марапатталады. -қуыршақ Кәмшатпен қоштасу -ҰОӘ қорытындылау | -балалар топтағы ең зерек баланы анықтайды. -қуыршақ Кәмшатпен қоштасып рахметтерін айтады. |