Саба?ты? ма?саты: Білімділік: Су туралы білімдерін ке?ейту, суды? ?асиетімен таныстыру, іс-т?жірибе жасау?а ?ызы?ушылы?ын арттыру. Суды? ?асиеттерін салыстыра отырып, таби?атта?ы суды? ма?ызын аша білу. Дамытушылы?: о?ушыларды? ой ?абілетін шы?дау, ?зіндік ойлау, ?аза? тілінде жаты? с?йлей білуге баулу, ?з пікірі, эстетикалы? тал?амы бар сауатты о?ушы даярлау, жеке т?л?а ?алыптастыру; Т?рбиелі?: о?ушыларды іздемпазды??а, ?йымшылды??а, ?зін-?зі бас?ару?а, ба?алай білуге, бір — біріні? пікірін ты?дау?а; су?а ?ам?орлы? жасау ?йрету, экология м?селелеріне назар аудару.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Су – тіршілік к?зі". 7 "А" сыныбы»
Пән: қазақ тілі сынып: 7 А, Б мерзімі: 05.04.2016
Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Су туралы білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс-тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Судың қасиеттерін салыстыра отырып, табиғаттағы судың маңызын аша білу. Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетін шыңдау, өзіндік ойлау, қазақ тілінде жатық сөйлей білуге баулу, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы даярлау, жеке тұлға қалыптастыру; Тәрбиеліқ: оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға, бағалай білуге, бір — бірінің пікірін тыңдауға; суға қамқорлық жасау үйрету, экология мәселелеріне назар аудару.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Типі: аралас сабақ
Әдісі: «миға шабуыл», диалогтік тәсіл, АКТ, аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру, көрсету әдістері, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, ойын, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Рефлексия парағы, ватмандар, фломастерлер, қима қағаздар, доп.
Ұжымдастыру формасы: топтық жұмыс
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: сыныппен сәлемдесу. Сыныптағы оқушылардың дайындығын тексеру
— Сыныпта кім кезекші?
— Сыныпта кім жоқ?
— Бүгін нешесі?
— Бүгін қай күн?
— Бүгін ауа-райы қандай?
— Ертең қандай болады деп ойлайсыңдар?
Мотивациялық қозғаушы: Қане қарап тұрмайық, шаттық шеңбер құрайық.
Балалар шаттық шеңберге тұрады. Бәрі бірге:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен бүгін келген қонақтарға иіліп салем береміз.
ІІ. Тақырыпқа шолу: «Миға шабуыл» әдісі
Қанатты сөз «Сусыз тіршілік жоқ»
— Сөйлемді оқыңдар
— Бұл қандай сөйлем деп ойлайсыңдар?
— Не үшін осы мақалды алып отырмын деп ойлайсыңдар?
— Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
— Тақырыбы «Сусыз тіршілік сөз».
А) Сөздіқ жұмысы.— Ал енді жаңа сөздермен танысайық, сөздіқтерге жазыңыз.
Баға жетпес — бесценно;
Суару — поить;
Мал шаруашылығы — скотоводство;
Өнеркәсіп — промышленность;
Құдық — колодец;
Қатты қөніл бөлген — уделяют особое внимание;
Лайламау — не загрязнять;
Ластамау — не загрязнять;
Сабама — не бить;
Шошыту — пугать.
— Ал енді балалар, айтыңызшы су туралы не білесіңдер? Кластер толтыру. «Су» сөзіне
Балалар біз су туралы ырымдар, мақал-мәтелдер, тиым сөздер білетін едік қой. Қане, кім айтады?
Суға түкірме.
Түнде судың бетін ашық қалдыруға болмайды.
Бұлақты жер, тұрақты жер.
Сулы жер — нұрлы жер.
Сусыз өмір тұссыз аспанмен тең.
Су — дүниенің басы.
Су — табиғат ажары.
Су — тазалық досы.
Сусыз өмір жоқ.
Кірдің суын басуға болмайды. Барлық жаманшылық кірдің суымен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
ІІІ. Мәтінмен жұмысы.
— Балалар енді мәтінді оқимыз.
— 1 топ тапсырмасы: мәтінді оқып, жаңа сөздерді жазып, мәтінді аударамыз.
— 2 топ тапсырмасы: мәтінді оқып, ол бойынша сұрақ құрастырамыз.
Су-тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін, ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.
«Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез — келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», — деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао — Цзы жазған болатын.
ІV. Дәптермен жұмысы: — Ал енді балалар жаңа сөздермен сөйлемдерді құрастырып, сосын талдау жасаймыз. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді, аңықтаймыз.
V. Рефлектік жұмыс: — Алдарыңызда тұрған стикерлерге не түсінікті, не түсініксіз болды бүгінгі сабақта жазып, тақтаға смайликтардың астына жабыстырыңыз.
VI. Қортынды
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқандары үшін тілек жазылған су тамшысын таратып беру.