СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Дала өсімдіктері мен жануарлары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ. Сабақ тақырыбы: "Дала өсімдіктері мен жануарлары" 4- сынып №201 мектеп-лицей

 

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Тақырыбы: "Дала өсімдіктері мен жануарлары"»



Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары

Пәннің атауы: Дүниетану

Мұғалімнің  аты-жөні: Пірімжанова Шаттық     Күні: 12..02.2019 ж

Сынып: 4 «В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағұлматтар беру.

Сабақтың міндеті: 

1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру.

2. Өз ойларын еркін айта білуге қабілетін, білімін, ой-өрісін дамыту.

3. Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1-деңгей (білу, түсіну):

   Шалғын туралы түсініктемелерді біледі

2-деңгей (қолдану, талдау):

   Шалғын өсімдіктері мен жануарларын ажыратып талдай алады.

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

   Қосымша тапсырмаларды орындап, талдай алады

Тілдік мақсат:

   Өсімдіктер мен жануарлардың жаңа атауларын дұрыс атай білуге, пікірлерін талқылауға үйрету. ЖОТА

Ресурстар:

   «Таза тақта», «Рас па?», Сематикалық карта, тест жұмысы, «Бес бармақ» әдісі

Пәнаралық байланыс:

   Математика, әдебиеттік оқу, бейнелеу, өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу:

   Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік мекен жағдайларына бейімделуі

Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

   Психологиялық дайындық.

 Бұлақтай мөлдір таза бол!

Жұлдызың жарық болсын!

Айың оңыңнан тусын!

Көңілің көлдей шалқысын!

Гүлдей жайнай бер!

Таудай талап бер!

Қызғалдақтай құлпыра бер!

Алтын дәнді даламыз бар,

Ақ күмістей қаламыз бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Ана, бала, қала, дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар, сай – сала.
Бүкіл әлем аманбысың, жамағат?
Халық даналығы:
Біз ата – бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық...
Сыныпты топқа бөлу.

I топ «Қызғалдақтар» тобы

II топ «Қыран» тобы

III топ «Барыс» тобы

 

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

«Таза тақта» стратегиясы

  I топқа сұрақтар:

1.Көгал дегеніміз не?

2.Шалғын дегеніміз не?

3.Шалғындар қандай жерлерді алып жатады?

4.Шалғында қандай өсімдіктер өседі?

II топқа сұрақтар:

1.Шалғынның қандай пайдасы бар?

2.Жаздың басында шалғындағы шөп қандай болады?

3.Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер кездеседі?

4.Қандай бунақденелілер мен кеміргіштер өмір сүреді?

III топқа сұрақтар:

1.Шалғын неліктен қорғауды қажет етеді?

2.Шалғындағы бөдененің тіршілік ету ортасы қандай?

3.Шалғынның табиғи бірлестік екенін дәлелде?

4.Шалғынға өсімдіктердің қандай пайдасы бар?



Дұрыс жауаптарға

1 балл қойылады   Топтық жұмыс

2-деңгей (қолдану, талдау):

 Оқушылар өз бетінше салып келген суреттерін қолданып, талқылайды.

Дұрыс жауаптарға

2 балл қойылады Жұптық жұмыс

3-деңгей  (жинақтау, бағалау)

Өздері тұратын жердің аймағы жайында дайындаған тірек сызбаларын дәлелдеп, өз ойларын жинақтап шығады.

Үй тапсырмасын бекіту кезеңі.

«Сәйкесін тап!» ойыны

Дұрыс жауаптарға

3 балл қойылады                     Топтық жұмыс

Жаңа сабақ 

12 минут

  Жаңа сабақ.

Ой қозғау!

Ертегі:

Ерте, ерте, ертеде ме, бәлкім осы күндері ме. Кең даланың төрінде, дүниетану жерінде, дала деген бір қария өмір сүріпті. Қарияның – қазжуа, жауқазын, жусан, мыңжапырақ, сарыбас жоңышқа деген әсем қыздары мен қоянбек, тышқанбек, бозторғайбек, қасқырғали және борсықғали деген ұлдары болыпты. Олар кең далада емін еркін тату-тәтті өмір сүріпті. Қарияның қыздар көктем шыққанда құлпырып, ұлдар қорек жинау шаруашылығына кіріседі екен.

Сұрақ қою: Бұл ертегі не туралы деп ойлайсыңдар? Оны қайдан білдіңдер?

(Даланың суретін ілемін)


IV Қызығушылықты ояту.

   Жұмбақтар                                                                                    
   1. Дала кілемі не?
(Шөп-трава-grass, өсімдіктер-растение-plant)
  
Құстай ұшады,
Құландай жортады,
Қойдан да қорқады.  

(қоян-заяц- hare)

Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас.

(тасбақа-черепаха turtle)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

(түлкі-лиса-fox)

Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елде іздейді,

Малдан күдер үзбейді.

(қасқыр-волк-wolf)

Бейнебаян: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Сөздік жұмыс:

Дала-степь-steppe
Өсімдік-растение-plant
Жануар-животный-animal

Жаңа сабақты түсіндіру. Дала – ормансыз жазық алқап. Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды. Далалы аймақ 7 облыс жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 30% - ға жуығы. 2. Картамен жұмыс.Олар: Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Астана, Қарағанды.Дала-ылғалды қуаң дала, шөл дала болып бірнеше түрге бөлінеді.Қуаң даланың сәнге бөленетін кезі –көктем.Қар суымен ылғалданып ,шөбі көкмайса болып,көз тартады.Көктемде даланы сары гүлді қазжуа мен жауқазындар жауып кетеді.Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жиналған жуашықтары бар.Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде жер бетіндегі мүшелері кеуіп қалады.Ал жуашықтары топырақ арасында жаз, қыс бойы сақталып,көктемде тағы көктейді.Қуаң дала көбіне мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Изен, бұтақараған,көкпек пен теріскен сияқты бұталар,боз,бетеге,жусан,ботагөз,мыңжапырақ, сарыбас жоңышқа сияқты өсімдіктер кездеседі.Бозторғай,бүркіт,суыр,борсық,дала тасбақасы,саршұнақ,тышқан,түлкі,қасқыр,қарсақ,ор қоян сияқты жануарлар мекендейді.Қосымша материал бойынша суырлар тіршілігі жайлы баяндау.Шағын төмпешіктер байқасаң,олар суыр төмпешіктері. Суырлар үйір-үйір боп мекендейді. Суыр төмпешіктері едәуір қомақты болады.оның көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м дейін жетеді.Суыр шөптекті өсімдіктермен қоректенеді. Борсық өсімдік тұқымдарымен ,сабақтарының шырынды ,жұмсақ бөліктерімен және жәндіктермен қоректенеді. Ол жем іздеуге түнде шығады.

Оқулықпен жұмыс.Оқушылар тізбектей оқиды.Шығармашылық тапсырма. (Әр топ өз топтары бойынша постер қорғайды) 

Дәптермен жұмыс:Дала өсімдіктері мен жануарларын жазу.

Топтық жұмыс: Постер қорғау.

   VI Сергіту сәті.  

Жануарлар мен өсімдіктер туралы қызықты деректер.

Топтарға бейнесұрақ: Биология, география мұғалімдерінің сұрақтары:1 топ: Даланы неліктен ормансыз алқапдейміз,өздерің қалай ойлайсыңдар?- Себебі,ол жерлерде көп ағаштар өспейді.Көбінесе бұталар өседі.2 топ: Далада неге көп ағаштар өспейді ? -Себебі,ол жерлерде өзендер мен көлдер сирек кездеседі.3 топ:Дала өсімдіктері мен жануарларына қандай қауіп-қатерлер төніп тұр?-/өрттен,дауылдан,бостан босқа аулаудан,/

Экологиялық есептер:

1-топ.Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі – орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктермен тышқандарды жейтін болса, 1 аптада қанша зиякестерді жей алады? 7 кг

 

2-топ.Үйде 9 тауық бар. Тауықтар күніне 900гр жем жейді. Оған Ерлан күніне 1кг жем салады. Ерлан неше күннен кейін жем салмаса болады? 9

3-топ.Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш маралға неше кг шөп керек? (36)

«Бұл не?» ойыны

   VII  «Рас па?» стратегиясы

  1. Далалы аймақта бұталар өсетіні рас па?

  2. Далалы аймақта бүркіт мекендейтіні рас па?

  3. Бозторғайдың жануар екені рас па?

  4. Адамдардың далаға мал жаятыны рас па?

  5. Далада қасқырдың көп кездесетіні рас па?

  6. Дала үстінде бүркіттің шарықтап ұшатыны рас па?

  7. Боз,бетеге,жусан,ботагөз,мыңжапырақ, сарыбас жоңышқа өсімдіктер екені рас па?

8.Дала-ормансыз жазық алқап екені рас па?
9.Саршұнақ кеміргіш екені рас па?
10.Далалы аймақта тышқан суыр, тасбақа, ор қоян, қарсақ, түлкі мекендейтіні рас па?

 

   VIII  Семантиткалық карта толтыру (жұптық жұмыс)

                   

Жұптық жұмыс және  топтық жұмыс

Сабақты бекіту 15 минут 1-деңгей

(білу, түсіну):

«Сабақты тест жұмысы арқылы бекіту»

   1. Ормансыз жасыл алқап?
 А. Көгал     
 Ә. Шалғын  
 Б. Дала

   2. Дала өсімдіктері:
 А. Раушан, қызғалдақ    
 Ә. Балшатыр, қоғажай   
 Б. Жусан, жоңышқа

   3. Далалы алқапта қандай құс көп кездеседі?
 А. Бүркіт      
 Ә. Қарға       
 Б. Қарлығаш

   4. Далалы алқапта өз тіршілігіне қажетті жағдайлардың бәрін табатын жануарларды ата?
 А. Барыс, аю
 Ә. Саршұнақ, көртышқан            
 Б. Жолбарыс, түлкі

   5. Далалы алқапта қандай құстар көп кездеседі?
 А. Қоңыз, көкшегіртке, түкті ара     
 Ә. Бозторай
 Б. Қарақұйрық, сұркелес

6. Қуаң далада өсетін бұталар?
 А. жоңышқа    
 Ә. Бұтақараған   
 Б. жусан

   7. Дала өсімдіктерін тап?
 А. Ботагөз, қазжуа
 Ә. Күреңот, жұпаргүл
 Б. Жүзім, өрік

   8. Далада мекендейтін жануарлар?
 А. қасқыр     
 Ә. бөдене        
 Б. қоңыз

Үйге тапсырма.

 

2-деңгей (қолдану, талдау):

   Топтар бірін-бірі қолданған жұмыстарын талдайды

 

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

  Топтар бірін-бірі бағалайды және ұпай сандарын шығарады.

 

Үйге тапсырма

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)  Дала өсімдіктері мен  жануарлары туралы ізденіп келу

 

2-деңгей (қолдану, талдау):

Өз жеріндегі дала өсімдігінің бір түрін алып оның ерекшелігін айту және оны талдау ұсынылады

 

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған  тапсырмалар )

Ребус, жұмбақ, эссе жазып келу беріледі.

 

Бағалау

 

 

Кері байланыс

Рефлексия «Бес бармақ» әдісі 

   1. Бүгінгі тақырып не туралы болды?
   2. Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
   3. Сабақта қандай сезімде болдың?
   4. Тақырыпқа не қосар едің?
   5. Тақырыптан қандай үлгі алдың?

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда  не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен  сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда  не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? 

 



































Бекітемін:

Сыныбы: 4 «А,Б»

Күні:  11.03.2019 ж

Пәні: Дүниетану


Сабақ тақырыбы

Еліміздің егеіншілік шаруашылығы


Сілтеме

Дүниетану оқулығы  4 сынып  Алматы 2015ж      

Авторлары:  Аймағамбетова  Қ. Ким Н.А.  Мырзақанова Г.Д. Напалкова Т.Г.

Әдістемелік құрал

Интернет желісі, Қазақстанның физикалық картасы. Сабақ  жоспары  Презентация, бейнеролик


Жалпы мақсаты

Қазақстандағы егіншілік пен  малшаруашылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер

   Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Оқушының білімі тереңдейді.

Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағды қалыптасады.

Оқушының оқуда проблемаларды шешу қабілеті артады.


Негізгі идеялар

Қазақстандағы егіншілік пен малшаруашылығы туралы білу және олардың қандай пайдасы бар екендігін ұғындыру.


Тапсырмалар

(сабақтың жүрісі)     

үй тапсырмасы, қызығушылықты ояту кезеңі, мағынаны тану кезеңі, сергіту сәті, ой толғаныс кезеңі, рефлексия, үйге тапсырма, бағалау



Дереккөздер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқытуды басқару және көшбасшылық.


Әдіс-тәсілдер:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; «Стикердегі диалог» әдісі,

 «Ой қозғау» әдісі, тест  топтық жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Миға шабуыл, «Сәйкестендіру», «Семантикалық карта», «Концептуалды кесте»,


 

Қолпаштау, «басбармақ», Смайликтерді сөйлету, бағдаршам


Құрал – жабдықтар

АКТ құралдары: Интернет, мультимедиа, карта,  плакат, постер, түрлі – түсті бояу, ресурстар, стикер, топ ережесі


                                               Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастырушылық кезеңі

 

Кіріспе

 

Топтарға бөліну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

І. Психологиялық дайындық.
Табиғат сен - тіршілік тұнып тұрған,
Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
Сен - көлсің, сен өзенсің, сен ормансың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған – деп сабағымызды бастайық.

Табиғатта сезім де,құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

Тренинг.  Балалар шаттық шеңберге тұрады. Бәрі бірге:

І- топ. Егін шаруашылығы

ІІ- топ. Қой шаруашылығы

ІІІ – топ. Жылқы шаруашылығы

ІV- топ.  Түйе шаруашылығы

V – топ  Құс шаруашылығы

  Топ басшысын тағайындайды, топ ережесін шығарады.

Сабақтың мақсатын  қою

Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.

Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып,

5 топқа бөлінеді.

топ ережесін шығарады.

Проблемалық сұрақ қою:

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

5 мин    

Малшаруашылығы мен егін шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты деп айтуға бола  ма? Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында қандай мамандық иелері жұмыс істейді? Ауыл шаруашылығына не жатады?- сұрақтар арқылы  білімімізді тереңдетіп  толықтырмас бұрын сендермен үйге берілген тапсырманы тест арқылы тексеріп өтейік.

Тау өсімдіктері мен жануарлары.

Тест

Тау беткейінде нелер өседі?

а) алма,алша  ә )терек  б) балқарағай,майқарағай

Өзен,көл,батпақ не деп аталады?

а)көл     ә) су       б) суқойма

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ауысу заңдылығын не дейміз?

а)тау беткейі            ә)  биіктік белдеулері          б)  дала

Жер астында  терең орналасқан  суды қалай атайды?

а)  бұлақ        ә)  артезиан суы          б)  өзен

Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда не өседі?

а)гүл      ә) балдырлар      б) жапырақ

Оқушылар

өткен тақырып бойынша стикердегі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді. 

Бірін - бірі бағалау.  

І- топ: Смайликтармен бағалау

ІІ – топ: Бағдаршам

арқылы бағалайды

ІІІ топ: Бармақпен бағалайды.

ІV- топ: Смайликтармен бағалайды.

Қызығушылықты ояту кезеңі   

 

 

 

4 мин

  1. ІV. Бейнеролик тамашалау.

  2. Жаңа сабаққа кіріспе.

  3. Оқушылар пікірін айтады.
    - Құс өсіру, көбейту дегенді қалай түсінесіңдер?
    - Қандай шаруашылықтарды білесіңдер?
    Сызба бойынша ауыл шаруашылығы салаларымен таныстырады.
    АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ... ЖАТАДЫ.
    1. Құс өсіреді ----- құс шаруашылығы
    2. Ара өсіреді ---- ара шаруашылығы
    3. Балық өсіреді ---- балық шаруашылы
    4. Жануарлар өсіреді ---- мал шаруашылығы
    5. Өсімдік өсіреді ------ өсімдік шаруашылығы
    Бір сөзбен қалай айтамыз
    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
    Презентация арқылы.Егін алқабы

    - Қазақстан -  кең  байтақ  өлке.  Ол  Еуразияның  ең  ірі  мемлекеттерінің  бірі.Қазақстан  астыққа бай, түсінік беру.  
 (Дәптерге жаздыру)

2) Өзіміздің тұрған жерімізде қандай ауылшаруашылық  дақылдары  өсіріледі?
3) Өсімдіктерді өсіру үшін қандай жағдайлар керек?

4) Қызылкітапқа қандай өсімдіктер мен жануарлар кіреді?

 

 

 

Назар аударады.

Тыңдайды

Кітаптағы мәтінді оқып, танысады.

 

 «Ой қозғау»     

 

 

 

 

Жаңа сабақты

Негізгі

бөлім

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

«Зерттеушілік әңгіме» әдісі

Балалар, сіздер өз топтарыңыздың нені білдіретінін білесіздер ме? Ойланып көрейік, әр топ мүшесі осы шаруашылық туралы не білесіңдер?  Тақырып бойынша тапсырмалар беріледі:

  • 1 топ  Егіншілік туралы ақпарат жинау”

  • 2 топ  Қой шар- ғы туралы ақпарат жинау”

  • 3 топ  Жылқы шаруашылығы туралы ақпарат                 жинау”

  • 4 топ  Түйе шаруа- ғы  туралы ақпарат жинау                     

  • 5 топ  ” Құс шаруаш-ғы туралы ақпарат жинау. 

Сен білесің бе? Қосымша деректер топтарға таратылады

 - Тек екі жануар ғана мойын бұр­май-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс.

 - Түйеге қарағанда, керік шөлге шы­дамды келеді.

 - Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.

 - Ит онға жуық, мысық жүзден ас­там дыбыс түрін шығара алады. 

 - Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді.

 - Жылқының сүйегі адамдікінен 18-ге артық.

 - Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек. 

 - Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.

Бес жолды өлең

Оқушылар өздерінің білетіндерін айтып шығады. Суреттерін көрсетеді.

 

 

 

Топпен жұмыстанады. Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді. Жұмыстың соңында топтар бірін – бірін бағалайды.

Түрткі сұраққа  жауап бере отырып, өз ойларын дәлелдейді.

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 Қорытындылау   Тест жұмысы.

1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –
А) Қазақстан
В) Ресей
С) Австралия
2. Елтаңбада қай түлік түрі бейнеленген?
А) Түйе
В) Қой
С) Жылқы
3. « Шөл дала кемесі» деп нені айтамыз?
А) Түйе
В) ешкі
С) Қой
4. Жылқы пірі
А) Ойсылқара
В) Зеңгі баба
С) Қамбарата
5. Әйгілі күріш өсіруші кім?
А) Шығанақ Берсиев
В) Ыбырай Жақаев
6. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?
А) қаз
В) тауық, күркетауық
С) шағала

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

Суреттер беріледі. (өз тобына байланысты)

Бүгінгі  сабақ туралы ойларын білдіреді.

     Бағалау

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.

Әр топтан бағалаушы оқушылар бағалау парағын тапсырады.

 

 

Ойларын жазады.  

Бағалау

Басбармақ әдісі арқылы бағалау Формативті бағалау. Әр топ жауап берген соң қолмен шапалақтап отырады, бірін – бірі ауызша бағалау.

Балалар басбармақ арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма

   Егіншілік пен малшаруашылығы тақырыбын оқу, мазмұнын айту.

Күнделіктеріне үй тапсырмаларын жазып алады.

Келесі оқу

   Малшаруашылығын дамыту туралы қызықты материалдар жинастыру.

 

Сабақты талдау

   Топ жұмыстарын талдау, жеке жұмыстарын талдау.

 

Сабақтар бойынша өзгертулер

   (сабақты талдаудан шыққан ой–пікір.)